Рәміздерді ата
Сабақтың тақырыбы
«Әліппе — әдемі, әріптер әлемі»
Сабақтың мақсаты
-
Білімділік: сауат ашу пәні бойынша оқушылардың меңгерген білімдерін көрсетуге мүмкіндік беру.
-
Дамытушылық: мәнерлеп өлең оқу, қара сөз айту арқылы білім, білік, дағдыларын одан әрі жетілдіру.
-
Тәрбиелік: оқуға, білім алуға, қоршаған ортаны аялауға, достық қарым-қатынас орнатуға тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі
«Әліппе», «Ана тілі», «Математика» макеттері, қанатты сөздер, саңырауқұлақ пен гүлдер үлгілері, безендіру құралдары.
Ескерту: Бұл жоспар ертеңгілік форматында ұйымдастырылып, оқушылардың қысқа уақытта алған білімдері мен өнерін көрсетуге бағытталған.
Ертеңгіліктің өтілу барысы
Ұйымдастыру бөлімі
- Оқушыларды тұрғызу
- Қонақтарды қарсы алу
Жоспар
I бөлім
Рәміздерім — мақтанышым
II бөлім
Әліппе — білім бастауы
III бөлім
Ғажайып математика
IV бөлім
Ана тілі — дана тілі
V бөлім
Әдептілік әліппесі
Ашылу салтанаты
Қазақ биі: «Сарыжайлау»
Көрініс: Ана тілі мен Әліппенің диалогы
Ана тілі
Келіңдер, келіңдер! Әліппені қалай оқитыныңды, қаншалықты меңгергеніңді көрейін. Менің досым Әліппе қайда жүр?
Әліппе
Мен басқа мектептерде Әліппе мерекесінде болдым. Енді сендерге келдім.
Өлең жолдары
Ұстаздар мен балалар,
Аталар мен аналар,
Танысыңдар досыммен,
Достасыңдар осымен.
Аттанғанда бүгін мен,
Ана тілін таныңдар,
Оқып ана тілін,
Ақыл, білім алыңдар.
Мұғалімнің құттықтау сөзі
Құрметті ата-аналар, ұстаздар, оқушылар және келген қонақтар! Бүгін сіздер «Әліппе — әдемі әріптер әлемі» атты ертеңгілікті тамашалайсыздар.
Қоңыр күзде күміс қоңырау үнімен алғашқы сабаққа қадам басқан шәкірттердің тұңғыш рет қолына алып, бетін ашқан оқулығы — Әліппе. Бұл кітап — ғылым дүниесіне бастайтын алғашқы соқпақ, білімге жетелейтін алғашқы жол.
Әліппе арқылы біз 42 әріпті меңгердік. Енді алдағы уақытта білімнің биік шыңына қарай нық қадам басамыз. Олай болса, оқушылардың Әліппені қалай меңгергенін, қалай есептеп, қалай жаза алатынын бірге тамашалайық.
Мерекеміз құтты болсын!
Кезек 1-сынып бүлдіршіндеріне беріледі.
Жүргізушілер сөзі
1-жүргізуші
Армысыздар, құрметті қонақтар!
Елімізде жыл сайын біз тәрізді мектеп табалдырығын алғаш аттайтын бүлдіршіндер қатары артып келеді.
2-жүргізуші
Сәлеметсіздер ме, ата-аналар, ұстаздар!
Бүгін Қорғантұз орта мектебінің 1-сынып оқушылары үшін қуанышты күн. Себебі біз алғашқы әріп танытып, сауатымызды ашқан досымыз — Әліппемен қоштасамыз.
Ертеңгілік бірнеше бөлімнен тұрады. Әр бөлім атауына сай оқушылардың аз уақыт ішінде алған білімдері мен өнерлеріне куә боласыздар.
Ән жолдары
Алтын күн төгеді шапағын,
Шырқаймыз өмірдің шат әнін.
Мың алғыс өзіңе, ұстазым,
Мың алғыс өзіңе, мектебім!
Оқушының басты міндеті
Оқушының басты міндеті — оқу. Білімін одан әрі шыңдау үшін ізденіспен еңбектеніп, мектеп қабырғасынан сапалы білім алып, өнегелі тәрбие алып, елін-жерін қорғайтын азамат болып өсуі керек.
Әліппенің алғашқы бетінде Елбасымыздың бүлдіршіндерге арналған даналық сөзі берілген. (Бір оқушы дауыстап оқып береді.) Бұл сөзді жай оқып қана қоймай, әрдайым жадымызда сақтайық.
I бөлім: Рәміздерім — мақтанышым
Егеменді еліміз жер бетіндегі басқа мемлекеттермен терезесі тең, өркениетті ел ретінде танылды. Әр мемлекеттің өз Туы, Елтаңбасы, Әнұраны болады. Олар — мемлекеттің ресми белгілері, яғни рәміздер.
Оқушылардың тақпақтары
1-оқушы
Отан — менің ата-анам,
Отан — досым, бауырым.
Отан — өлкем, астанам,
Отан — туған ауылым!
Т. Молдағалиевтің «Республика рәміздері» өлеңінен үзінді оқылады.
- 2-оқушы: Әнұран
- 3-оқушы: Елтаңба
- 4-оқушы: Біздің Ту
Әліппенің сұрақтары
-
1) Елбасымыз кім?
(Оқушылар жауап береді.)
-
2) Тәуелсіздігіміздің биыл неше жылдығын тойлап жатырмыз?
(Оқушылар жауап береді.)
-
3) Қазақстан Республикасының астанасы қай қала?
(Оқушылар жауап береді.)
-
4) Рәміздерді ата.
(Оқушылар жауап береді.)
Көк жүзінде көгілдір, гүл жайнаған мөлдір нұр. Қазақстан жалауы — желбірейді аспанда, Отан орны асқарда.
Хор
«Бақытты балалық шақ» әні
II бөлім: Әліппе — білім бастауы
Бұл бөлімде оқушылар Әліппенің беттерінен осы уақытқа дейін не үйренгенін ортаға салып, алған білімдерін саралайды.
Тақпақ
Барлық әріп бағалы,
Айттық әділ бағаны.
Әріпсіз сөз болмайды,
Буын онсыз толмайды.
Адам барлық әріпті
Ардақтайды, қолдайды.
Жүргізуші
Алфавиттер, келіңдер! Орындарыңа тұрыңдар! Бастайық, қане, айтысты!