Оқушыларды екі қатарға тұрғызу

Сыныбы: 3

1 желтоқсан — Тұңғыш Президент күніне арналған тәрбие сағатының мазмұны мен өткізу жоспары.

Сабақтың мақсаты

  • 1 желтоқсан — Тұңғыш Президент күні мерекесінің мәнін түсіндіру.
  • Қазақ халқының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолы, еңбегі мен ел үшін атқарған қызметі туралы мәлімет беру: туған жері, оқыған орындары, еңбек еткен ортасы.
  • Оқушылардың бойында Отанға сүйіспеншілікті, елжандылықты, азаматтық жауапкершілікті, ержүректілік пен патриоттық сезімді тәрбиелеу.

Сабақтың түрі

Тәрбие сағаты.

Сабақтың әдісі

Түсіндіру, сұрақ-жауап, талдау, жинақтау.

Көрнекілігі

Интерактивті тақта Слайд Шар Буклет Нақыл сөздер

Барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

  1. Оқушыларды екі қатарға тұрғызу.
  2. Екі жүргізуші ортаға шығады.

Ельдар

Армысыздар, құрметті ұстаздар мен оқушылар!

Алима

Қайырлы күн, құрметті қонақтар!

Ельдар

1 желтоқсан — Тұңғыш Президент күніне арналған «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы» атты тәрбие сағатымызды ашық деп жариялаймыз.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны орындалады.

Жүргізушілердің өлең жолдары

Алима

Келбетіңнен ізгілік нұр көрінген,
Лебізіңнен ұлы арман өрілген.
Сенің арқаң — Қазақстан көркейіп,
Достық әні шарықтады төрімнен.

Ельдар

Серпігенде бодандықтың тұманын,
Жетті әлемге ұраным мен жыр-әнім.
Өзің болдың көшбасшысы елімнің,
Өзің болдың биік ұшқан қыраным.

Оқушылардың тақпақтары

Сахнаға 4 оқушы шығып, өлең шумақтарын оқиды.

Ақнұр

Атыңнан айналайын, егемен ел!
Тәуелсіз күнің туды, кенеле бер.
Мерейің құтты болсын, Нұр ата,
Ғасырдың тойы болсын, келе берер.

Ернұр

Болашағы Қазақстанның — алдағы,
Орындалсын қазағымның арманы.
Елбасымыз — Назарбаев Нұрсұлтан,
Халқымыздың таңдап алған таңдауы.

Диляра

Асқақ болсын еліміздің жалауы,
Мәңгі жансын тәуелсіздік алауы.
Еңбек, достық, бейбітшілік, береке —
Қазақстан Республикасының қалауы.

Ерсұлтан

Еліміздің тыныштығын ойлайтын,
Халқым менің Елбасын қолдайтын.
Бәрімізге тыныш өмір сыйлаған,
Жасай берсін Назарбаев Нұрсұлтан!

Алима

Ауыр күнді артымызға тастауы,
Қиын сәтте қиындықтан қашпауы.
Тілім, дінім, ұлтым қайта көгерген —
Елбасымыз Нұрағаңның бастауы.

Туды ұстап тура жолға түсіріп,
Жас Отанның мәнін терең түсініп,
«Елім, жерім!» деп ұрандап тайсалмай,
Бір керемет жасады-ау кісілік.

Ельдар

Қазір слайдқа назар аударайық.

Өмірбаяннан қысқаша мәлімет

Алима

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 1940 жылдың 6 шілдесінде Алматы облысы, Қаскелең ауданына қарасты Шамалған ауылында дүниеге келген. Балалық шағы таршылық жағдайда өтті. Мектепте жақсы оқып, сапалы білім алды. Ата-анасын ерекше құрмет тұтты.

Малика

Ол ерте есейді. Орта мектепті бітіре салысымен Кеңес Одағындағы аса ірі Қарағанды металлургия комбинатының құрылысына аттанды. Құрылыста еңбек еткеннен кейін, бір топ қазақстандықпен бірге Украинаға барып металлург-жұмысшы мамандығын меңгерді. Шойын құюшы, домна пешінің көмекшісі қызметтерін атқарып, кейінірек инженер дәрежесіне көтерілді.