Біздің тұңғыш Елбасы Наш первый Президент Мақсаты

(Бастауыш сыныптарға арналған ашық тәрбие сағаты) «Біздің тұңғыш Елбасы / Наш первый Президент»

Бұл ашық тәрбие сағаты Қазақстан халқының тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолын таныстыруға және оқушылардың азаматтық-патриоттық құндылықтарын нығайтуға бағытталған.

Мақсаты

  1. Қазақ халқының тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолы туралы мағлұмат беру: туған-өскен жері, білім алған оқу орындары, қызмет еткен кезеңдері мен еңбек жолы.
  2. Елбасының өмір жолынан үлгі ала отырып, Отанын және халқын сүюге, ержүректілікке, азаматтық жауапкершілікке, патриоттық сезімге тәрбиелеу.
  3. Оқушылардың жүрегінде Елбасына деген құрмет пен сүйіспеншілік сезімін оятып, қадірлеуге баулу.

Көрнекілігі

  • Слайд көрсету
  • Үнтаспа (аудиожазба)
  • Шарлар
  • Суреттер
  • Кітаптардан көрме

Кіріспе (жүргізушілер сөзі)

1-жүргізуші

Армысыздар, құрметті ұстаздар мен тәуелсіз еліміздің ұрпақтары! Бүгінгі «Біздің тұңғыш Елбасы» атты тәрбие сағатымызды ашық деп жариялаймыз.

Жеткен арман — жаса, тәуелсіздігім,
Өз қолыма берген ерік тізгінін.
Ие болған әлем ілтипатына,
Дербес, бейбіт мемлекетпіз біз бүгін!

2-жүргізуші

Оқушылардың орындауындағы өлең жолдарына назар аударайық.

Оқушылар сөзі (өлеңдер)

1-оқушы

Қазақтың елі — кенен ел, Басшысы — жайсаң, кемел ер. Зейіні зерек, өзі алғыр, Нұр-ата сынды кемеңгер. Қазақтың туын ұстаған, Болашақ жолын нұсқаған. Нұр-ата — аян ғаламға, Беделі биік, күшті адам.

2-оқушы

Зор үміт күткен ғасырдан, Айбыны асқақ жасынан. Өмірге жарқын жол бастаған Көшбасшы-ата — асыл жан. Астана жайып қанатты, Айналды баққа, абатты. Алаштың елі асқақтап, Жер жүзі жұртын қаратты.

3-оқушы

Найзағай отты жүрегі, Құрыштай шымыр білегі. «Шешен» деп сыйлап шартарап, Үніне құлақ түреді. Достықтың керіп желісін, Үйлесім менен келісім. Шешімін құптап көп басшы, Қол соқты жақтап ер ісін.