Содан бері өлең жазам дегендебелгісіз бір толқу тұрды денемде

Жұмекен Нәжімеденов туралы

Жұмекен Нәжімеденов 1935 жылы 28 қарашада қазіргі Атырау облысы, Құрманғазы ауданындағы Қошалақ ауылында дүниеге келген.

Ол — көрнекті ақын, Қазақстан Жастар одағы сыйлығының иегері, сондай-ақ 2006 жылы қабылданған Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Әнұраны мәтінінің авторларының бірі.

1961 жылы ақынның «Балауса» атты тұңғыш өлеңдер жинағы жарық көрді.

Өлең

Нақ сол түні ақынға үкім кесілді,

Дар арқаны — бір қыл арқан есілді.

Бір ат арба туарылды сол түні,

Бір айбалта суарылды сол түні.

Үкім бірақ кетті айналып өлеңге,

Өлеңге, ал дар арқаны — көгенге...

Содан бері өлең жазам дегенде

Белгісіз бір толқу тұрды денемде.

Ал ат арба тезек тиеп жетті елге,

Ал айбалта кетті айналып кетпенге.

Бүгін еркін, есіп жырлап кеткенде

Шүкір етем: ондай қауіп жоқ менде.

Еркіндік Өлеңнің қуаты Тарих пен тағдыр

Дайындаған

Оқушы

Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Боранқұл селосы, Опорный орта мектебі, 3-сынып оқушысы Мейрамғалиқызы Гүлсезім.

Сынып жетекшісі

Шайпакова Алия.