Зерттеудің жаңашылдығы, дербестік дәреже
Жоба туралы мәлімет
Аймақ
Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы
Мектеп
№5 жалпы орта білім беру мектебі
Жоба авторы
Жұбатханова Камшат, 10-сынып оқушысы
Секция
Әдебиет
Жоба тақырыбы
Ілияс Есенберлиннің «Көшпенділер» романындағы фразеологизмдер
Бағыты
Қазақстанның тарихи ескерткіштері және болашақ дамуы бар саяхат маршруттары
Ғылыми жетекшілік
Ғылыми жетекші
Дүйсенбаева Жанбибі — филология ғылымдарының докторы, профессор
Жетекші
Садирова Сауле — қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Абстракт
Бұл зерттеу Ілияс Есенберлин шығармаларын оқи отырып, олардың жалпы сипатын ашуға, тарихпен байланысын нақтылауға және қаламгердің жаңашылдығы мен шыншыл болмысын тереңірек пайымдауға бағытталған. Сонымен қатар «Көшпенділер» романындағы фразеологизмдерді анықтап, олардың мағынасын айқындау көзделеді.
Зерттеудің мақсаты
Ілияс Есенберлин шығармаларына жалпы сипаттама беру, олардың тарихпен сабақтастығын көрсету, жазушының жаңашылдығы мен шынайы болмысын тереңірек ашу. Романдағы фразеологизмдерді тауып, мағынасын нақтылау.
Зерттеудің болжамы
Ілияс Есенберлин шығармаларының тақырыптық ауқымы кең. Ондағы ең биік ұстаным — шыншылдық: кейіпкер болмысын және көріністің әр сәтін айрықша көркемдікпен суреттеу арқылы тарихи шындықты терең жеткізу.
Зерттеу кезеңдері
- Тақырып бойынша І. Есенберлиннің өмірі мен шығармаларымен толық танысу.
- І. Есенберлин туралы зерттеу еңбектеріне шолу жасау.
- Қажетті мәліметтерді жинақтау, іріктеу және жоспар құру.
- Ғылыми жобаны жүйелеп дайындау.
Эксперимент әдістемесі
І. Есенберлин шығармаларындағы тақырыпқа сәйкес идеялық арналар мен патриоттық өрнектерді анықтау, оларды талдап, жүйелі баяндау және нақты мысалдармен тұжырым жасау.
Зерттеудің жаңашылдығы және дербестік деңгейі
- І. Есенберлиннің тарихи шығармаларын саралау арқылы оның ұстанымындағы шыншылдық пен көркемдік қоғамды оң бағытқа бұрудағы маңызды құрал екені тұжырымдалды.
- Фразеологизмдердің мағыналары айқындалып, топтастырылып, талданды; мазмұндық мәні ашылып, қазақ халқына тән дүниенің тілдік бейнесі көрсетілді.
- Оқушылар арасында тәжірибе жүргізіліп, трилогияның маңызы түсіндірілді; ұсыныс-пікірлер тиісті мекемелерге жолданды.
- «Көшпенділер» тарихи трилогиясындағы фразеологизмдердің шебер қолданысы шығарманың этномәдени және тарихи мазмұнымен тұтастықта өрілетіні нақтыланды.
- Жазушы шығармаларын зерттеу арқылы оның мұрасын танытуға бағытталған жаңа бастамалар ұсынылды.
Нәтиже және қорытынды
Зерттеу нәтижесінде қазақ әдебиетінің біртуар тұлғасының шығармашылығы тақырыптық қырынан зерделеніп, оқушылардың төл туындыға деген көзқарасын жақсарту және оларды зерттеу жұмысына бейімдеу мүмкіндіктері айқындалды.
Практикалық қолдану салалары
- Зерттелген нысан ғылыми-теориялық негіздерді нақтылауға белгілі дәрежеде үлес қосады.
- Талдаудан өткен тілдік деректерді қазақ тілінің түсіндірме және фразеологиялық сөздіктерін құрастыруда пайдалануға болады.
- Әдебиетсүйер қауымға, ұрпақ тәрбиесіне және мұғалімдерге зерттеу қорытындыларын көрнекі құрал ретінде ұсынуға болады.