Алда жол жөндеу жұмысы жүріп жатыр деген белгі
Қызылорда қаласы, №7 орта мектеп
Бастауыш сынып мұғалімі: Төлепбаева Гүлмира Әбдіғапбарқызы
Жылдамдық. Уақыт. Қашықтық
Сабақтың мақсаты
1) Білімділік
- Өткен сабақта алған білімді пысықтау.
- Жылдамдық, уақыт, қашықтыққа қатысты есептерді теңдеу құру арқылы шешу жолдарын үйрету.
- Ойлау қабілетін дамыту, өзін-өзі бақылауға және өз бетімен жұмыс істеуге дағдыландыру.
2) Дамытушылық
- Оқушылардың ой-өрісін, өзіндік іс-әрекетін және дүниетанымын дамыту.
- Өздігінен қорытынды шығаруға машықтандыру.
- Пәнге қызығушылығы мен белсенділігін арттыру.
3) Тәрбиелік
- Білімнің құндылығын түсінуге тәрбиелеу.
- Адамгершілікке және ұқыптылыққа баулу.
- Жолда қауіпсіз жүріп-тұру мәдениетін қалыптастыру.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру
Слайд №2Күндей жадырап, айдай арайлап, жұлдыздай жарқырап, судай мөлдір таза көңілмен бүгінгі сабағымызды бастайық.
II. Үй тапсырмасын тексеру
Қайталау сұрақтары
- Жылдамдық, уақыт, қашықтық қандай әріптермен белгіленеді?
- Жылдамдық деген не? Уақыт неге тең? Қашықтық неге тең?
- Формулаларды жаз.
«Ой біл тап!» ойыны
Слайд №4Өлшем бірліктерін дұрыс сәйкестендір.
III. Жаңа сабақ: саяхат-сабақ
Слайд №5Бір су жаңа «Жигули» машинасы зауыттан шығып, қалаға қарай жол тартады. Көлігі әдемі, жылдам, орнында айнала алады, тежегіші де мықты. Бірақ оған ешкім жол ережесін үйретпеген екен.
Қалаға кіреберісте қандай белгі кездесті?
Слайд №6Жауап: жаяу жүргіншілерге арналған белгі.
Машиналар асықпас үшін, жаяу адам еркін жүру үшін, оларға көмек беру үшін — кезекшіміз жыл бойы.
Слайд №7
Есеп 1: Жас айырмасы
Слайд №8Шарты
- Қарындасы: 8 жаста
- Ағасы: одан 3 жас үлкен
Шешуі
8 + 3 = 11 (жас)
x − 3 = 8
x = 8 + 3 = 11
Жауабы: ағасы 11 жаста.
Жол белгісі: жылдамдық шектеуі
Слайд №9Белгі мазмұны: сағатына 60 км-ден артық жүруге болмайды.
Есеп 3: теңдеу арқылы шешу
Слайд №10–11| Көлік | V (км/сағ) | t | S |
|---|---|---|---|
| Жүк көлігі | 60 | 2 сағ | — |
| Жеңіл көлік | x | 2 сағ | Барлығы 300 км |
1-тәсіл
300 − (60 × 2) = 180 (км)
180 ÷ 2 = 90 (км/сағ)
2-тәсіл (теңдеу)
2x + 60 × 2 = 300
2x = 300 − 120 = 180
x = 90
Жауабы: 90 км/сағ.
Осы жылдамдық дұрыс па? Жоқ, өйткені белгі бойынша 60 км/сағ-тан аспау керек.
Жол белгісі: жол жөндеу
Слайд №12Қолында күрегі бар белгі — алда жол жөндеу жұмысы жүріп жатқанын білдіреді. Бұл тұста қозғалыс шектелуі мүмкін, сондықтан жүргізуші айналып өтуі керек.
Есеп 5
Слайд №13Берілгені
- Барлығы: 80 км
- I күні: 80 ÷ 5
- II күні: 80 ÷ 4
Шешуі
80 ÷ 5 + 80 ÷ 4 = 36 (км)
80 − 36 = 44 (км)
Жауабы: екі күнде 36 км, қалды 44 км.
Сергіту сәті
Слайд №14Оңға, оңға — түзу тұр.
Солға, солға — түзу тұр.
Артқа қарай бір қадам, алға қарай бір қадам.
Жоғары-төмен қарайық, орнымызды табайық!
Қиылыстар және геометриялық сызықтар
Кесінділер
OK, OE
Түзулер
AD, CB
Сәулелер
OA, OC, OD, OB, EB, KD, EC, KA
Бағдаршам ойыны
Слайд №17- Жасыл жанғанда — орнымызда жүреміз.
- Сары жанғанда — сол аяғымызды көтереміз.
- Қызыл жанғанда — тік тұрамыз.
Ойын кезінде жол ережесін бұзғаны үшін жол инспекторы «Жигулиді» тоқтатты. Енді есептер арқылы жол белгілерін түсіндірейік.
8-тапсырма: өрнектерді салыстыру
Слайд №18–19Мысалдар
900:3*2 = 600
900:(3*2) = 150
(900+100):2 = 500
900+100:2 = 950
(8000-4000):4 = 1000
8000-4000:4 = 7000
Қорытынды
- Жақшалы өрнектерде алдымен жақша ішіндегі амал орындалады.
- Жақшасыз өрнектерде алдымен көбейту мен бөлу, содан кейін қосу мен азайту орындалады.
- Бірдей дәрежелі амалдар солдан оңға қарай есептеледі.
9-тапсырма: жылдам есептеу
Егер 9-тапсырмадағы есептерді жылдам орындасақ, жол инспекторының дайындаған тосын сыйын білеміз.
Бірнеше мысалды орындау арқылы біз «Жигулиге» жол белгілерін түсіндірдік. Оқушылардың белсенділігіне риза болған жол инспекторы марапат ұсынды.
Тосын сый: куәлік
Слайд №22КУӘЛІК
Жол белгілерін жақсы меңгергені үшін 4 «Ә» сынып оқушысы ________________ 2011 жылдан бастап бір жыл бойы қоғамдық көліктерде тегін жүруге құқылы.
Жол инспекторы
Қорытынды сөз: көп оқып, көп білгеннің пайдасы бар. Сендердің көмектеріңмен «Жигули» ертеңнен бастап қаладағы автомектепте оқитын болды. Аман-есен жүрейік, жол тәртібін білейік.
Слайд №23
IV. Қорытынды
Слайд №24Бүгінгі сабақта:
- мысалдар мен есептер шығардық;
- есептердің шешімін табу үшін теңдеу құрдық;
- сызық түрлерін қайталадық;
- жол белгілерін еске түсіріп, жолда абай болуға тәрбиелендік.
V. Үй тапсырмасы
Слайд №25- 119-бет: 2, 4-есептер.
- 120-бет: 10-мысал.
- 7-есеп — ауызша.
VI. Бағалау
Слайд №26Оқушылардың сабаққа қатысуы, тапсырмаларды орындауы және белсенділігі бойынша бағалау жүргізіледі.