Ө. Тұрманжанов 1905 жылы 15 желтоқсанда Бөген ауданындағы Жалғызағаш ауылында туған

Өмірбаяны

Өтебай Тұрманжанов 1905 жылы 15 желтоқсанда Бөген ауданындағы Жалғызағаш ауылында дүниеге келген. Балалық шағында Ташкент қаласындағы №14 жетім балалар үйінде тәрбиеленді.

Кейін Мәскеуде Шығыс еңбекшілерінің Коммунистік университетінде білім алды. Ауыз әдебиетінің белгілі зерттеушісі әрі көрнекті ақын ретінде танылып, Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталды.

Ө. Тұрманжанов 1978 жылы Алматы қаласында қайтыс болды.

Өлең

Балалар ақыны Өтебай Тұрманжановтың «Туған өлкем» өлеңінен.

I

Көгінде күн нұрын төккен,

Жерінде гүл жұпар сепкен.

Неткен сұлу, неткен көркем!

Осы менің туған өлкем!

II

Алтын дәнді даласы бар,

Ақ күмістей қаласы бар.

Неткен сұлу, неткен көркем!

Осы менің туған өлкем!

III

Түлігі өскен алуан-алуан,

Төс алқабы малға толған.

Неткен сұлу, неткен көркем!

Осы менің туған өлкем!

IV

Ер еңбегі шалқып-тасқан,

Ел еркіндеп бақыт тапқан.

Неткен сұлу, неткен көркем!

Осы менің туған өлкем!

Мәлімет

Өңір

Маңғыстау облысы

Аудан

Бейнеу ауданы

Мектеп

Боранқұл орта мектебі

Сынып

4-сынып

Автор / Жетекші

Оқушы: Бозаев Мейрамбек • Мұғалімі: Нурекешова Тойған