Мынау қандай пішіндер
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Білім беру саласы
Әлеуметтік орта
Білім беру бөлімі
Қоршаған ортамен таныстыру
Тақырыбы
Үй құстары
Мақсаты
- Балаларды үй құстарымен таныстыру, олардың тіршілігі мен пайдасын түсіндіру арқылы білімін және танымын жетілдіру.
- Суреттер, үнтаспа және дидактикалық ойындар арқылы сөздік қорын және есте сақтау қабілетін дамыту.
- Үй құстарына қамқорлықпен қарауға, адамгершілікке тәрбиелеу.
Ұйымдастыру
- Әдіс-тәсілдері
- Көрсету, сұрақ-жауап, дидактикалық ойындар және т.б.
- Қос тілділік компоненті
- құс — птица
- Керекті құралдар
- Суреттер, үнтаспа, дидактикалық материалдар.
Кіріспе бөлім
«Жылулық шеңбері»
Қуан, шаттан, алақай, Қуанатын күн келді. Күліп шықты күн бүгін, Қайырлы таң! Қайырлы күн!
Мақсаты: балалардың көңіл күйін көтеру және оқу іс-әрекетіне дайындау.
«Сиқырлы қорапша» арқылы әңгіме
Тәрбиеші балаларға қорапшаның астындағы суреттерді көрсетіп, әр құсты таныстырады және дыбысын айтқызады.
Сұрақ-жауап үлгісі
- «Мынау ненің суреті?» — Әтеш. «Қандай дыбыс шығарады?» — «Ку-ка-ре-ку».
- «Мынау ненің суреті?» — Тауық. «Қандай дыбыс шығарады?» — «Қыт-қыт-қыт».
- «Мынау ненің суреті?» — Үйрек. «Қандай дыбыс шығарады?» — «Кря-кря».
- «Мынау ненің суреті?» — Қаз. «Қандай дыбыс шығарады?» — «Га-га».
Одан кейін балалар үнтаспадан үй құстарының жанды дауысын тыңдайды. Тәрбиеші: «Бұларды неге үй құстары дейміз?» деген сұрақ арқылы түсіндіреді: оларды үйдің жанында асыраймыз, күтеміз, баптаймыз.
Негізгі бөлім
Пішіндер арқылы құстың құрылымын құрастыру
Тәрбиеші геометриялық пішіндерді атай отырып, құстың негізгі бөліктерін құрастыруды ұсынады:
Дөңгелек
Құстың басы.
Үшбұрыш (кіші)
Құстың тұмсығы.
Үшбұрыш (үлкен)
Құстың денесі.
Сопақ
Құстың қанаты.
Төртбұрыш
Құстың аяқтары.
Қорытынды: үй құстарының басы, тұмсығы, денесі, қанаты, аяқтары болады.
Үй құстарының пайдасы
Әтеш таңертең «ку-ка-ре-ку» деп шақырып, бізді оятады.
Тауық пен қаздың жұмыртқасын тағамға пайдаланамыз. Жұмыртқадан торт, печенье сияқты тәттілер де пісіріледі.
Құстың жүнінен жастық жасауға болады.
Құстың етінен түрлі тағамдар дайындалады.
Сергіту сәті
Қазым, қазым қаңқылдап, Көлде жатыр салқындап. Жем шашайын, жейсің бе? Кәмпит берші дейсің бе? Жоқ, жоқ, жоқ, Кәмпит тәтті ас болмас, Арпа менен бидай шаш.
Балалардың тақпақтары
Іңкәр
Күнәһарлық істеме, Тауықтарды тістеме. Моп-момақан үйрекке, Тентектікті үйретпе.
Шырай
Ақ тауық-ай, ақ тауық, Ақ тауық неткен қақсауық. Ертемен қыт-қыттайды, Ауламыздан шықпайды.
Адина
Ширақ атта бір уақ, Алсын құстар өнеге. Жол үстінде тұрып-ап, Жолаушыны бөгеме.
Асхат
Оятпа, қораз, сен бізді, Өзім де сездім таң атты. Сенсіз-ақ білем мезгілді, Танимын енді сағатты.
Дидактикалық ойындар
1) «Балапандарын тап»
Шарты: үй құстарының балапандарын тауып, қарындашпен аналарына қарай сызық жүргізу.
2) «Үй құстарын тап»
Шарты: дала құстары мен үй құстарының ішінен үй құстарын тауып, атап беру.
Қорытынды
Балалар оқу іс-әрекетіне белсенді қатысып, үй құстарын ажырата білді, олардың қорегі мен пайдасын түсінді, қамқорлық жасаудың маңызын ұғынды. Қаз бен әтеш балаларға алғысын білдіріп, сыйлықтарын ұсынуға дайын.