Оқушылардың өткен сабақтардан алған білімдерін пысықтап, қайталауға арналған есептер шығару. Оқушылардың логикалық ойлау, есептеу қабілеттерін дамыту
Тақырыбы: 5 саны мен цифры (презентация)
Ал, достарым, келіңдер,
Біріңе – бірің еріңдер.
Біліміңді тексеріп,
Шешімін тауып көріңдер!
Сабақтың мақсаты
Білімділік
Оқушылардың өткен сабақтардан алған білімдерін пысықтау, қайталауға арналған есептер шығарту.
Дамытушылық
Логикалық ойлау мен есептеу қабілеттерін дамыту, жауапты нақты әрі тиянақты беруге дағдыландыру.
Тәрбиелік
Тапқырлыққа, жылдам ойлауға және ойын қорытындылай білуге тәрбиелеу.
«Бауырсақ» ертегісінің сахналық қойылымы
Кел, тыңдайық ертегі,
Естіген жанды елтеді.
Талай ғажап оқиға
Қызық сырын шертеді.
Ерте, ерте, ертеде бір ата мен әже болыпты.
Атасы
— Кемпір-ау, маған бауырсақ пісіріп берші.
Әжесі
— Неден пісірейін? Ұн жоқ қой.
Атасы: — Қаптың түбін қақ, бауырсаққа жетер ұн табылып қалар.
Әжесі қаптың түбін қағып, қалған ұннан бауырсақ пісіреді. Суытып, терезе алдына қояды. (Іс-әрекеттері көрсетіледі.)
Бауырсақ домалап кетеді...
Өткенді қайталау
Есеп
4 − 1 =
Есеп
3 + 1 =
Есеп
2 − 1 =
Есеп
3 − 1 =
Орман ішіне домалап келіп, бауырсақ қоянның көжегін үйретіп жатқанын естиді.
Қоянмен кездесу
— Сұр көжегім, көжегім,
Еркелігіңді сеземін.
Сабаққа мойын бұратын
Сенің де келді кезегің.
Білмесең надан боласың,
Жау қолында қаласың.
Үйреніп, бәрін біле алсаң,
Ақылың жетіп толасың.
Көжек бауырсақты көріп қорқып, қашып кетеді.
Қоян
— Бауырсақ, бауырсақ, мен сені жеп қоямын!
Бауырсақ
— Жоқ, мені жемеңіз. Мен сізге өлең айтып беремін, тыңдаңыз:
Атадан да қаштым,
Ападан да қаштым,
Қоян, сенен де қашып кетемін!
Қоян: — Өлеңің жақсы екен. Бірақ одан да менің тапсырмамды орында.
Бауырсақ: — Енді не істеймін, балалар? Маған көмектесіңдерші.
Аюмен кездесу және тапсырма
Бауырсақ шөп үстінде құлпынай жеп отырған аюға кездеседі.
Аю
— Бауырсақ, бауырсақ, мен сені жеймін!
Бауырсақ
— Жемеңіз мені. Мен сізге өлең айтып беремін:
Ападан да қаштым,
Атадан да қаштым,
Аю, сенен де қашып кетемін!
Аю: — Әй, балалар! Менде қызық ойын бар. Ықылас қойыңдар, тәртіп сақтайық. Мен берген тапсырманы бұлжытпай орындайық.
Аюдың тапсырмасы
Мысалдар
- 4 + 1=5
- 5 − 1=4
Тиісті сандарды қой
Бұл тапсырмалар 5 санына апаратын негізгі амалдарды бекітуге көмектеседі: қосу арқылы 5-ке жету және азайту арқылы 5-тен кері қайту.