Оқушыларға драпировка туралы түсінік беру

Сабақтың мақсаттары

Білімділік

  • Драпировка ұғымын түсіндіру және оны бейнелеудің мәнін ашу.
  • Қағаз бетіне композицияны дұрыс орналастыруды үйрету.
  • Жарық, меншікті көлеңке және түспе көлеңкені табуға машықтандыру.

Тәрбиелік

  • Таза, ұқыпты жұмыс істеуге және өз бетінше сурет салуға тәрбиелеу.
  • Нәтижеге ұмтылу мен жауапкершілікті қалыптастыру.

Дамытушылық

  • Жай қарындашпен жұмыс арқылы ой-өрісін, қиялын дамыту.
  • Шығармашылық қабілетін өрістету, бейнелеу дағдыларын бекіту.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен амандасу, түгелдеу, құрал-жабдықтарды тексеру және сабаққа жалпы дайындық жүргізу.

II. Жаңа сабаққа даярлық

Бүгінгі сабақта қыртысы күрделі драпировканың тонын, жарық пен көлеңкесін салыстыра отырып орындаймыз. Сонымен қатар ауа қатынасын тауып, штрихтау арқылы жарық-көлеңке айырмасын көрсетеміз.

Қажетті құралдар

  • Қағаз
  • Қарындаш
  • Өшіргіш
  • Қосымша керек-жарақтар

Енді драпировканы салу кезеңдеріне және штрихтау тәсілдеріне назар аударайық.

III. Жаңа сабақ

Фонға ілінген мата немесе шүберек драпировка деп аталады. Сурет терминологиясында матаға қатысты осы атау қолданылады.

Драпировканың түрлері

  • Киім драпировкасы
  • Штора драпировкасы
  • Тюль драпировкасы
  • Мүсін драпировкасы
  • Кескіндеме драпировкасы
  • Қабырға драпировкасы
  • Үстел мен орындық драпировкасы
  • Басқа да түрлері

Түс температурасы

Драпировка түстері екіге бөлінеді: жылы және суық. Натюрмортта заттардың сипатын ашу үшін фонды дұрыс таңдау маңызды: жылы натюрмортқа жылы, салқын түсті заттарға суық реңкті драпировка үйлеседі.

Жарық пен көлеңке заңдылығы

Драпировкада да әр заттағыдай жарық, меншікті көлеңке және түспе көлеңке болады. Көбіне суық түсті драпировканың көлеңкесі қоюлау, ал жылы түсті драпировканың көлеңкесі біршама жұмсақ әрі ашықтау көрінеді.

Маңызды қағида

Драпировка композицияда заттарды айқындау үшін фон ретінде қызмет етеді. Көп жағдайда сахналауда негізгі затты нақты көрсету үшін бір ғана драпировка таңдаған дұрыс.

IV. Ой қозғау (ребус)

Жаңа тақырыпқа байланысты ребус шешіледі. Жасырын сөз: «Драпировка».

V. Оқушылармен өзіндік жұмыс

Сурет сабағында жиі кездесетін ұғымдар бойынша ребус құрастыру.

Мысал сөздер

  • жарық
  • көлеңке
  • сызық
  • штрих

VI. Сабақты қорыту

Сабақты қорытындылай отырып, драпировканың не екенін, оның түрлерін және бейнелеу барысында жарық-көлеңкені табудың маңызын қайталадық. Енді негізгі түсініктерді бекітейік:

1) Драпировка дегеніміз не?

Фонға ілінген мата (немесе шүберек) — драпировка.

2) Драпировка түрлерін атаңыз

Киім, штора, тюль, мүсін, кескіндеме, қабырға, үстел мен орындық драпировкасы және басқа да түрлері.

3) Драпировка түстері неше түрлі болады?

Екі түрлі: жылы және суық.

4) Драпировканы не үшін пайдаланамыз?

Әртүрлі заттарға фон ретінде қолданып, заттарды және кейіпкерлерді нақты, айқын көрсету үшін пайдаланамыз.

VIII. Бағалау

Сабаққа белсенді қатысқан оқушылар атап өтіледі. Жақсы орындалған жұмыстар көрсетіліп, мадақтау арқылы бағаланады.