Қоғамның негізгі тірегі - азаттық рухы мен бабалар өнегесін бойына сіңірген, білімге деген талпынысы жоғары, алдына биік мақсаттар қоя білетін жалынды жастар

Әлеуметтік жұмыс мамандығы — заман талабы

Жастардың адамгершілік-рухани құндылықтарын дамыту, оларды патриоттық тәрбиеге баулу, ұлттық сана-сезімін ояту, білім алуға және қоғамдық жұмыстарға белсене қатысу біліктілігін арттыру — бүгінгі қоғамның басты міндеттерінің бірі.

Жастардың негізгі бөлігін студенттер құрайтыны белгілі. Студенттер қаласына айналған Алматыда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Философия және саясаттану факультеті жанындағы Әлеуметтану және әлеуметтік жұмыс кафедрасы әлеуметтік жұмыс мамандығы бойынша болашақ кәсіби мамандарды даярлайды. Бұл мамандық студенттің ой-өрісін кеңейтіп, адамгершілік ұстанымын нығайтып, саналы көзқарасын қалыптастыруға ықпал етеді.

Университет қабырғасында бұл бағыт бойынша 20 жыл бойы білікті кадрлар дайындалып келеді. Кафедра ұжымында елімізге белгілі профессор-ғалымдар — Биекенов К. У., Абдирайымова Г. С., Жаназарова З. Ж., Садырова М. С., Абдикерова Г. О., Қылышбаева Б. Н. және басқа да мамандар еңбек етіп, студенттермен тәжірибе бөліседі.

Әлеуметтік жұмыстың мәні

Әлеуметтік жұмыс — әлемдік тәжірибеде беделді мамандықтардың қатарына енетін бағыт. Жыл өткен сайын оған қызығушылық артып келеді. Бұл саланың негізгі мақсаты — өмірдің қиын жағдайына тап болған адамдарға кәсіби көмек көрсету, қолдау көрсету тетіктерін ұйымдастыру және әлеуметтік әділеттілікті нығайту.

Мамандық бойынша кәсіби мүмкіндіктер

Әлеуметтік жұмыс мамандығын меңгергеннен кейін алған біліміңізді төмендегі бағыттарда жүзеге асыра аласыз:

  • Мемлекеттік қызмет

    ҚР Президенті Әкімшілігі, министрліктер, әкімдіктер.

  • Оқытушылық және әкімшілік қызмет

    Білім беру ұйымдары, басқару және үйлестіру қызметтері.

  • Әлеуметтік жобалар

    Сарапшы, менеджер, әлеуметтік технолог ретінде.

  • Бизнес және ғылым

    Жаңа салалардағы зерттеуші, маркетолог.

  • PR және кадрлық қызмет

    PR-кампаниялар, халықаралық жобалар, HR бағыттары.

  • Қорлар мен ұйымдар

    Мемлекеттік/мемлекеттік емес мекемелер, халықаралық қорлар.

  • Халықаралық ұйымдар

    Халықаралық жобалар мен ұйымдардағы қызмет.

  • Әлеуметтік саясат

    Халықты қорғау және әлеуметтік саясат департаментінде эксперт, кеңесші.

Университеттің тәрбиелік миссиясы

Университет тек білім берумен шектелмей, жастардың рухани байлығын арттыруға, ішкі мәдениетін көтеруге бағытталған іс-шараларды жүйелі ұйымдастыруы оқу ордасының беделін одан әрі нығайтады.

Осы тұрғыдан алғанда, студенттердің тілдік, мәдени және ғылыми қызығушылықтарын тоғыстыратын әлеуметтік жұмыс мамандығы болашақта интеллектуалды әрі креативті маман даярлауға елеулі үлес қосады деген сенім бар.