Курстың міндеттері

Түсінік хат

8-сынып • аптасына 2 сағат • барлығы 68 сағат

Білім беру жүйесіндегі негізгі бағыттардың бірі — білім беру ұйымының типі мен ерекшелігіне сай оқушы тұлғасының дамуына тиімді жағдай жасау. Бұл бағыт дидактиканың маңызды қағидаларының бірі — саралап оқыту арқылы жүзеге асады.

Жоспарланған оқу нәтижесіне жетуде таңдау курстарының ықпалы зор: олар оқушыларды базалық, міндетті деңгейден жоғарырақ деңгейге көтеруге, қызығушылықты тұрақты оқу уәжіне айналдыруға мүмкіндік береді.

Таңдау курстарының түрлері

  • 1 Қызығушылыққа қарай ұйымдастырылатын курстар
  • 2 Өңірлік (региональдық) ерекшелікке сай курстар

Қызығушылыққа негізделген курстар оқушылар үшін міндетті емес. Сондықтан бұл курсты таңдаған оқушының сабаққа өз еркімен, ынтамен қатысуы маңызды.

Мұғалімнің міндеті — оқушының пәнге ықыласын арттырып, химияға қызығушылығын ояту. Бұл бағыт оқушыларды пәндік олимпиадаларға, ғылыми-зерттеу жұмыстарына және болашақ мамандық таңдауға бағдарлауға мүмкіндік береді.

Неліктен 8-сынып?

Бағдарлама 8-сынып оқушыларына арналған, өйткені бұл кезеңде оқушылар химия пәнін алғаш рет жүйелі түрде оқи бастайды. Курстың басты идеясы — пәнді оқытудың ең алғашқы қадамдарынан бастап қызығушылықты арттырып, ынтаны тұрақты дамыту.

Химия — эксперименттік ғылым. Сондықтан теориялық білім міндетті түрде лабораториялық тәжірибелермен толықтырылып, оқушының пәнге қызығуы табиғи түрде қалыптасады.

Оқу жүктемесі

Аптасына 2 сағат

Жалпы көлемі

68 сағат

Нәтижеге бағдар

Негізгі мектепті аяқтағанда оқушы химия ғылымы туралы жүйелі, аяқталған базалық түсінікке ие болып, табиғаттың біртұтастығы жайлы ғылыми көзқарасын қалыптастыруы тиіс.

Курс құрылымы (5 тарау)

1) Бастапқы химиялық ұғымдар

Негізгі терминдер мен бастапқы түсініктерді бекіту.

2) Сутек, қышқылдар, тұздар

Бейорганикалық қосылыстарға кіріспе және байланыстар.

3) Ерітінділер

Ерітінді ұғымы, қасиеттері, күнделікті өмірмен байланыс.

4) Сапалық және эксперименттік есептер

Бақылау, дәлелдеу, қорытынды шығару дағдылары.

5) Шығармашылық жұмыс және кіші ғылыми ізденіс

Жоба, зерттеу, презентация және талдау мәдениеті.

Оқыту тәсілдері және практикалық бағыт

Курсты жүргізуде практикалық бағытқа ерекше мән беріледі. Сабақ барысында лабораториялық және практикалық жұмыстар жүйелі орындалып, таңдау курсында оқушының практикалық біліктілігі тереңдетіледі.

Жобалау және дамыта оқыту технологиялары арқылы бағдарламадан тыс қызықты тәжірибелер ұйымдастырылып, оқушылардың эксперимент жүргізу дағдылары қалыптастырылады.

Лабораториялық тәжірибелер

Теорияны тәжірибемен бекіту, қауіпсіздік ережелерін сақтау.

Экскурсиялар

Дәріханаларға және ЖОО-дағы химия лабораторияларына бару.

Ақпараттық технология

Электрондық ресурстар, виртуалды тәжірибелер, цифрлық материалдар.

Күтілетін әсер

Курс шығармашылық деңгейде жұмыс жасайтын оқушылардың санын арттыруға және оқу әрекетін зерттеушілік мәдениетке бағыттауға мүмкіндік береді.

Курстың мақсаты

8-сыныпта химияны алғаш оқитын оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру, теориялық білімді практикамен ұштастыру және химиялық эксперименттер мен тәжірибелер арқылы жоспарланған оқу нәтижесіне қол жеткізу.

Курстың міндеттері

  1. 1 Алғашқы химиялық ұғымдар глоссарийін әр оқушының есте сақтап, қолдануына жағдай жасау.
  2. 2 Химиялық құбылыстарды бақылау және ғылыми тұрғыда дәлелдеу білігін дамыту.
  3. 3 Лабораториялық құрал-жабдықтармен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру, бағдарламадан тыс химиялық құралдардың ерекшеліктерімен таныстыру.
  4. 4 Химиялық заңдар мен элементтер туралы нақты білімнің бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластарын меңгерудегі алғышарт екенін ұғындыру.
  5. 5 Теориялық білімді практикамен және өмірмен байланыстыра білуге үйрету.
  6. 6 Оқушының өз бетімен іздену жұмысына бағыт-бағдар беру.
  7. 7 Химия ғылымының қоғамдағы және тұрмыстағы рөлін нақты мысалдармен дәлелдеу.
  8. 8 Кез келген сұраққа жауапты ғылыми тұрғыда дәлелдей алған адам ғана нәтижеге жететінін түсіндіру арқылы ғылыми көзқарас қалыптастыру.
  9. 9 Атырау өңірінің экологиялық мәселелері аясында экологиялық білім, сана, тәрбие және мәдениеттілікті қалыптастырып, табиғатты қорғауды өмірлік қажеттілікке айналдыру.
  10. 10 Таңдау курсы арқылы оқушыларды рухани-адамгершілік құндылықтарға тәрбиелеу.

Құрастырушы

Мұңайтбасова К. Х.

Химия-биология пәндерінің мұғалімі