Атадан қалған мұра көрмесі
Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Төретам кенті
№4 «Күн-нұры» балабақшасының тәрбиешісі: Жиенбаева Гүлнәр Қуантайқызы
Тақырыбы
Бала — бақыт, бала — қуаныш
Көрнекілік
Нақыл сөздер жазылған плакаттар
Мақсаты
Негізгі ниет
Ата-аналар мен балаларды сайысқа қатыстыра отырып, баланың ата-ана өміріндегі маңызын айқындау және ата-ананың бала тәрбиесіндегі рөлін көрсету.
Тәрбиелік бағыты
Балабақшамен ынтымақ пен бірлікті күшейту, ата-ананы сыйлауға, қадірлеуге және татулыққа тәрбиелеу.
Отбасы — ұрпақ жалғастыратын алтын өзек
Отбасы — бір түбірден тараған берекелі бәйтерек. Адам баласы шыр етіп дүние есігін ашқан күннен бастап, сол ортаға бейімделіп, оның ықпалымен ер жетеді.
Бала — бақыт, бала — қуаныш. Ол — өмірдің жалғастырушысы. Ал ата-ана — демеуші де, тәрбиелеуші де.
Әке — асқар тау, ана — мөлдір бұлақ, бала — жағасындағы құрақ.
Тәрбие тал бесіктен басталады. Әке мейірімі мен қайратына сусындап, ана сүтінен нәр алып, әке ұлағаты мен ана тағылымын көріп өскен ұрпақ елін, жерін, халқын сүйетін ұлтжанды тұлға болып қалыптасады.
Тәрбиешінің құттықтау сөзі
Жиналыппыз сәтті күн бәріміз де, Үлкен-кіші — жасымыз да, кәріміз де. Төрлетіңдер, қадірлі қонақтарым, Гүл-гүл жайнап мына біздің төрімізге.
Әділ қазылар туралы
Әділ қазылар өнеріне қарай сыйлықты бағалап, кімнің өнерлі, кімнің мықты екенін анықтайды.
Шаттық шеңбері
Көңіл көтерер, бірлік бекітер жылы атмосфера қалыптастыру үшін «Шаттық шеңбері» жасалады.
Отбасылық сайысқа кіріспе
Бәйге жарыс деген соң жарысайық, Мәреде бәрімізге табысайық. Бұл байқауды «Бисмилла» деп бастау үшін, Алдымен әулеттермен танысайық.
Он саусақтан өнер тамған шебер болу — керемет: Өлең айтып, би билеп, текемет те жасайды. Өнеріңді көрсетші, әулеттерім, кәнекей — Сөз берейік әулеттерге жекелей.
Сайысқа қатысатын отбасылар
1) «Шаңырақ» тобы
- Әкесі:
- Мырзағұлов Қонысбек
- Анасы:
- Абжан Қызы Алтын
- Тәрбиеленуші:
- Қонысбекқызы Ақниет
2) «Ұлағат» тобы
- Әкесі:
- Оразбаев Бағлан Шыңғысқанұлы
- Анасы:
- Бакирова Айгүл Ерғалиқызы
- Тәрбиеленуші:
- Шыңғысқан Диляра
3) «Тұлпар» тобы
- Анасы:
- Темірханова Майра Рашидқызы
- Тәрбиеленуші:
- Кеңесов Ерасыл Нұрланұлы
4) «Сұңқар» тобы
- Анасы:
- Айбергенова Көркем
- Тәтесі:
- Орқараева Лаура Сабырқызы
- Тәрбиеленуші:
- Байдәулетова Перизат Жанқабылқызы
Көп сөйлеп жөн-жобадан аспайық біз, Қандай сайыс болса да қашпайық біз. Ал енді, сіздер рұқсат етсеңіздер, Отбасылық сайысты бастайық біз.
Сайыс кезеңдері
-
I кезең
«Сұрасаң — менің тегім»
-
II кезең
«Шебер қолдар»
-
III кезең
«Өнерлі отбасы»
-
IV кезең
Ситуациялық сұрақтар
-
V кезең
Сахналық көрініс
-
VI кезең
Сән үлгісі
-
VII кезең
Үй тапсырмасы: «Атадан қалған мұра» көрмесі
Кезеңдердің мазмұны
I кезең: «Сұрасаң — менің тегім»
Бәйгенің аттарындай шабыстыра, Білімнің ұшқыр болсын табыстары. Қол соғып, қошеметтеп отырайық — Отбасылар бүгін сайысқа түседі.
Әр отбасы өзін таныстырады.
II кезең: «Шебер қолдар»
Даусың қандай сырлы еді, Табиғатың таңдатқан. Көркің қандай нұрлы еді, Таң шолпанмен астасқан.
Қатысушылар қолөнерін, шеберлігін көрсетеді. Көрермен қошеметпен қол соғады.
III кезең: «Өнерлі отбасы»
Жанұя — жас ғұмырдың талғамысың, Қуантқан әрбір үйдің арманысың. Дәл бүгін қанат қағып, сыңарыңмен Сан сұрақтан сүрінбей самғап ұшқын.
Ән айту, би билеу, көркемсөз оқу сияқты өнерлер ұсынылады.
IV кезең: Ситуациялық сұрақтар
Сіздерге айтар мәні бар, Ата салтын құрметтеп. Ақтай білсең ата-баба үмітін — Әрбір сөзі тәлімі мол бір мектеп.
Қатысушылар берілген жағдаяттарға жауап беріп, тәрбиелік шешім ұсынады.
V кезең: Сахналық көрініс
Ал, халайық, ықыласпен демелік — Сахналық көріністі көрейік.
Отбасылар қысқа қойылым арқылы өмірлік жағдайларды әсерлі жеткізеді.
VI кезең: Сән үлгісі
Адам көркі — шүберек, Ағаш көркі — жапырақ.
Отбасылық сән үлгісі таныстырылып, қазылар әділ бағасын береді.
VII кезең: Үй тапсырмасы — «Атадан қалған мұра» көрмесі
Отбасылар атадан қалған мұраға қатысты бұйымдарын, қолөнер үлгілерін немесе отбасылық құндылықтарды таныстырады.
Қорытынды
Сайыс қорытындысын жариялау үшін сөз кезегі әділ қазылар алқасына беріледі.
Бала — біздің болашағымыз, бауыр етіміз. Көктемнің шаттық күніндей жауқазындай жайнап, қызғалдақтай құлпырып жүре беріңіздер!
Осымен бүгінгі отбасылық сайысымыз аяқталды.