Бағалау парақтарын топ басшысын сайлап беру
Сабақ туралы жалпы мәлімет
Өтетін орны
ШҚО, Семей қаласы, №27 ЖОББМ
Пәні және сыныбы
Әдебиеттік оқу, 3-сынып
Мұғалім
Ахметкалиева Бақытгүл Нихыметоллаевна (бастауыш сынып мұғалімі)
Сабақтың тақырыбы
С. Сейфуллин — «Ақсақ киік»
Мақсат, күтілетін нәтиже, негізгі түсінік
Сабақтың мақсаты
- Ақын туралы мәліметтерді тыңдау арқылы жаңа деректерді ашуға жағдай жасау.
- Өлеңнің тақырыбы мен идеясын анықтау.
- Авторлық шеберлікті танып-білуге жетелеу.
- Өлеңді теориялық тұрғыдан талдауға үйрету.
Күтілетін нәтиже
- С. Сейфуллин туралы жаңа деректерді меңгереді.
- Өлеңнің тақырыбы мен идеясын түсінеді.
- Авторлық шеберлікті танып, өлеңді теориялық тұрғыдан талдай алады.
Негізгі түсінік
Сабақтың барысы
1) Психологиялық дайындық
Мұғалімнің сұрақтары
- Әрбір адам?
- Әрбір сабақ?
- Әрбір ісің?
- Әрбір сөзің?
Сабаққа назар аударту
Балалар, біз қазір қандай бөліммен танысып жүрміз?
Табиғатсыз адамдардың күні жоқ,
Мұны айтуға табиғаттың тілі жоқ.
2) Топқа бөліну (табиғат тақырыбы)
«Ауа» тобы
Ауа — дем алу үшін қажет.
«Су» тобы
Су — ішу үшін қажет.
«Жер» тобы
Жер — өмір сүру үшін қажет.
Топтардың өзін таныстыруы
- I топ: Ауаны тазартудың ең тиімді жолы — көгалдандыру.
- II топ: Сусыз жер — нусыз жер.
- III топ: Жері байдың — елі бай.
Ұйымдастыру
- Топ басшылары сайланып, бағалау парақтары таратылады.
- Топ ережесі тақтадағы тірек сөздер арқылы сөйлем құрастырып жасалады.
3) Үй тапсырмасын тексеру
«Галерея» әдісі
Оқушылар суреттерін іліп, сыныпқа таныстырады.
Мәтінмен жұмыс
- «Көкшенің…» деп басталатын жерден мәнерлеп оқу.
- «Бәйге» әдісі арқылы сұрақтарға жауап беру (смайликтер арқылы бағалау).
4) Жаңа сабақ: кіріспе бөлім
Топтық жұмыс (кластер)
5 минут ішінде әр топ мекен ету ортасына байланысты жануарларды жазып, кластер құрады, қорғайды және жұмыстарын іледі.
1-топ
Таулы жерде мекендейтін жануарлар
2-топ
Орманды жерде мекендейтін жануарлар
3-топ
Жазық, шөлді жерде мекендейтін жануарлар
Талқылау сұрағы
Енді, киік туралы не білеміз?
(Сұрақ киіктің суреті арқылы бағытталады.)
«Round Robin» әдісі
Үш топ киік туралы білетіндерін параққа кезекпен жазып шығады.
Қосымша ақпарат
- Мұғалім слайд арқылы киік туралы тың деректер ұсынады.
- С. Сейфуллин туралы мәлімет беріледі (мысал ретінде «Үш бәйтерек» бейнесі қолданылады).
5) Негізгі кезең: өлеңмен жұмыс
Тыңдалым
Өлең бейнематериал арқылы тыңдатылады.
Оқылым
- Тізбектей оқыту.
- Теріп оқыту.
- Әр шумаққа ат қойып, сөздік жұмысын жүргізу (сөздік тақтада беріледі).
Ескерту
Қажет болған жағдайда материалдың толық нұсқасын жүктеуге болады.