Көрмелерді әзірлеуге арналған Microsoft Office қолданбалы бағдарламасы
Сабақтың тақырыбы
PowerPoint бағдарламасының жалпы мүмкіндіктері.
Сабақтың түрі
Ақпараттық сабақ.
Көрнекілігі
Слайдтар, үлестірме тапсырмалар.
Өту әдісі
Баяндау, сұрақ-жауап, ой қозғау.
Техникалық құралдар
Компьютер және оның жабдықтары.
Нәтиже
Көрме (презентация) құрудың негізгі тәсілдерін меңгеру.
Сабақтың мақсаты
Білімділік
- Оқушылардың білімін жетілдіру, пәнге қызығушылығын арттыру.
- Қосымша ақпарат арқылы білімін толықтыру.
Тәрбиелілік
- Компьютермен жұмыс істеу барысында ұқыптылыққа баулу.
- Қауіпсіздік ережелерін сақтауға үйрету, сақтықты қалыптастыру.
Дамытушылық
- Компьютердің өзге бағдарламаларын меңгерту арқылы логикалық ойлау қабілетін дамыту.
Сабақтың барысы
-
1-кезең
Ұйымдастыру кезеңі
-
2-кезең
Сергіту сәті
-
3-кезең
Мамандық таңдау
-
4-кезең
Сарамандық жұмыс
-
5-кезең
Менің болашаққа арманым
-
6-кезең
Сәйкестендіру тесті
Ұйымдастыру
- Оқушылармен амандасу.
- Кезекші арқылы оқушыларды түгелдеу.
Сергіту сәті
Мың мамандық — бәрі бар: таңдап, талғап, бірін ал!
Мамандық таңдау
Тапсырма
- Сұрақтарға жауап беру.
- Өзің қалаған мамандықты таңдап, қысқаша негіздеу.
Мамандықтар үлгісі
PowerPoint туралы негізгі түсініктер
Microsoft PowerPoint қандай бағдарлама?
Microsoft PowerPoint — көрмелерді (презентацияларды) әзірлеуге арналған Microsoft Office қолданбасы. Ол дәріс оқу, баяндама жасау және басқа да материалдарды көрнекі түрде ұсынуға мүмкіндік береді.
PowerPoint-тың негізгі міндеті қандай?
Ақпаратты қабылдау мен есте сақтауды тиімді ету үшін көрмелерді жоспарлау, жасау және өңдеу.
Көрме (презентация) деген не?
Белгілі бір қызметке немесе тақырыпқа байланысты материалды ұсынуға арналған, компьютерде жасалған слайдтардың көрсетілімдік жиынтығы.
Бағдарламаны қалай іске қосамыз?
Бастау → Бағдарламалар → Microsoft PowerPoint командасын орындаймыз.
Көрме жасаудың тиімді тәсілдері
Жаңа көрме құру нұсқалары
Microsoft PowerPoint терезесін ашқаннан кейін тапсырмалар аймағында жаңа көрме жасау үшін бірнеше нұсқа ұсынылады:
- Жаңа презентация (Новая презентация)
- Слайд жасақтамасы (Шаблон презентации)
- Автомазмұн шебері (Мастер автосодержания)
Слайдтарды безендіру: суреттерді кірістіру
Слайдтарды тартымды ету үшін суреттердің маңызы зор. Суреттер әртүрлі болады: қолдан салынған немесе фотосуреттен көшірілген.
Дайын суретті кірістіру жолы
Кірістіру (Вставка) → Сурет (Рисунок).
Дыбыс, музыка және бейне қолдану
Презентация көрсету кезінде музыкалық және дыбыстық эффектілерді, сондай-ақ бейнеклиптерді қолдануға болады. Кейбір дыбыстар (мысалы, жазба машинкасының дыбысы, қол шапалақтау және т.б.) анимацияны баптау құралдары арқылы іске қосылады.
Презентацияға әуен қою
Вставка → Фильмы и звук → Звук из файла. Қажетті әуенді таңдап, ОК батырмасын басамыз.
Сәйкестендіру тесті: файл кеңейтімдері
| Бағдарлама | Сипаттама / Кеңейтім |
|---|---|
| Excel | Электрондық кесте (.xls) |
| Word | Мәтіндік редактор (.doc) |
| PowerPoint | Презентация жасау бағдарламасы (.ppt) |
| Paint | Графикалық қолданба (.bmp) |
Дұрыс жауаптары
1 — 4, 2 — 3, 3 — 1, 4 — 2.
Үй тапсырмасы және бағалау
Үй тапсырмасы
PowerPoint бағдарламасының жалпы мүмкіндіктері (қайталау және қысқаша конспект жасау).
Бағалау
Сабаққа қатысу белсенділігі, сұрақтарға жауап беру сапасы және сарамандық жұмыстың орындалуына қарай бағаланады.