Бел айналымы
Қызылорда қаласы, №197 қазақ орта мектебі • Технология пәні
Мұғалім: Альжанова Роза Зейнуллаевна
Өлшемді анықтау және пішімдерді пайдалану
Бұл сабақта оқушылар өз бетінше өлшем алуды үйренеді, киім таңдауда әсемдік пен талғамның маңызын түсінеді, сондай-ақ алынған өлшемдерді пішіммен жұмыс барысында дұрыс қолдануға дағдыланады.
Сабақтың мақсаты
- Оқушыларға өз бетінше өлшем алуды үйрету.
- Әсемдікке баулу, талғаммен киіне білу мәдениетін қалыптастыру.
Сабақтың міндеттері
Білімділік
Өлшем алу туралы толық мәлімет беру, өлшем алуды үйрету.
Дамытушылық
Теориялық білімді сарамандық жұмыста қолдану, өз бетінше ізденуге дағдыландыру, ой-өрісті дамыту.
Тәрбиелілік
Ұқыптылыққа, талғампаздыққа, икемділікке тәрбиелеу, өнерге қызығушылықты арттыру.
Пәнаралық байланыс
Сабақтың әдістері
- Теориялық сабақ
- Сарамандық жұмыс
- Әңгімелеу, түсіндіру
Сабақтың барысы
1) Ұйымдастыру кезеңі
- Оқушылармен сәлемдесу.
- Оқушыларды түгендеу.
- Оқу құралдарын тексеру.
- Оқушылардың зейінін сабаққа аударту.
2) Өткен сабақты қайталау (сұрақтар)
3) Жаңа сабақты түсіндіру
Пішімді көшіріп алу үшін қажет құралдар
- Сантиметрлік таспа
- Калька
- Қарындаш немесе қалам
- Сызғыш
- Қайшы
- Түйрегіштер
Пішімді көшіріп алмас бұрын әр оқушы берілген кесте бойынша өзінің өлшемін алуы керек. Өлшемдер оқулықтағы 108-бет, 44-суреттегі тәртіппен алынады.
Негізгі өлшемдер (13 өлшем)
Әр өлшемді таспаны бұрмаламай, денеге қыспай, дәл түсіріп өлшеңдер.
-
1) Кеуде орамы
Кеуденің ең шығыңқы тұсынан сантиметрлік таспамен айналдыра өлшенеді.
-
2) Бел орамы
Белді айналдыра өлшенеді.
-
3) Мықын орамы
Мықынның ең шығыңқы тұсынан айналдыра өлшенеді.
-
4) Кеуденің биіктігі
Мойынның иыққа өтетін тұсынан кеудеге дейін өлшенеді.
-
5) Алдыңғы бойдың белге дейінгі ұзындығы
Мойынның дәл ортасынан кеуденің ең шығыңқы жері арқылы бел сызығына дейін өлшенеді.
-
6) Белдемшенің ұзындығы
Белден бастап қажетті деңгейге дейін өлшенеді.
-
7) Артқы бойдың белге дейінгі ұзындығы
Жетінші мойын омыртқадан белге дейін өлшенеді.
-
8) Иықтың ұзындығы
Мойынның иыққа өтетін тұсынан иықтың қолға өтетін тұсына дейін өлшенеді.
-
9) Жеңнің ұзындығы
Иықтан бастап шынтақ арқылы білекке дейін өлшенеді.
-
10) Мойын орамы
Мойынды айналдыра өлшенеді.
-
11) Аяқтың сыртқы жағының ұзындығы
Белден еденге дейін өлшенеді.
-
12) Аяқтың ішкі жағының ұзындығы
Шаптан еденге дейін өлшенеді.
-
13) Бой
Еденнен мойынның ең биік нүктесіне дейін өлшенеді.
Пішім өлшемдері және сәйкестік
Пішімдер қалыпты мүсінді (аса толық емес) адамға арналып жасалады және кестелерде көрсетілген өлшем бірліктеріне сәйкес келеді. Сондықтан өз өлшемдеріңді кестедегі мәліметтермен салыстырыңдар. Егер ауытқу болса, пішімге қажетті түзету енгізіледі.
Маңызды ескерту
Пішімді өлшемнен артық үлкейтуге немесе кішірейтуге болмайды.
Үлгінің өлшемдері көбіне үш санмен беріледі. Мысалы: 170–88–96. Мұндағы бірінші сан — бой (см), екіншісі — кеуде орамы, үшіншісі — мықын орамы.
Таңдалған өлшемнің дұрыстығына көз жеткізу үшін қосымша бетті ашып, кеуде, мықын және бел деңгейіндегі бөліктерді өлшейді. Қағаз пішімдегі жарты көлемді анықтап, нәтижесін екі еселеу ұсынылады.
Еркін қонымдылық қосымшасы
Қағаз пішімде белгіленген өлшемдер бойынша еркін қонымдылық қосымшасының көлемі есептеледі. Әдетте ұсынылатын мөлшерлер:
Блузка, көйлек
6,5–7,5 см
Астарсыз жакет
7,5–10 см
Пальто, халат
10–12,5 см
Қосымшаның мөлшері мата түріне де байланысты: қалың маталар жұқа маталарға қарағанда қосымшаны көбірек қажет етеді; созылмалы маталар — созылмайтын маталарға қарағанда азырақ қосымша талап етеді; ал тоқыма матадан тігілетін кейбір бұйымдарда еркін қонымдылық қосымшасы мүлде қажет болмауы мүмкін.
Сондай-ақ үлгі сұлбасы (силуэт) маңызды рөл атқарады: созылмалы әрі денеге қонымды бұйымдарда қосымша аз болады, спорттық пішімде қосымша көбірек беріледі. Қосымшалар арқылы дене бітіміндегі кейбір ерекшеліктерді де көзге түсірмей көрсетуге болады.
4) Сарамандық жұмыс
Оқушылар сантиметрлік таспамен өз өлшемдерін алып, сызба құрастырады. Иықты бұйымдарға қажетті өлшемдерді белгілеу және дәптерге түсіру орындалады.
Иықты бұйымдарға арналған өлшемдер (қысқартуларымен)
Өлшемді алған соң, мәнін дәптерге мұқият жазып қойыңдар.
-
1) Кеуде айналымы (Ка)
Кеуденің жоғарғы нүктелері арқылы айналдыра өлшеу.
-
2) Бел айналымы (Ба)
Белді алдын ала баумен белгілеп, таспаны белге тығыз жанастыра отырып айналдыра өлшеу.
-
3) Бөксе айналымы (БКа)
Бөксенің ең шығыңқы жерлерін айналдыра өлшеу.
-
4) Кеуде биіктігі (Кб)
Иықтың жоғарғы нүктесінен кеудеге дейін өлшеу.
-
5) Алдыңғы бойдың белге дейінгі ұзындығы (Ап.б.ү.)
Иықтың жоғарғы нүктесінен кеуде арқылы белге дейін өлшеу.
-
6) Артқы бойдың белге дейінгі ұзындығы (Ар.б.ұ.)
Жетінші мойын омыртқадан белге дейін өлшеу.
-
7) Иық ұзындығы (И.үз.)
Иықтың жоғарғы нүктесінен қолмен жалғасқан жеріне дейін өлшеу.
-
8) Қолдың ұзындығы (Қ.үз.)
Қолды сәл бүгіп, иықпен жалғасқан жерінен білезікке дейін өлшеу.
-
9) Қолдың жоғарғы бөлігінің айналымы (Қа)
Қолдың ең жалпақ бөлігін айналдыра өлшеу.
-
10) Мойын айналымы (Ма)
Мойынды айналдыра өлшеу.
-
11) Қорытынды
Өлшемдерді дәптерге түсіріп, мұқият жазып алу.
5) Бекіту (қайталау сұрақтары)
Сабағымызды бекіту үшін өлшем алу жолдарын атап шығыңдар:
6) Үй тапсырмасы
Өлшем алып келу.