Абай ҚұнанбаевПайда ойлама, ар ойла, Талап қыл артық білуге
Абай Құнанбаев
Пайда ойлама, ар ойла,
Талап қыл артық білуге.
Артық ғылым кітапта,
Ерінбей оқып көруге.
Военный қызмет іздеме,
Оқалы киім киюге.
Бос мақтанға салынып,
Бекер көкірек керуге.
Қызмет қылма оязға,
Жанбай жатып сөнуге.
Қалай сабыр қыласың,
Жазықсыз күнде сөгуге?
Өнерсіздің қылығы –
Тура сөзін айта алмай,
Қит етуге бата алмай,
Қорлықпенен шіруге.
Аз ақшаға жалданып,
Өнбес іске алданып,
Жол таба алмай жүруге.
Алыс та болса іздеп тап,
Кореннойға кіруге,
Талапты ерге нұр жауар ,
Жүріп өмір сүруге.
Я байларға қызмет қыл,
Ерінбей шауып желуге.
Адал жүріп, адал тұр,
Счетың тура келуге.
Жаныңа жақса, соңынан
Жалқауланба еруге.
Қисық болса, закон бар
Судьяға беруге.
Ол да оязной емес қой,
Алуға теңдік сенуге.
Я өз бетіңмен тәуекел,
Занимайся прямотой.
Жеңіл көрме, бек керек
Оған да ғылым, оған да ой,
Калайынша қайда енуге?
Қ. -Ж. Тоқаевтың Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан атты мақаласы
Абай Қүнанбаевтың (1845-1904) педагогикалық және психологиялық көзқарастары
Абай Құнанбаев және ХХІ ғасырдағы Қазақстан
ХХ Ғ. БАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ЭТНОПЕДАГОГИКАСЫНЫҢ НЕГІЗІН САЛУШЫЛАРДЫҢ ИДЕЯЛАРЫ
Абай мен Ыбырайдың ағартушылық ойлары мен оқу-білім мәселесі жөніндегі көзқарастары
Абай Құнанбаевтың педагогикалық көзқарасы
Абай Құнанбаевтың ағартушылық тағлымы
Шәкәрімнің шығармашылығы
Абай Құнанбаевтың педагогикалық көзқарасы туралы
Абай шығармашылығы жайлы
Бу қазандықтары мен шаң дайындау жүйелері есебі
ТҰМАР
Тасымалдау шаруашылығын ұйымдастыру
Қазіргі дүниежүзінің саяси картасы
Дербес компьютерлердің шығу тарихы
ҚР қоғамдық жаңа даму кезеңінде жоғары білім беру
ҚАРАШАҰЛЫ БӘЙДІБЕК
Коммерциялық ақпарат пен коммерциялық кұпия мәні және оны қорғау