Құрметті бүгінгі мерекелік ертеңгілігіміздің қонақтары

Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Қазалы ауылы, №9 «Балауса» балабақшасы. Мектепалды даярлық тобының тәрбиешісі — Алпысбаева Күміскүл Әбдіғаниқызы.

«Ата Заңым — айбарым» мерекелік ертеңгілігі

Құрметті қонақтар! Баршаңызды тәуелсіз еліміздің тұғырын биікке көтерген Ата Заңымыздың қабылданғанына 15 жыл толуына орай ұйымдастырылған мерекелік ертеңгілікпен құттықтаймыз!

Ертеңгілігімізді ашу үшін сөз балабақша меңгерушісі — Ү. Аширбековаға беріледі.

Кіріспе

«Ата Заңым — айбарым, ел мүддесін қорғаған. Өз аясында бүгін сенің тойың тойланған», — деп балабақшамыздың өнерпаз бүлдіршіндерін ортаға шақырамыз.

(Балалар саппен келіп, ортаға тұрады.)

Хор

Әнұран

Бүлдіршіндердің өлең-жырлары

Ернұр

Ата Заңның аясында
Жадырап біз өсеміз.
Білім алып өнегемен
Биіктерге жетеміз.

Қарақат

Ешкімді де қас көрме,
Бірақ қасқа дес берме.
Айбыны болып елімнің,
Ата Заңды қастерле.

Аружан

Құтты болсын қос мереке —
Ата Заң мен Білім күні.
Байлық әкел туған елге,
Бақыт әкел бүлдіршінге.

Хор

«Балабақша»

Жалғасы

Радамир

Білім күні құтты болсын,
Бар балаға бақшадағы.
Егемен ел аясында
Жарқын болсын болашағы.

Мағжан

Жарық болсын күніміз,
Жарқын болсын күніміз.
Елін сүйіп ер жетер,
Біз — болашақ гүліміз.

Сымбат

Нағыз білім — ырыс, бақ,
Дүниені тұр ұстап.
Енді біздер білімге
Кірісеміз дұрыстап.

Хор

«Біз — дәуірдің түлегіміз»

Өнер мен Отан туралы өлеңдер

Айболат

Мен бақшаға барамын,
Әріп тани аламын.
Санды үйреніп санаймын,
Мен — білімпаз баламын.

Айсұлу

Ән үйренем бақшада,
Би билеймін тамаша.
Танысамын өнердің
Сан түрімен жаңаша.

Гүлкөктем

Күннің көзі шуақты,
Сергітеді денеңді.
Даярлықтың бүгін мен —
Шәкіртімін, міне, енді.

Нұрдаулет

Аспанда күн күлімдеп,
Ата берсін нұр таңым.
Көк байрағың желбіреп,
Жаса, жайна, Отаным!

Гүлназ

Отан — ана, Отан — жер,
Менің жерім — туған ел.
Ата Заңым — ардағым,
Төгер маған шуағын.

Арсен

Айналаммен танысам,
Табиғатты сүйемін.
Өйткені мен — келешек,
Сол ортаға иемін.

Би қойылымдары

Қазақ биі

«Гүлкөктем» — Әлімбет пен Айсұлудың орындауында

Бишілер тобы

«Қара жорға»

Қорытынды ән

Хор: «Әрқашан күн сөнбесін»

Жүргізушінің қорытынды сөзі

Құрметті қонақтар! Бүлдіршіндеріміздің мерекелік сәлемі осымен тәмам. Енді қорытынды құттықтау лебізін білдіру үшін сөзді ата-аналарға береміз.