Күзде жауын
Сабақтың тақырыбы
Күзде жапырақ неге сарғаяды және неге түседі?
Мақсаты
- Жапырақ туралы түсінік қалыптастыруға жағдай жасау.
- Өсімдіктердің тіршілігі туралы бұрын алған білімді кеңейту.
- Табиғатты қорғауға, оған деген сүйіспеншілікті арттыруға ықпал ету.
- Достыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі
Сын тұрғысынан ойлау.
Әдіс-тәсілдер
Пәнаралық байланыс
- Ән
- Бейнелеу өнері
- Ана тілі
- Өзін-өзі тану
Сабақтың барысы
I. Қызығушылықты ояту
Бейнетаспадан табиғат туралы қысқа үзінді көрсетіледі. Одан кейін өлең жолдары хормен әртүрлі қарқынмен айтылады:
Табиғат — ол анамыз,
Табиғатқа — баламыз.
Тапсырма: жай, қаттырақ, одан да қатты айту.
II. Психологиялық дайындық
Бүгін бізге қонақтар келді. Қонақтар сендердің білімдеріңді байқайды. Сабақта алаңдамай, еркін жұмыс істеңдер. Сендерге сәттілік тілеймін.
Ұранымыз: Ақтай бидің сөзі.
III. Үй тапсырмасын бекіту
-
Гербарий
Жапырақтан гербарий жасап келу.
-
Сурет
Жапырақтың суретін салу.
IV. Ауа райын болжау
Кезекшінің есебі тыңдалады. Күнтізбе бойынша ауа райына болжам жасалады.
V. Мағынаны тану
Күзде жауын. Бұлт, тұман. Жапырақтар жауады.
Сары құйын ұйтқыған,
Сапырады ауаны.
Тапталады табанға,
Судыр, судыр жапырақ,
Өрттей сары бояуға
Малынғандай атырап.
Мұзафар Әлімбаев.
Ақын суреттегендей, судырлаған жапырақтарға назар аударайық. Өткен сабақта топсеруенге шығып, жапырақтар жинаған болатынбыз. Енді сол жапырақтарды қарастырамыз.
Талқылау сұрағы 1
Жапырақтардың түсі қандай?
Талқылау сұрағы 2
Қазір жылдың қай мезгілі?
Талқылау сұрағы 3
Ағаштар жыл мезгілдеріне қарай қалай өзгереді?
VI. Ой қозғау
Мұғалім кодоскопта жапырақтың суретін салып көрсетеді. Оқушылар өсімдіктің мүшелерін толықтырады:
VII. Сергіту сәті
Өлеңді қимыл-қозғалыс арқылы көрсету:
Жаңбыр жауып басылды,
Аспан шайдай ашылды.
Желмен бірге жапырақ,
Сыбдыр қағып шашылды.
- Күзде судырлайды: су, су, су, су.
- Қыста қурайды: қу, қу, қу, қу.
- Көктемде гүлдейді: гу, гу, гу, гу.
- Жазда жайқалады: жа, жа, жа, жа.
VIII. Топпен жұмыс
I-топ
Сары жапырақ
- Күн қысқарып, түн ұзарады.
- Жарық азаяды.
- Жапырақта хлорофилл түзілуі бәсеңдейді.
- Өсімдіктің қоректенуі баяулайды.
- Күн сәулесі жылуды аз береді.
II-топ
Жасыл жапырақ
- Жылу жеткілікті.
- Жарық мол.
- Жапырақта хлорофилл түзіледі.
IX. Венн диаграммасы (салыстыру)
Жапырақ
- таза ауаға үлес қосады
- әсемдік береді
- алуан түрлі болады
- өсімдіктің маңызды мүшесі
Ортақ белгілер
- өсімдік мүшелері
- өсімдіктің тіршілігіне қатысады
Сабақ
- тірек қызметін атқарады
- иілгіш болуы мүмкін
- биік, жуан болып өседі
X. Сабақты бекіту
Қазақстан Республикасында қоршаған ортаны қорғау туралы заң бар. Сол заңның 38-бабында табиғатты қорғау және оны таза ұстау әр адамның міндеті екені айтылған.
Сендер — келешекте елді көркейтетін азаматсыңдар. Сондықтан осы мектеп партасында отырған кезден бастап-ақ табиғатқа жауапкершілікпен қарауды үйренулерің керек.
Ағаш жапырақсыз сәнсіз. Жапырақ — оның ең қажетті, маңызды мүшелерінің бірі.
Ән
«Жау, жау, жаңбыр» (хормен).
XI. Бағалау
Оқушылардың сабаққа қатысуы, жауаптары және топтық жұмыстағы белсенділігі бойынша бағаланады.