Оқушыларға әке - шеше, бауырдың қадірін білуге уйрету

Сабақ тақырыбы

Қоғам. Отбасы. Отбасы мүшелері

Бұл сабақта отбасының қоғамдағы орны, отбасы мүшелерінің жауапкершілігі мен бір-біріне деген құрметі туралы түсінік кеңейтіледі.

Сабақтың мақсаты

1

Отбасының әр адам үшін шағын Отан екенін ұғындыру. Отбасы — неке мен туыстық қатынастарға негізделген адамдар тобы екенін түсіндіру. Отбасының қоғамның бір бөлігі екеніне тоқталып, «От бар жерде — өмір бар» ұғымын талқылау. Отбасы — келешек ұрпақты жалғастыратын болашақ екенін көрсету. Отбасындағы әр адамның алатын орны туралы түсінік беру және оқушыларды әке-шеше мен бауырдың қадірін білуге үйрету.

2

Ұл мен қыздың ата-анасының қамқорлығы мен шексіз сүйіспеншілігін бағалауына ықпал ету. Тек игілігін көріп қана қоймай, олардан адамгершілік, әдеп-инабат тағылымын алып, жақсы қасиеттерді бойына сіңіруге баулу. Жақсыдан үйреніп, жаманнан жиренуге тәрбиелеу.

3

Ата-анаға, туған жерге және Отанға деген сүйіспеншілікті ояту. Сыйластыққа, мейірімділікке, татулыққа, қамқорлыққа тәрбиелеу. Оқушылардың бойына ата-анаға деген құрмет пен сүйіспеншілік сезімін сіңіріп, адал әрі парасатты ұл мен қыз тәрбиелеу.

Сабақтың әдістері

  • АКТ (слайдтар)
  • Жазбаша тест жұмыстары
  • Ауызша сұрақ-жауап

Сабақтың түрі

Аралас сабақ.

Көрнекіліктер мен ресурстар

Материалдар

  • Отбасы туралы мазмұнды суреттер
  • Мақал-мәтелдер

Мультимедиа

  • «Тату-тәтті отбасы» бейнетаспасы
  • Отбасы туралы ән
  • АКТ, слайд

Сабақ барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық дайындық жүргізіледі.

Жылы лебіз

Үлкенге де — «сіз»,

Ата-ананы құрметтеп,

Кішіге де — «сіз»,

Бас иеміз біз.

II. Үй тапсырмасын тексеру

Үй тапсырмасы сұралады және оқушылардың жауаптары тыңдалып, қысқаша әңгімелеу ұйымдастырылады.

1) Жер орбитасы деген не?

2) Тәулік дегеніміз не? Бір тәулікте неше сағат бар?

3) Күн бетіндегі және Күннің қайнауындағы температура қандай?

4) Жер бетіндегі тіршілік үшін Күннің қандай маңызы бар?

5) Осы жылы ақпан айы неше күннен тұрады?

III. Ой қозғау

Қазір біз Жер туралы әңгіме жүргіземіз. Жер туралы не білесіңдер? Білгендеріңді ортаға салыңдар.