Атомның құрамы
Физика және астрономия (9-сынып)
Сабақтың тақырыбы
Резерфорд тәжірибесі. Атомның құрамы. Атомның моделі.
Сілтеме
- Мұғалімге арналған нұсқаулық
- Блум таксономиясы
- Марта Бронсон (2002): өзін-өзі реттеу
Жалпы мақсаттар
- Резерфорд тәжірибесінің мәнін және атом ядросын құрайтын бөлшектердің физикалық мағынасын түсіну.
- Теориялық білімді практикамен ұштастыру.
- Логикалық ойлау қабілетін дамыту.
Сабақ түрі
Аралас сабақ.
Оқыту нәтижелері
- Өз білімін дамытуға мүмкіндік алады.
- Физикалық құралдармен тәжірибе жасайды.
- Өз бетімен жұмыс істеу дағдысы қалыптасады.
Негізгі дереккөздер
Мұғалімнің іс-әрекеті
1) Ұйымдастыру
- Амандасу, оқушылардың назарын сабаққа шоғырландыру.
- Оқушыларды түгендеу.
2) «Шаттық шеңбері» тапсырмасы
Оқушылар өз есімдерінің алғашқы әрпінен басталатын физикалық шамаларды атайды. Бұл әрекет физикалық шамаларды есте сақтауға көмектеседі және қызығушылықты арттырады.
Үй тапсырмасы
Келесі сабаққа есімдерінің алғашқы әрпінен басталатын физикалық шамалардың өлшем бірліктерін жаттап келу.
3) Топқа бөлу
Оқушылар өздері қалаған түсті қағазды таңдап, топтарға бөлінеді.
- Электрон
- Нейтрон
- Протон
- Нуклон
4) Бағалау парағы
Слайд арқылы бағалау парағының талаптары түсіндіріледі және әр топқа бағалау парағы таратылады.
Өткен тақырыптар бойынша әр топқа сұрақтар қойылады (әр топқа 2 сұрақ).
Өткен тақырыптарды қайталау: топтық сұрақтар
I топ
- Қандай элементтерді радиоактивті элементтер деп атайды?
- Радиоактивті сәулелену дегеніміз не?
II топ
- Радиоактивті элементтер шығаратын сәуле магнит өрісінде қандай сәулелерге жіктеледі?
- α-сәулесі дегеніміз не?
III топ
- β-сәулесі дегеніміз не?
- Квант дегеніміз не?
IV топ
- Радиоактивтік дегеніміз қандай құбылыс?
- γ-сәулесі дегеніміз не?
Ескерту
Сабақ құрылымы оқушылардың белсенді қатысуын, өздігінен ізденуін және тәжірибе арқылы түсінуін күшейтуге бағытталған.