Саяхат сабақ. Сабақтың тақырыбы

Сабақтың тақырыбы

Қайталау. Арифметикалық амалдар.

Сабақтың мақсаты

  • Білімділік

    Оқушылардың санның разрядтық құрамы туралы білімдерін пысықтау.

  • Дамытушылық

    Ауызша және жазбаша есептеу дағдыларын, логикалық ойлауын дамыту. Тапсырмалар арқылы оқушылардың өз бетінше және топпен жұмыс істеу қабілетін арттырып, математикалық ой-өрісін кеңейту.

  • Тәрбиелік

    Білімділікке, адамгершілікке, жолдастық қарым-қатынасқа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі

Саяхат сабақ (қайталау)

Әдіс-тәсілдер

Топтастыру, іздендіру, сұрақ-жауап, топпен жұмыс, бекіту.

Көрнекіліктер

Бекеттер, поезд, слайд, билеттер, үлестірмелі дидактикалық материалдар.

Жоспар

  1. IҰйымдастыру кезеңі
  2. IIҮй тапсырмасын тексеру
  3. IIIЖаңа сабақ
  4. IVЖаңа сабақты бекіту
  5. VҚорытындылау, бағалау
  6. VIҮйге тапсырма

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

Сұрақ-жауап

Мұғалім: Балалар, қазір қандай сабақ?

Оқушылар: Математика.

Мұғалім: Математика сабағында «Математика еліне» саяхатқа шықсақ қалай қарайсыңдар?

Оқушылар: Шығайық.

Мұғалім: Жолда көптеген тапсырмалар мен есептер кездеседі. Оларды орындауға дайынсыңдар ма?

Оқушылар: Дайынбыз.

Мұғалім: Саяхатқа немен шығамыз деп ойлайсыңдар?

Оқушылар: Поезбен.

Тәуелсіздігіміздің 24 жылдығына орай еліміздің қалаларын аралаған «Тәуелсіздік поезды» бүгінгі саяхатымыздың көлігі болады.

Билет ережесі

Кассаға келіп билет алыңыздар. Қандай нөмірлі билет алсаңыздар, сол нөмірлі вагонға барып отырыңыздар.

Хабарландыру: Құрметті жолаушылар, сіздерге сәт сапар тілейміз! №40 орта мектеп бекетінен «Тәуелсіздік поезды» қозғалғалы тұр, сақ болыңыздар!

Іргетас бекеті: көңіл күйді көтеру

Кел, балалар, ойнайық,
Ойнайық та, ойлайық.
Қандай есеп болса да,
Шешпей оны қоймайық.
Алға қарай самғайық,
Екілікті алмайық.

II. Үй тапсырмасын тексеру

Бұл кезеңде оқушылардың білімін жан-жақты тексеріп, жаңа тапсырмаларға белсенді қатысуға дайындаймыз.

III. Жаңа сабақ (қайталау мазмұны)

Бүгінгі қайталау сабағында үш таңбалы сандарды қосу және азайту бойынша арифметикалық амалдарды орындаймыз.

Қабырға бекеті

№1 тапсырма: салыстыру және есептеу (вагондар бойынша).

Топтық жұмыс

I вагон

  • (375 + 425) − (452 − 152)
  • 800 + 219
  • 3 м 7 дм 5 см + 4 м 2 дм 5 см
  • 6 м 0 дм 0 см − 2 м 8 дм 3 см

II вагон

  • (600 − 364) + (700 − 289)
  • 294 − 158
  • 9 м 0 дм 0 см − 5 м 4 дм 7 см
  • 2 м 5 дм 4 см − 1 м 4 дм 6 см

III вагон

  • (1000 − 250) + (150 + 100)
  • 750 + 250
  • 6 м 2 дм 8 см + 3 м 7 дм 2 см
  • 10 м 0 дм 0 см − 2 м 2 дм 2 см

Әр топтан бір оқушы тапсырманы оқып, дұрыс жауабын слайд арқылы тексереді.

Терезе бекеті

№2 тапсырма: өрнек құрастыр және мәнін тап (тақтамен жұмыс).

I вагон

(381 + 619) − (456 + 344)

II вагон

(1000 − 296) + (1000 − 749)

III вагон

(1000 − 296) + (1000 − 839)

Сұрақ: Терезе бекетінде не істедік?

Жауап: Өрнек құрастырып, мәнін таптық.

Есік бекеті

№3 тапсырма: теңдеулерді шешу.

Жеке және топтық

I вагон

  • 350 : x = 7x = 50
  • x + 397 = 1000 − 603x = 0

II вагон

  • 8 · x = 320x = 40
  • x + 605 = 1000 − 385x = 10

III вагон

  • x : 6 = 60x = 360
  • 218 + x = 100 + 248x = 130

Есік бекеті тапсырмаларды орындағандарыңыз үшін алғыс білдіреді.

Шатыр бекеті

№4 тапсырма: ауызша жұмыс (геометриялық пішіндер).

1-вагон

Төртбұрыш: P — ?

2-вагон

Шаршы: S — ?

3-вагон

Үшбұрыш: сұрақтар бойынша ауызша талқылау.

Сергіту сәті

«Пішіндер әні» (қимыл-қозғалыс арқылы сергіту).

Құбыр бекеті

Есепті оқу, талдау, шартын құру және шығару.

а) Нұсқа

  • Барлығы: 68 кг сыр
  • Еденге: 35 кг
  • Терезеге: 17 кг
  • Үстелге: ? кг

Шешуі: 68 − 35 − 17 = 16 (кг)

ә) Нұсқа

  • Жөндеу аяқталғаны: 34 м
  • Жөндеу жалғасуда: 66 м
  • Барлығы: ?

Шешуі: 34 + 66 = 100 (м)

Бір оқушы тақтада а) нұсқасын орындайды, қалғандары орында ә) нұсқасын шығарады.

Ағаш бекеті

Бекіту: қалып қойған сандарды орнына қою.

I вагон

Слайд бойынша тексерілетін тапсырма.

II вагон

Слайд бойынша тексерілетін тапсырма.

III вагон

43 : 9 = 4 (қалдық 7)

Күн бекеті

Өрнек құр және мәнін тап.

Мысал: 31 − 7 = 24 (күн)

V. Қорытындылау, бағалау

Поезд №40 орта мектеп бекетіне оралды. «Тәуелсіздік поезымен» математика елінің бекеттерін аралап, тапсырмаларды орындап, есептер шығардық. Енді әр бекеттен алған әсерімізді жинақтайық: әр бекеттен бір «бөлшек» алып, соңында өзімізге үй құрастырамыз.

  • 1-бекет — Іргетас

    Іргетасы берік қаланған елді көріп, іргетас әкелдік.

  • 2-бекет — Қабырға

    Төрт құбыласы тең елден төрт қабырға алдық.

  • 3-бекет — Терезе

    Терезесі тең елден терезелерін әкелдік.

  • 4-бекет — Есік

    Қонақжай елден есік алдық.

  • 5-бекет — Шатыр

    Төбеміз көкке жеткендей әсер алып, шатырын алдық.

  • 6-бекет — Құбыр

    Түтіні түзу, берекелі елден мұржа (құбыр) қостық.

  • 7-бекет — Ағаш

    Жайқалған жасыл елден әсер алып, ағаш ектік.

  • 8–10-бекеттер — Білім, бейбітшілік, күн

    Білімді балаларды, аспаны ашық бейбіт елді және жарқыраған күнді көрдік.

Мектеп бекеті: қорытынды өлең

Өлең жолдарын мәнерлеп оқып, сабақтағы белсенділік пен дәлдікке қарай оқушыларды бағалаймыз.

VI. Үйге тапсырма

119-бет, №7: амалдардың орындалу ретін сақтай отырып орындау.

Автор туралы мәлімет

Жамбыл облысы, Шу ауданы, Шу қаласы, №40 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі — Мақсұт Гүлнара Мақсұтқызы.