Оқушыларды сабаққа бағыттап, сабақтың тақырыбымен таныстыру
Ақтөбе облысы · Байғанин ауданы · Қарауылкелді орта мектебі
Өзін-өзі тану пәні мұғалімі: Әріпова Марал
Пәні: Өзін-өзі тану · Сыныбы: 3
Сабақ тақырыбы
Өмірді танып білуге құштарлық
Мақсаты мен міндеттері
Мақсаты
Өмір ұғымының адамгершілік құндылық ретіндегі мәнін ашу.
Міндеттері
- Өмірді тану туралы түсініктерін кеңейту.
- Өмірді танып білуге қызығушылықтарын арттыру.
- Өмірді сүюге, жақсы өмір сүруге тәрбиелеу.
Қажетті ресурстар
Әдіс-тәсілдер
- Түсіндіру
- Сұрақ-жауап
- Әңгімелеу
Сабақтың құрылымы
Ұйымдастыру
Оқушыларды сабаққа бағыттап, сабақтың тақырыбымен таныстыру.
5 “Т” қағидасы
- Тәртіп
- Талап
- Тыныштық
- Тазалық
- Татуылық
Үй тапсырмасы
«Адам болғым келеді»
Тыныштық сәті
Балалар, ыңғайланып, еркін отырыңдар. Көздеріңді жұмсауға да болады. Күн жарқырап, сәулесін мол төгіп тұр. Ауа тап-таза. Аспан көгілдір. Құстар сайрап, даланың сәнін келтіріп тұр. Осылардың бәрі өз жақсылығын барлық адамға, барлық тіршілік иелеріне бірдей көрсетіп тұр. Адамдар да сондай болса ғой...
Әрбір тірі жан — кіп-кішкентай құмырсқадан бастап құстар, аңдар мен жануарлар, адамдар — өз өмірі үшін талпынып, ұрпағы үшін тіршілік етеді. Бәрі де ашық аспан астында, бейбіт елде өмірге келгеніне қуанып, болашағына сеніммен қарайды. Осы жақсы ниетпен бұрынғы қалпымызға келейік.
Негізгі ой
Өмірді сүю — өзіңді, айналаңдағы адамдарды және табиғатты сүю мен сыйлаудан басталады.
Әңгімелесу
Мұғалім оқушыларға өмір сүрудің мәнін ұғындыру үшін және олардың өз пікірін тыңдау мақсатында сұхбат жүргізеді.
- Сұрақ: Өмірді тану не үшін қажет?
- Сұрақ: Өз қызығушылықтарың туралы әңгімелеп беріңдер.
Дәптермен жұмыс
«Алтын балық» тапсырмасы: өзің-өзіңді танудан нені үйренгің келетінін тілектерің арқылы айтып беріңдер.
Мұғалімнің түйіні
Адам ұзақ, жақсы, бақытты өмір сүру үшін өмірді сүюі керек. Өмір — өзімізден, айналамыздағы адамдардан және қоршаған табиғаттан құралады. Сондықтан адам осының бәрін сүйіп, сыйлауы қажет.
Адам өзін табиғи күйінде қабылдауы тиіс: жасандылық — адамға жат қасиет. Жетістікке жету, жақсылыққа, сый-құрметке, қуаныш пен бақытқа кенелу — өмірді танып-білуге деген құштарлыққа байланысты. Көп біліп, білгенін орынды қолданған адамның жақсы өмір сүруі — ақиқат.
Өмірге адам болып келген соң өмірдің қуанышын, бақытын, жақсылығын сезіне білу керек. Өмірді жақсарту, бақытты өмір сүру — өз қолымызда.
Шығармашылық тапсырмалар
Тапсырма
«Өмірді танып білгім келеді» тақырыбына әңгіме құрастырыңдар.
Мәтінмен жұмыс
Мұғалім балалардың өмірге құштарлығын арттыру мақсатында «Ата өсиеті» әңгімесін кідіріс жасап айтып, сұрақтар арқылы оқушыларды талқылауға қатыстырады.
Талқылаудың мақсаты — әңгіменің мәнін ашу, дұрыс қорытынды жасау және оны күнделікті өмірмен байланыстыру.
Түйіндеме және дәйексөз
Түйіндеме
Мұратқа жетудің жолын білу — өз мақсатыңды анықтау, үйренуге талпыну және әрекет арқылы алға жылжу.
Дәйексөз
Мұғалім тақтадағы сөзге назар аудартады, мәнін түсіндіреді. Оқушылар дәйексөзді дәптерлеріне жазады.
«Өзіңді танығың келсе, адамдарға, олардың ісіне қара.»
Жаттығу — ойлану
Оқушылар үш топқа бөлінеді. Әр топ плакаттағы сұлба-сызбаға өз сұрағына жауаптарын жазып, қорғайды.
1-топ
Өмірде кімдердің көмегін, қамқорлығын сезіндіңдер? Олардың өмір сүруге қандай көмегі бар?
2-топ
Өз бойыңнан қандай жақсы қасиеттерді сезіне білдіңдер? Қай жағдайда сол қасиеттеріңнің септігі тиді?
3-топ
Өмірді сүю неге жетелейді? Адамға өмірді танып білу үшін не қажет?
Үй тапсырмасы
1-тапсырма (дәптермен жұмыс)
«Менің бақытты болуым үшін» тақырыбына қысқаша әңгіме құрастырыңдар.
2-тапсырма
«Бақытты балалық шақ» тақырыбына сурет салыңдар.
Қорытынды
Мұғалім оқулықтағы «қоржында» берілген түйінді сөздерді пайдаланып, сабақты қорытындылайды. Оқушылар бүгінгі сабақтан алған түсініктерін Ә. Дүйсенбиевтің «Біз өмірдің гүліміз» өлеңі арқылы білдіреді.
Бүгінгі сабақтан түсінгеніміз: өмірді сүю, оған құштар болу — бақытты әрі жақсы өмір сүруге көмектеседі. Бұл өмір — өздерің сияқты балалардың қызықты әлемі. Өмірдің гүлі де, қуанышы да — сендерсіңдер. Өздеріңді сүйіңдер.
«Біз өмірдің гүліміз» (өлең мәтіні)
Зеңгір көктен,
Нұрын төккен,
Ортақ біздің күніміз —
Шақырады әніміз.
Бал достыққа,
Жолдастыққа,
Жайнап өскен,
Тыныштықта.
Жайдары өскен,
Нұр құшақта,
Біз өмірдің гүліміз,
Бақыттымыз бәріміз.
Авторлар
- Сөзін жазған
- Ә. Дүйсенбиев
- Әнін жазған
- Б. Ғизатов
Үнтаспадан «Біз өмірдің гүліміз» әні тыңдалады. Оқушылар бәрі бірге қосылып айтады.