Қазақ халқының салт - дәстүрлері
Сабақтың тақырыбы: «Халықтар достығы»
Бұл сабақ Қазақстан Республикасындағы халықтар арасындағы татулық, өзара сыйластық және келісім қағидаларын терең түсінуге бағытталады. Сабақ барысында оқушылар көпұлтты қоғам құндылықтарын ұғынып, ұлттық мәдениет туралы білімін толықтырады.
Мақсаты
А) Білімдік мақсат
Қазақстан Республикасындағы халықтар достастығы мен негізгі принциптерін білу. Қазақстанның көпұлтты ел екенін жете түсіну және ұғыну.
Ә) Дамытушылық мақсат
Қазақ халқының салт-дәстүрі мен ұлттық тағамдары туралы ақпаратты іздену арқылы жинақтап, өзгелермен ой бөлісу. Танымдық тапсырмалар арқылы оқушылардың ойлау қабілетін дамыту.
Б) Тәрбиелік мақсат
Барлық ұлт өкілдерімен достық қарым-қатынас орнатып, келісімде өмір сүруге тәрбиелеу.
Көрнекіліктер
- Суреттер, тапсырмалар
- Мақал-мәтелдер, жұмбақтар
- Оқулық, интерактивті тақта
- Тест тапсырмалары
- Скрепки, ақ қағаз
Сабақ әдістері
Сабақ барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
Сабақ оқушылардың көңіл күйін көтеріп, бір-біріне жақындататын психологиялық дайындықтан басталады.
Психологиялық дайындық сұрақтары
- Қазір кімнің көңіл күйі өте тамаша? Қол көтерсін.
- Кімнің досы осы сыныпта отыр? Қол шапалақтасын.
- Кім өзіне сенімді? Қол көтерсін.
- Бүгін сабақта не істейтінімізді білетіндер қол шапалақтасын.
- Қазір не істейтінімізді білмейтіндер қол көтерсін.
Маусым туралы әңгіме
Қазір көктем мезгілі. Көктемнің ерекшелігі — күн жылынады, құстар жылы жақтан қайта оралады. Оқушылар құстардың тезірек келуін тілек етіп, сергіту сәтін орындайды.
Сергіту сәті
Мейірімді торғай, қараторғай, Тезірек бізге келе ғой ұшып. Сендер үшін жатырмыз үйшік салып, Кішкентай емес, ол үп-үлкен сарай.
Көктемнің тағы бір ерекшелігі — мерекелердің көп болуы: Наурыз мерекесін қарсы аламыз, көктемгі демалысқа шығамыз.
II. Үй жұмысына шолу
Оқушылар үйде аналары мен жақындарынан сұхбат алып, қазақ халқының дәстүрлері мен ұлттық тағамдары туралы мәлімет жинайды. Сыныпта бірнеше оқушы өз зерттеу нәтижесін бөліседі.
Бауырсақ
Бауырсақ — халқымыздың ертеден келе жатқан ұлттық тағамы. Оны бидай ұнын ашытып, ұзынша немесе домалақ етіп дайындап, майға қуырып пісіреді.
Құймақ
Құймақты ұнға жұмыртқа, қант, май, сүт қосып, су араластырып сұйық қамыр дайындау арқылы пісіреді. Қызған майға құйып, табада қуырылады.
Наурыз көже
Наурыз көже жеті түрлі дәмнен құралып пісіріледі: тұз, май, ет, бидай, тары, сүт, қамыр. Бұл тағамға арнап соғымнан жамбас пен жая, қазы-қарта сақталып, кейде құрт езіліп, уыз да қосылады.
III. Қазақ халқының салт-дәстүрлері
Дәстүр — ұлттың рухани тірегі. Оқушылар төмендегі бағыттар бойынша дәстүрлерді атап, мәнін түсіндіреді.
Негізгі дәстүрлер
- Отау көтеру дәстүрі
- Тәрбие дәстүрлері: ат қою (ғұрып), бесікке салу (салт), тұсау кесу (салт)
- Отбасы-тұрмыс дәстүрлері: бата (дәстүр), көрімдік (салт), шашу (ғұрып)
- Еңбек дәстүрлері: асар (салт), көген той (дәстүр), сабан той (дәстүр)
Наурыз дәстүрлері
- Наурыз көже
- Наурыз бата
- Наурыз тілек
Наурызға арналған тілек (бата үлгісі)
Төрт түлік ақты болсын! Өрісің малға, үйің жанға толсын! Көк тәңірі нұрыңды аяма, Жер тәңірі ырысыңды аяма, Әділжанды тағынан тайдырма, Әз халықты бағынан айырма! Басыма бас қос, Жасыма жас қос, Асыма ас қос!