Халықаралық тіл қандай тіл
Астана қаласы, №64 мектеп-лицейі
Бастауыш сынып мұғалімі: Арыстанова Қарлығаш Ақылбекқызы
«XXI ғасыр көшбасшысы» интеллектуалды ойыны
Бұл ойын 3-сынып оқушылары арасында ұйымдастырылып, білімді жүйелеу, жылдам ойлау, сауатты сөйлеу және қазақ тіліндегі білімді өмірде қолдану дағдыларын дамытуға бағытталған.
Мақсаты
- Оқушылардың әр саладағы білімін кеңейту, білім деңгейін және шығармашылық ізденісін байқату; қазақ тілінен және өзге пәндерден алған білімдерін өмірде қазақ тілінде қолдануға үйрету.
- Сұрақтарға толық жауап беру дағдысын қалыптастыру; сөйлеу шеберлігін жетілдіру және белсенділігін арттыру.
- Ойынға қызығушылығын күшейту, ынталандыру.
Құрал-жабдықтар
- Суреттер мен сұрақтар (компьютер арқылы көрсетіледі)
- Житондар
- 1–14 сандары
- Кесте
Әдіс-тәсілдер
- Ойын әдісі
- Сұрақ-жауап
Іс-шараның барысы
1) Ұйымдастыру кезеңі
Құрметті ұстаздар мен оқушылар! Бүгін 3-сыныптар арасында өтетін «XXI ғасыр көшбасшысы» атты интеллектуалды ойынға қош келдіңіздер!
Енді ойынға қатысушылармен танысамыз: әрбір қатысушы өзін таныстырып, алға қойған мақсатын айтады.
2) Ойын құрылымы
Бүгінгі интеллектуалды ойын бес асудан тұрады:
-
1-асу
Бәйге
-
2-асу
Полиглот
-
3-асу
Жұмбақ
-
4-асу
Көкпар
-
5-асу
Жорға
3) Ойынның барысы
1-асу — Бәйге
Бәйге — ат жарысы. Қай ат бәйгеден озып келсе, сол жеңімпаз. Дәл сол сияқты, тест сұрақтарына әрі жылдам, әрі дұрыс жауап берген оқушылар келесі асуға өтеді. Бұл кезеңде ең көп ұпай жинаған 10 оқушы іріктеледі.
-
Киіз үйдің төбесі қалай аталады?шаңырақ
-
Абайдың шын аты?Ибраһим
-
Қыс мезгілінің екінші айы?қаңтар
-
Қасиетті рухани тілек?бата
-
Рәміздерге нелер жатады?елтаңба, ту, әнұран
-
Қазақтың ішекті аспабы?домбыра
-
Жер серігі?Ай
-
Қазақтың тұңғыш чемпионы, палуаны кім?Қ. Мұңайтпасов
-
Сүйекті пайдаланып ойнайтын ойын?ақсүйек
-
2-мүшел жас?13
-
Қазақтың тұңғыш зерттеуші ғалымы?Ш. Уәлиханов
-
Мұсылмандардың қасиетті айы?Рамазан
-
Қазақтың ұлттық мерекесі?Айт
-
Дүние жүзінде неше мұхит бар?4
-
Халықаралық тіл қандай тіл?ағылшын
-
Қазақстанның мемлекеттік тілі?қазақ тілі
-
Экологиялық апатқа ұшыраған теңіз?Арал
-
«Дружба» сөзінің қазақшасы қалай?достық
-
Ең үлкен жұмыртқа салатын құс?түйеқұс
-
Қазақта киелі сан қандай сан?7
Нәтижесінде ең көп ұпай жинаған 10 оқушы қалады, қалғандары ойыннан шығады.
2-асу — Полиглот
Бұл кезеңде мақал-мәтел беріледі. Мақал ішіндегі түсіп қалған сөзді тауып, оны орыс тіліне аударып айту қажет. Әр дұрыс жауапқа житон беріледі. Ең көп ұпай жинаған 7 оқушы келесі асуға өтеді.
-
Ел іші — алтын ...бесік колыбель
-
Гүл өссе — жердің көркі, ... өссе — елдің көркіқыз девушка
-
Мектеп — кеме, білім — ...теңіз море
-
... — отбасынан басталадыОтан Родина
-
... — білім бұлағыоқу учеба
-
... — ғылым, тілсіз мұғалімкітап книга
-
... — жаны тәтті, еңбектің — наны тәттіжалқау ленивый
-
Ер ... — ел есіндеесім имя
-
Жүз теңгең болғанша, жүз ... болсындос друг
-
Ер қанаты — ...ат лошадь
3-асу — Жеті жұмбақ
Бұл кезең «Жеті жұмбақ» деп аталады, өйткені қазақ халқында 7 саны — киелі сан. Әр жұмбақтың шешуін дұрыс тапқан оқушыға 10 ұпай қосылады. Ең көп ұпай жинаған 4 оқушы келесі кезеңге өтеді.
-
Жезге ұқсас сабағы,
Дәні — халық тамағыбидай -
Еш тесікке тұрмайды,
Ол жоқта жер құрғайдысу -
Жерде өсіп-өнеді,
Қажетіне кеседіағаш -
Қос қолға киемін,
Жып-жылы жүремінқолғап -
Мұртыменен туады,
Мұртын күнде жуадымысық -
Сөнбес бір,
Қырағы — әлемнің шырағыкүн -
Сызық кіл жотасы,
Мысықтың атасыжолбарыс
4-асу — Көкпар (келесі кезең)
Ең көп ұпай жинаған 4 оқушы келесі асуға — «Көкпарға» өтеді. Бұл кезеңде әр оқушы өзіне бір ұяшықты таңдайды.