Апайларға мың алғыс

Ертеңгілік сценарийі

Тақырыбы: «Біз мектепке барамыз»

Кіріспе

Зал мерекеге сай безендірілген. Көңілді әуен ойнап тұрады.

Жүргізушінің сөзі

Құрметті ата-аналар, қадірлі қонақтар! Бүгін біз тәрбиелеген бүлдіршіндерімізді ұямыздан ұшырып, 1-сыныпқа шығарып салғалы отырмыз. Көз алдымыздағы тәп-тәтті, сүйкімді балақайларымыз мектепалды даярлықпен қоштасады.

Мектепалды даярлықты бітіруші түлектерді қошеметпен ортаға шақырайық!

Өтті қызық көп күндер,
Бес жасқа енді жеттіңдер.
Барасыңдар мектепке —
Бір белестен өттіңдер!

Айналайын балалар,
Алда Мектеп-Ана бар.
Өздеріңнен өседі
Өнерпаздар, даналар.

Ақ тілекті ағытып бір тастайық,
Қоштасатын кешімізді біз бастайық!
Жүздеріңде көркем шаттық арайы,
Өтсін солай әрбір күнің, әр айың!

Ән

«Балдырғандар маршы» — қабыл алыңыздар.

Балалардың тақпақтары

1-бала

Мектепке енді барамыз,
Үлгілі оқушы боламыз.
Жақсы оқып сабақты,
Кілең бестік аламыз.

2-бала

Мектепке енді барамыз,
Оқимыз, сауық құрамыз.
Қашық емес арамыз,
Апайға келіп тұрамыз.

Көрініс: «Жалқаубек»

Сахнаға Жалқаубек жүгіріп келеді. Балалар Жалқаубекті қоршап, «Жалқаубек» әнін орындайды.

Жалқаубек: Балалар, ойын ойнайықшы. Мен жалғыз өзім ішім пысып, сендерді іздеп келдім. Міне, менде көп ойыншық бар. Келіңдер, ойнайық!

Балалар Жалқаубекке бұл ісінің дұрыс емес екенін, өздерінің мектепке баратынын айтады.

Мұғалім: Қане, олай болса, Жалқаубекті апайымызға тапсырайық. Ал біз Жалқаубек жуынып, тазаланып келгенше ән айтайық.

Ән

«Айналайын әжем-ай»

Сахнаға оқушы жүгіріп келеді. Оның жанында — Жалқаубек.

Оқушы: Сәлеметсіздер ме, балалар! Мен сендерді өзіммен бірге мектепке ертіп кетуге келдім. Сендер қандай ақылды, тәртіпті баласыңдар! Жолда Жалқаубекті көріп, оны да ала келдім. Ол да мектепке барғысы келеді екен.

Апайларға арналған арнау

Жүргізуші: Балалар, мектепалды даярлықтағы әр күндерің қызықты өтуіне жағдай жасап, бағыт-бағдар берген апайларыңа арнаған тілектеріңді, әндеріңді, билеріңді ортаға паш етіңдер!

3-оқушы

Ұстаздардың ұстазы,
Тәрбиенің ұстасы.
Меңгеруші апайға
Риза шеше, әке де.

Бізде мұнда әрдайым
Бәрі-бәрі дап-дайын.
Қамымызды ойлаған
Апайға мың алғыс!

Би

Үнді биі

4-оқушы

Талай-талай баспалдақты аттармыз,
Ата-ананың үмітін ақтармыз.
Апай, сізден алған ақылды
Есімізде өмір бақи сақтармыз.

Хор

«Біз мектепке барамыз»

Саят

Даярлықтағы күндерді
Есімізде сақтаймыз.
Апай сіңірген еңбегіңізді
Ақтаймыз.

5-оқушы

Баулып, баптап өсірген,
Балалық істі кешірген.
Тәрбиелік сөздеріңізді
Ұмытпаймыз, өздеріңізді.

6-оқушы

Күннен-күнге біздер өсіп барамыз,
Үлкен болып қиындықты жеңеміз.
Сіздердің біздер үшін сіңірген
Еңбектеріңіз еш кетпейді деп сенеміз.

Апайларға мың алғыс!

Қорытынды бөлім

Мектеп деген білім кені, жыр кені,
Мектеп деген — ғылымның ең үлкені.
Мектеп деген — тәрбиеші адамға,
Мектеп деген — даналардың мекені.

Ән

Түлектердің орындауында: «Біз мектепке барамыз»

Би

Қыздар биі

Ән

«Қуыршағым»

Би

«Балдырғандар вальсы»

Қоштасу

Қуанышымыз — мол,
Мектепке біз тарттық жол!
Ұмытпаймыз өзіңді,
Мектепалды даярлық, қош-сау бол!

Жүргізуші: Міне, балаларымыздың жүректері лүпілдеп, мектепке қадам басқалы тұр. Олар бойларындағы бар өнерін сіздерден аямай, барынша тырысып көрсетті. Ақ жол тілеймін, балалар! Сапарларың оң болсын, бүлдіршіндер!