Төрт қосу бір нешеге тең

Сабақтың тақырыбы

7 саны және цифры

Сабақтың мақсаты

  1. 7 саны және 7 цифрымен таныстыру; 7 санының шығу тарихын ұғындыру және оның киелі сан екенін меңгерту. Санды санға қосуды, саннан санды азайтуды үйрету.
  2. Алған білімдерін саралау; ойлау және есте сақтау қабілеттерін, ауызша есептеу дағдыларын ойын арқылы дамыту. Танымдық қабілеттерін арттырып, логикалық ой-өрісін кеңейту.
  3. Еңбекқорлыққа, достыққа, мейірімділікке тәрбиелеу.

Көрнекілігі

Парақшалар, интерактивті тақта, суреттер және т.б.

Сабақтың түрі

Дәстүрлі, кіріктірілген сабақ.

Сабақтың әдісі

Сұрақ-жауап, ертегі желісімен.

Сабақтың барысы

I

Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық дайындық. Балалар, күн сәулесінің шуағы бізге түскенін сезініңдер. Нұрының шапағатымен көзімізді ашайық. Атқан таңға қуанышымызды білдіріп, бүгінгі сабағымызды сәтті өткізейік.

II

Үй жұмысын тексеру

  1. Азайғыш — 6, азайтқыш — 3. Айырманы тап. Жауабы: 3
  2. Бірінші қосылғыш — 1, екінші қосылғыш — 6. Қосындының мәні қандай? Жауабы: 7
  3. Мен бір сан ойладым. Оған 2 қоссам, 5 саны шықты. Ойлаған саным қандай? Жауабы: 3
  4. 4 + 1 нешеге тең? Жауабы: 5
  5. Атасы немересіне 6 кәмпит берді. Немересі 1 кәмпитті жеп қойды. Немересінде неше кәмпит қалды? Жауабы: 5
III

Жаңа сабақ

Қызықты сұрақтар арқылы бастау

  • Суретте не көріп тұрмыз? — ақшақар.
  • «Ақшақар» сөзінде неше дауысты, неше дауыссыз дыбыс бар? 4 + 3
  • Оларды қосқанда қандай сан шығады? 7

7 саны туралы не білеміз?

  • Аптада неше күн бар?
  • Әлемде неше керемет бар?
  • Адамдар неше атасын білуі керек?

Бүгінгі өтетін жаңа тақырып — 7 саны және 7 цифры. 7 цифрын ауада жазып көреміз.

7 цифры неге ұқсайды? Шалғыға.

IV

Оқулықпен жұмыс

  1. Есепшоттың тастарын санау.
  2. Суреттегі тізілген үшбұрыштардың нешеуі боялған? Қай түске боялған?
V

Дәптермен жұмыс

  1. 7 санының цифрын ауада жазу.
  2. 7 цифрын екі жолға толықтырып жазу.
  3. Берілген есептерді шығару.

Ойын: «Кім жылдам?»

Ауызша есептеу

1-тапсырма

1 табақта 3 алма бар, ал қолымда 1 алма бар. Барлығын қосқанда неше алма болады?

Тексеру: 4

2-тапсырма

Тарелкада 4 қияр бар. Оған 2 қияр қосамыз. Барлығы неше қияр болады?

Тексеру: 6

VI

Сабақты қорытындылау

  1. Қандай сабақ өттік?
  2. Қандай жаңа санмен таныстық?