Ұйымдастыру барысы
Қызылорда облысы, Арал қаласы • №71 мектеп
География пәні мұғалімі: Балманова Гүлмира Советқызы
- Пәні
- Жаратылыстану
- Сыныбы
- 5
- Сабақтың тақырыбы
- Табиғат байлығы
Сабақтың мақсаты
Білімділік
Оқушыларға табиғат байлығы, ресурс ұғымы, оның түрлері мен маңызы туралы жүйелі білім беру.
Дамытушылық
Табиғатта таралған ресурстарды сызба-суреттер арқылы көрсетіп, оқушылардың көру, есте сақтау және ойлау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік
Оқушыларды өз бетінше жұмыс істеуге бағыттап, халық педагогикасы қағидаларын қолдану арқылы экологиялық тәрбие беру.
Сабақтың сипаттамасы
Сабақтың түрі
Аралас сабақ
Өткізу формасы
Топтық жұмыс
Әдіс-тәсілдер
- Түсіндіру
- Әңгімелеу
- Ой қозғау
- Сұрақ-жауап
Пәнаралық байланыс
Биология, бейнелеу өнері, әдебиет
Көрнекіліктер
Қосымша әдебиеттер, интерактивті тақта, слайдтар, суреттер
Сабақтың өтілу барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
- 1 Оқушылармен амандасу және қатысымды тексеру.
- 2 Сыныпты екі топқа бөлу: «Табиғат» және «Пейзаж».
- 3 Оқушылардың назарын сабаққа шоғырландыру.
II. Үй тапсырмасын сұрау
Мұғалім
Балалар, үйге қандай тапсырма берілді?
Оқушылар
«Адамның табиғаттағы алатын орны».
Үй тапсырмасы ойын түрінде сұралады. Мұғалім ойынның шарттарымен таныстырады.