Қолдану Көрсеткіштік теңдеуді шешу барысында көрсеткіштік функция қасиеттерін қолдана білуге үйрету
Алгебра және анализ бастамалары
Сабақ тақырыбы
Көрсеткіштік теңдеу және оның жүйелері
Сабақ типі
Жаңа білімді меңгерту.
Сабақ мақсаты
1) Түсіндіру және таныстыру
Көрсеткіштік теңдеу және оның жүйелерімен таныстыру, оларды шешудің негізгі әдіс-тәсілдерін көрсету.
2) Дағды қалыптастыру
Көрсеткіштік теңдеулер мен олардың жүйелерін шешу тәсілдерін есеп шығаруда дұрыс қолдану білік-дағдыларын қалыптастыру; тәсілдерді өзара салыстырып, дұрыс қорытынды жасай білуге үйрету.
3) Тәрбиелік мақсат
Студенттерді тапқырлыққа, шапшаңдыққа және тақырып бойынша ізденімпаздыққа тәрбиелеу.
Оқытудың жоспарлау деңгейі
Білім (білу)
- Көрсеткіштік теңдеудің анықтамасын білу.
- Көрсеткіштік теңдеуді шешудің әдіс-тәсілдерін меңгеру арқылы білімді кеңейту.
Қолдану
- Көрсеткіштік теңдеуді шешу барысында көрсеткіштік функцияның қасиеттерін тиімді қолдана білу.
Құрал-жабдықтар
Әдістері
Сөздік
Түсіндіру, сұрақ-жауап, нақты ұғымдарды бекіту.
Көрнекілік
Слайдтар, флипчарт және тірек сызбалар арқылы қабылдауды жеңілдету.
Проблемалық-іздену
Мәселе қою, болжам ұсыну және шешімге дәлелмен келу.
Сабақ барысы
1. Ұйымдастыру кезеңі
- а Оқушылармен амандасу.
-
б
«Келісім-шартқа» қол қойғызу (сынып ережелері):
- Ұйымшылдық.
- Бір-бірін мұқият тыңдау.
- Жаңа көзқарас қалыптастыру.
- Ойын ашық айту.
- Белсенділік көрсету.
- Өзін маман ретінде сезіну.
2. Кіріспе бақылау
Мақсаты: негізгі терминдер мен түсініктерді тексеру.
I. Көрсеткіштік функция, оның қасиеттері және графигі
Флипчарт 1
- а) Көрсеткіштік функция дегеніміз не?
- ә) Барлық көрсеткіштік функцияның графигі неліктен (0; 1) нүктесі арқылы өтеді?
- б) Берілген сурет қай функцияның графигі?