Балалар мынау қандай бұрыш
Жамбыл облысы, Т. Рысқұлов ауданы, Құлан ауылы — «Балауса» балабақшасы
Тәрбиеші: Даулеталиева Зоя Мырзахановна
Топ: «Құлпынай» орта тобы
Оқу іс-әрекетінің бағыты
- Білім саласы
- Таным
- Бөлім
- Математика
- Тақырыбы
- Пішіндер
Мақсаты
Балалардың қарапайым математикалық дағдыларын қалыптастыра отырып, сандар туралы түсінігін тереңдету. Геометриялық пішіндерді тануға, ойын арқылы пішіндерден бейне құрастыруға, тура және кері санауға, санның реттік орнын есте сақтауға үйрету. Шығармашылық ойлау қабілетін дамыту.
Көрнекі құралдар
- Сандар
- Геометриялық пішіндер
Құрал-жабдықтар
- Шиыршықтар (шилар)
- Үлестірмелі пішіндер
- Қалам
- Ермексаз
- Субояқ
Билингвистикалық компонент
Шеңбер
круг
Төртбұрыш
квадрат
Үшбұрыш
триугольник
Сабақ барысы
Мотивациялық-қозғаушы кезең
Психологиялық дайындық: бүгін ерекше күн — оқу іс-әрекетімізге қонақтар келіп отыр. Қонақтармен сәлемдесеміз.
Жақсы тілектер
- Еліміз аман болсын!
- Аспанымыз ашық болсын!
- Мейірімді болайық!
- Деніміз сау болсын!
Балалар бір-біріне жылы лебіз білдіріп, достық пен ынтымақты көрсетті. Тілектер қабыл болсын!
Іздену-ұйымдастырушы кезең
Балаларға «Ғажайыптар әлемінен» хат келеді. Хатта: балалардың ақылды, әдепті екені айтылып, ой ұшқырлығын тексеруге арналған тапсырмалар геометриялық пішіндерге жазылғаны хабарланады.
Тапсырмалар
- 1 Төртбұрыш: «Адасқан сандарды» ретімен орналастыр.
- 2 Үшбұрыш: 5-ке дейін тура сана және кері сана.
- 3 Шеңбер: санамақты білесің бе?
Дидактикалық ойын: «Тап және ата»
Үстелде үлкен-кіші, әр түсті пішіндер жатады. Тәрбиеші атаған пішінді балалар тауып береді.
Қимылды ойын: «Өз үйіңді тап»
Әр бала үстел үстінен өзіне ұнаған пішінді алып, сол пішіннің «үйін» тауып отырады.
Сергіту сәті
Оң қолымда бес саусақ,
Сол қолымда бес саусақ.
Алақанды ашамыз,
Бесті-беске қосамыз.
Орталықтар бойынша жұмыс
Балалар ойын арқылы үш орталыққа бөлінеді және саусақ жаттығуын орындайды. Әр орталықта берілген пішінге сәйкес шығармашылық жұмыс жасайды.
Төртбұрыш — Жапсыру орталығы
Үйдің бейнесін жапсырады.
Үшбұрыш — Бейнелеу орталығы
Шыршаның суретін салады.
Дөңгелек — Мүсіндеу орталығы
Ермексаздан доп мүсіндейді.
Күтілетін нәтижелер
Не алды
5-ке дейін ретімен және кері санай алды.
Не білді
Геометриялық пішіндер туралы түсінік қалыптастырды.
Не істей алды
Пішіндерден үй жапсырып, шыршаның суретін салып, доп мүсіндей алды.
Құжаттың толық нұсқасы қажет пе?
Толық нұсқасын жүктеу