Перпендикуляр түзулер және нүктеден түзуге дейінгі қашықтық тақырыбына есептер шығару

Сабақтың мазмұны

Бұл сабақ жоспары 7-сыныпқа арналған: перпендикуляр түзулер және нүктеден түзуге дейінгі қашықтық тақырыбы бойынша есептер шығару. Сабақ «Өзін-өзі тану» пәнімен интеграциялана отырып, ақиқат құндылығының мәнін ашуға бағытталған.

Құндылық

Ақиқат

Қасиеттер

Шыншылдық, әдептілік, кішіпейілділік

Сабақтың мақсаты

Перпендикуляр түзулердің анықтамасы мен қасиеттерін қолданып есептер шығару, сондай-ақ нүктеден түзуге дейінгі қашықтықты таба білу. Осы білімнің адамның ақыл-ойы мен рухани дамуына қатысты маңыздылығын түсіндіре отырып, ақиқатты құндылық ретінде таныту.

Сабақтың міндеттері

Білімділік

Перпендикуляр түзулер және олардың қасиеттері, нүктенің түзуге дейінгі қашықтығы туралы түсінік қалыптастыру.

Дамытушылық

Оқушылардың зеректігін, шыншылдығын және логикалық ой қорыту дағдыларын дамыту.

Тәрбиелік

Сабырлылыққа, кішіпейілділікке, жауапкершілікке тәрбиелеу; әдепті әрі шыншыл болуға баулу.

Сабақтың барысы (сыртқы интеграция)

Ұйымдастыру кезеңі

  • Сәлемдесу.
  • Сабақтың «5Т» ережесін атап өту және оқушылармен бірге қайталау.

«5Т» ережесі

Тәртіп Талап Тыныштық Тазалық Татулық

Тыныштық сәті

3 минут

Жағымды көңіл күйге бөлеу

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолдарыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елестетіп көріңіз: күн нұры төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүл түйнегі нұрдан баяу ашыла бастайды. Балғын, таза, әсем гүл сіздің ойыңызды, сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілегіңізді тазартып, жүрегіңіздің нәзік әлемін аша түседі.

Нұр сәулесінің бойыңызға ақырын тарай бастағанын сезініңіз: ол біртіндеп күшейе түседі. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер жасайды және баршаға көмектеседі.

Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады, нұр мен махаббат құралына айналады.

Одан әрі нұр аузыңызға, тіліңізге тарайды. Тіліңіз тек шындықты және ізгі сөздерді айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз: құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді естиді. Нұр көздеріңізге жетті: көзіңіз тек жақсыны көріп, әр нәрседен жақсылық табады.

Басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, санаңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді. Нұр бірте-бірте шұғылаланып, денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады.

Осы нұрды туыстарыңызға, балаларыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз: олардың жүрегі де нұрға толсын. Нұр бүкіл әлемге — барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тіршілік иесіне таралсын.

Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын… Нұр менің ішімде… Мен — Нұрмын».

Осы нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы әлем — жүрегіңізде. Осы әсем қалыпты сақтаңыз. Жаймен көзіңізді ашуға болады. Рахмет.

Үй тапсырмасын тексеру

Қатар отырған екі оқушы өзара тексереді (жұптық жұмыс).

№1092 есеп

Шешуі

∠EDC = 120° − 90° = 30°

∠ADE = 90° − 30° = 60°

Жауабы

∠EDC = 30°, ∠ADE = 60°

№1097 есеп

Шешуі

∠COF = ∠KOF − ∠KOC = 90° − 50° = 40°

∠FOB = ∠COB − ∠COF = 90° − 40° = 50°

Жауабы

∠COF = 40°, ∠FOB = 50°