Тұз қышқылын алу әдісі
Ұлттық ойындарды химия сабақтарында қолдану
Еліміз егемендік алғаннан бері білім беруде халықтық педагогиканың тағылымдарын пайдалану мұғалім мен оқушыға жаңа серпін беріп келеді. Химия сабақтарында ұлттық салт-дәстүр элементтерін кіріктіру оқушылардың пәнге қызығушылығын арттырып, танымдық белсенділігін күшейтеді.
«Алтын сақа» ойыны (бейорганикалық қосылыстар)
Бейорганикалық қосылыстар тақырыбын оқушыларға жеңіл әрі қызықты меңгертуде «Алтын сақа» ойынын ұйымдастырдым. Бұл тақырыптағы элементтер мен қосылыстар оқушыларға таныс болғандықтан, ойын оқу үдерісін жандандыра түседі.
Ойын шарты
- Жиырма асықтың әрқайсысына химиялық элементтердің таңбасы жазылып, қоржынға салынады. Екі қатардан екі оқушы шығып, алынған элементтерді металдар және бейметалдар деп ажыратады.
- Қатырма қағазға рим цифрларымен белгіленген валенттіліктердің үстіне сәйкес элементтер жазылған асықтар орналастырылады.
- Бір-бірімен әрекеттесетін элемент-асықтар таңдалып, тақтаға реакция теңдеуі жазылады және түзілген заттың атауы айтылады.
Мысал теңдеулер
2Ca + O2 → 2CaO
кальций оксиді
2H2 + O2 → 2H2O
су
2Mg + O2 → 2MgO
магний оксиді
S + O2 → SO2
күкірт(IV) оксиді
«Сиқырлы сандық» ойыны (8-сыныпқа қайталау)
8-сыныптың қайталау сабақтарында «Сиқырлы сандық» ойынын қолдандым. Бұл тәсіл химиялық қосылыстардың тұрмыста, құрылыста және табиғаттағы маңызын түсіндіруде тиімді көмектеседі.
Сандыққа салынатын формулалар (үлгі)
Мұғалім әр заттың формуласын көрсетпей тұрып, оның қолданылатын орнын сипаттайды. Оқушылар сипаттама бойынша затты табуы керек. Дұрыс жауап болғанда мұғалім сандықтан тиісті формуланы алып көрсетіп, растау жасайды.
Сипаттама бойынша табу (мысалдар)
- Құрылыста «сөндірілген әк» атауымен қолданылатын қосылыс — Ca(OH)2.
- Үйде ас дайындауда жиі пайдаланылатын зат — NaCl.
- Торт пісіруде қолданылатын ұнтақ — NaHCO3.
- Алғашқы көмекке пайдаланылатын бейметалл — I2.
- Тірі ағзалар онсыз өмір сүре алмайтын газ — O2.
- Екі газдан түзілетін ең қажетті сұйық — H2O.
- Тірі ағзалар тыныс алғанда бөлінетін газ — CO2.
- Аккумуляторға құйылатын сұйық ретінде қолданылатын ерітінді/электролиттер — H2SO4, кей жағдайларда NaOH.
Тілдік және логикалық тапсырмалар
Оқушының сөздік қорын, логикалық ойлауын және пәндік байланысын дамыту үшін тілдік тапсырмалар мен жұмбақтарды да қолдануға болады.
«Жеті жұрттың тілін біл» (қазақша, орысша, латынша)
Бұл бөлімде оқушылар элементтер мен заттардың атауын әр тілде айтып, белгілеу дағдысын жетілдіреді.
- «Өзім газбын, менімен демаласың; жоқ болсам ауа жетпей қиналасың.»
- «Ең жеңіл элементпін, периодтық жүйе меннен басталады.»
- «Өзім ауыр металлға жатамын, балалар осы металл құйған сақамен ойнайды.»
- «Машина мен трактордың “жаны”, қара металлургияның “наны”.»
- «Аспандағы айды осы элементпен теңестіреді, салмақты адамды мақтауды да осы сөзбен келістіреді.»
Жұмбақтар
- «Алғашқы буыным — тасқын су, екінші буыным — мал құлағына салынатын белгі.»
- «Бірінші бөлігім — көп емес, екінші бөлігім — тілсіз жау.»
- «Бірінші бөлігім — “алда бол” деген, екінші бөлігім — сан есім. Өзім шипалы газбын. Сонда мен қай газбын?»
- «Бірінші буыным — жалқы есімге қойылатын сұрақ, екінші буыным — сан есім. Өзім қай химиялық элементпін?»
Графикалық тест: «Сутегі. Қышқылдар. Тұздар»
Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту мақсатында «Сутегі. Қышқылдар. Тұздар» тақырыбын қорытындылауда графикалық тест тапсырмаларын қолдандым. Мұнда ғылыми ұғым мен ұлттық-тарихи ұғымды салыстыра отырып, білімді бекітуге мүмкіндік туады.
Ғылыми ұғымдағы тапсырмалар
- Тұз қышқылын алу әдісі. (2,5: 6,5) (4,5: 6,5)
- 40%-дық HCl тығыздығы. (4,5: 4,5)
- Cl− хлорид ионын анықтайтын реактив. (2,5: 4,5)
- Мырышпен әрекеттескенде бөлінетін газ. (5,5: 3,5)
- Реакцияны баяулататын зат. (5,5: 2,0)
- Сабын алу үшін қолданылатын тұз. (4,5: 1)
- Медицинада дәрі-дәрмек ретінде тұз қышқылының неше пайыздық ерітіндісі қолданылады? (2,5: 1)
- Зертханалық алу әдісінде қолданылатын реактивтер. (1,5: 3,5) (1,5: 2)
Ұлттық-тарихи ұғымдағы тапсырмалар
- «Ас — иманы ...» (4: 7)
- «Қызды сөкпе, тұзды ...» (3,5: 5)
- Арал өңіріндегі тұзды көл. (2: 6)
- Жақсықылыш тұзының қоры шамамен ... (1: 4,5)
- Қазақстанда тұздың қанша пайызы Арал тұз кен орнында өндіріледі?
- Адамның тәуліктік тұз тұтыну мөлшері. (3: 4)
- Қан сарысуындағы тұз мөлшері. (2,5: 4,5)
- Жақсықылыш көлінің ұзындығы. (2,5: 4)
- «Сольтрест» және «Аралсульфат» кәсіпорындарының құрылған жылдары. (2,5: 2,5) (4: 2,5)
- Ас тұзының халықаралық атауы. (3: 5,5)
Қорытынды
Ойын арқылы өткізілген сабақтар оқушылардың химия пәніне қызығушылығын арттырады. Химия сабақтарында мүмкіндігінше халықтық педагогиканы қолдану оқушыларды ұлттық сезіммен жігерлендіріп, ынтасын күшейтеді.
Бұл тәсілдерді жүйелі қолдану нәтижесінде оқушылардың өз бетімен жұмыс істеу дағдысы нығайып, қазіргі ақпараттық жүйелерді, электрондық оқулықтарды пайдалану, интерактивті тақтамен жұмыс істеу біліктілігі мен оқу белсенділігі артатынын байқадым.
Түйін сөз
Құзырлылық — адамның рухани байлығы,
Бәсекеге әрдайым сай болуының айғағы.
Кәсіби қызметтің биігінен
Ұстаздың балаға жайлылығы көрінеді.