Автор туралы мағлұмат беру
Әдебиеттік оқу (4-сынып)
Сабақ жоспары: «Қауын мен қарбыз»
Сабақтың тақырыбы
Қауын мен қарбыз
Сабақтың сипаты
- Типі: аралас
- Түрі: жаңа білімді игеру
Көрнекілігі
Суреттер, кестелер
Қажетті құралдар
Оқулық, маркер
Әдіс-тәсілдер
Сұрақ-жауап, әңгімелеу, талдау, СТО, проблемалық сұрақтар
Сабақтың мақсаты
Білімділік
Оқушыларды ертегі мазмұнымен таныстыра отырып, өз ойы мен пікірін еркін айтуға үйрету.
Дамытушылық
Ертегіде кездесетін оралымды сөздердің мағынасын ұғындыру арқылы ойлау қабілетін, байқағыштығын дамыту және сабаққа қызығушылығын арттыру.
Тәрбиелік
Жер-Ананың адамзатқа сый еткен байлықтарын бағалауға, достыққа және бірлікке тәрбиелеу.
Сабақ барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
1) Психологиялық дайындық
Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
Білер қазақ баласы,
Сәлем — сөздің анасы.
Алдымыздан кезіккен,
Көп ұстазды көреміз.
Бәрінен де ізетпен,
Біздер сәлем береміз.
2) Топқа бөлу
Бүгін сабақта топпен жұмыс жасаймыз. Топ басшылары сайланады.
- 1-топ: Бағбан
- 2-топ: Қауын
- 3-топ: Қарбыз
II. Үй тапсырмасын сұрау
«Ормандағы оқиға» ертегісін «Кубизм» әдісі арқылы бекіту.
- Ертегі авторы кім?
- Екі ағаштың бір-бірімен ренжісуіне не себеп болды?
- Қайың мен қараағаштың ашулануына тобылғының қандай сөздері әсер етті?
- Тобылғының қылығы көз алдыңа қандай адамды елестетті?
- Ертегіде қандай мәтел кездесті?
- Бұл ертегіден қандай ой түйдің?
Қосымша тапсырма
4-тапсырмадағы әріптер кестесінен ертегіде кездесетін ағаш атауларын тапқызу: тобылғы, қайың, қараағаш, сексеуіл.
III. Жаңа сабақ
1) Мағынаны тану
Халық ауыз әдебиеті — халық арасында ауызша шығарылып, ұрпақтан ұрпаққа жеткен шығармалар.
Бүгін біз ертегімен танысамыз. Кейбір ертегілердің авторы белгілі болғандықтан, олар әдеби ертегі деп аталады.
Автор туралы
Жолтай Әлмашев — 1957 жылы Жаңақорған ауданы Бірлік ауылында дүниеге келген. Жазушы, ғалым, филология ғылымдарының кандидаты, үкіметтік басылымдардың бас редакторы.
Шығармалары: «Оянған өлке», «Біздің команда», «Жетім жұлдыздар», «Күлкі мен жас».
Қызығушылықты ояту
Жұмбақтардың жауабын табайық:
Іші жұмсақ, сырты қатты, домаланған ала бас.
Жауабы: Қарбыз
Еті — шәрбат, сүті — тәтті, дәмді шырын — даяр ас.
Жауабы: Қауын
Демек, бүгінгі өтетін ертегіміз — «Қауын мен қарбыз».
Қауын мен қарбыз туралы қысқаша мәлімет
Қауын
- Қауынның отаны ретінде Египет аталады.
- Арабтар қауынды жерге түскен жұмақтың жемісі деп бағалаған.
- Құрамында қант пен дәрумендер көп.
- Бүйрек пен асқазан ауруларына пайдалы деп есептеледі.
- Қауын қабығын ет қайнатқанда қосса, ет жұмсарады деген тәжірибе бар.
Қарбыз
- Қарбыздың отаны — Оңтүстік Африка.
- Қытайда қарбыздың мәртебесі жоғары; қыркүйекте Қарбыз мерекесі аталып өтеді.
- Құрамында фруктоза, дәрумендер және азотты заттар бар.
- Қанды көбейтеді, бүйрек пен бауыр жұмысына пайдалы деп айтылады.
- Дәнінен май алынады; кей деректерде ішек құртына қарсы қолданылатыны айтылады.
Жаңа сабақ сурет бойынша түсіндіріледі.
2) Оқулықпен жұмыс
Мәтін үш топқа бөлініп оқылады. Әр оқушы өзіне тиесілі бөлікті жеке оқып, топ ішінде талқылайды.
1-топ
Атайдың қауынды балаларға тіліп беруі
2-топ
Қарбыздың өкініші
3-топ
Балалардың қарбызды тауып алуы
3) Дәптермен жұмыс: сөздік
- Түйнек
- Өсімдіктің өніп шыққан жеміс түйіні.
- Түз тағылары
- Далада тіршілік ететін жабайы аңдар.
- Пәлек
- Қауынның (өсімдіктің) сабағы, өркені.
IV. Сабақты бекіту
Сұрақ-жауап арқылы қорытындылау:
- Қарбыз бен қауын қандай шешімге келді?
- Қауынды кім тауып алды?
- Қарт қауынның дәнін не істеді?
- Қарбыздың жағдайы не болды?
- Бұл ертегіден нені түсіндің?
V. Сергіту сәті
Ойын: «Жемістер, көкөністер»
Ағашта өсетін жеміс аталғанда — қолды жоғары көтеру, жерде өсетін көкөніс аталғанда — қол шапалақтау.
Сөздер: алма, қияр, шие, қарбыз, өрік, қызанақ, қауын.
VI. Сабақты қорыту
Постер арқылы топтық жұмыс:
1-топ
Венн диаграммасы: қауын және қарбыз
2-топ
Ертегі бойынша сурет салу
3-топ
Семантикалық карта
VII. Үй тапсырмасы
Барлық топ: ертегіні мазмұндауға дайындалу.
1-топ
«Егер мен қарбыз болсам…» тақырыбында әңгіме жазу
2-топ
Ертегіні сахналауға дайындалу
3-топ
Ертегі бойынша сурет салу
VIII. Бағалау
Оқушылардың топтық жұмысы, мәтінді түсінуі, сұрақтарға жауап беруі және белсенділігі бойынша бағалау.
Тақырып: «Қауын мен қарбыз»