Арыстан мен тышқан ертегісі
Тіл дамыту сабағы
Сабақтың тақырыбы
«Арыстан мен тышқан» (ертегі)
Сабақтың түрі
Саяхат-сабақ
Сабақтың типі
Жаңа ұғымды меңгерту
Мақсаты
Ертегінің мазмұнын түсіндіру.
Міндеттері
- Ертегінің негізгі ойын ашу, тышқан мен арыстан туралы білімді кеңейту.
- Балалардың ауызша сөздік қорын дамыту.
- Ұғымталдыққа, бірлесіп жұмыс істей білуге тәрбиелеу.
Әдістері
- Сұрақ–жауап
- Әңгімелеу
- Көрнекілік
Көрнекілігі
- Ақтөбе облысының картасы
- Сюжеттік суреттер
- Дидактикалық материалдар
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
Балалардың сабаққа дайындығы тексеріледі, психологиялық дайындық жүргізіледі.
Психологиялық дайындық
Күй тартамыз күмбірлі,
Ән айтамыз көңілді.
Би билейміз ырғақты,
Біз бастаймыз сабақты.
Бүгін біз Шалқар қаласынан облыс орталығы Ақтөбе қаласына саяхатқа шығамыз. Саяхатымыз пойызбен өтеді.
Сұрақтар
- Ақтөбеге барып көргендерің бар ма?
- Ақтөбеге немен барамыз?
- Пойызды кім жүргізеді?
- Көмекшісін қалай атаймыз?
- Билеттерді тексеріп, орнымызды көрсететін кім?
Маңызды ереже
Шалқардан Ақтөбеге дейін пойыз бірнеше аялдамаға, яғни бекеттерге тоқтайды. Әр бекеттен өту үшін сол бекеттің тапсырмаларын орындауымыз керек.
Билет алу (жұмбақ)
Нан атасы киелі, барлығы ауыз тиеді. Ол не?
Жауап: бауырсақ
II. «Қаудауыл» бекеті — Үй тапсырмасы
«Қайдан келдің, бауырсақ?» өлеңінің мазмұнын айту.
Балалар, бауырсақ бізге қалай келеді? Дұрыс, бауырсақ өздігінен келмейді — ол көптеген адамдардың еңбегі арқылы дастарқанға жетеді.
Актуалдау сұрақтары
- «Бауырсақ» ертегісінде қандай кейіпкерлер кездеседі?
- Олар қандай жануарлар?
- Тағы қандай ертегілерді білесіңдер?
III. «Біршоғыр» бекеті — Жаңа сабақ
«Арыстан мен тышқан» ертегісі.
Ертегі сюжеттік слайдтар арқылы түсіндіріледі. Сабақтың негізгі ойы — уәде мен сөздің жауапкершілігі, әрі кішкентайдың да үлкенге көмегі тиетінін ұғындыру.
Назар аударатын тұс
«Жыл басы — тышқан» туралы түсінікті еске түсіріп, бүгінгі ертегі кейіпкерлерімен байланыстырамыз: тышқан және аңдардың бірі — арыстан.
Балалардан: ертегі ұнады ма, қандай ой түйдіңдер? — деп пікір алынады.
IV. «Мұғалжар» бекеті — Талдау (кубизм стратегиясы)
Сұрақ–жауап арқылы ертегіні жан-жақты талдау жүргізіледі.
Түсіндір
Ертегіде қандай оқиға болды? Негізгі ой қандай?
Салыстыр
Арыстан мен тышқанның мінез-құлқын салыстыр.
Бағала
Тышқанның әрекеті дұрыс па? Неліктен?
V. «Ембі» бекеті — Сергіту сәті
Бала, бала, балақан,
Кәне қайсы алақан.
Саусақтарың әйбат,
Былай-былай ойнат.
VI. «Қандыағаш» бекеті — «Кім жылдам?» (топтық жұмыс)
Балалар екі топқа бөлінеді: бір топ — арыстан, екінші топ — тышқан суретін құрастырады.
1-топ
Арыстанның суретті қиындыларын құрастыру.
2-топ
Тышқанның суретті қиындыларын құрастыру.
VII. «Алға» бекеті — Ұшқыр ой
Сұрақтарға жауап беріп, бір сөйлем құрастыру.
- 1 Мынау не? — Арыстан.
- 2 Ол қандай аң? — Жыртқыш.
- 3 Ол қайда мекендейді? — Орманда.
Үлгі сөйлем
Арыстан — жыртқыш аң.
Үлгі сөйлем
Арыстан орманда мекендейді.
Бірнеше бекеттің тапсырмаларын орындап, біз Ақтөбеге де жеттік.
VIII. Ақтөбе — Өлең жаттау
Өлеңді 3–4 рет қайталап айтып, жаттаған балалардан сұрау.
«Арыстан» өлеңі
Мен мықты арыстан,
Аңдардың патшасы.
Жауыммен алыссам,
Күл болар қаңқасы.
IX. Бекіту
Қорытынды сұрақтар
- Ертегі ұнады ма?
- Ертегі не туралы?
- Тышқан қандай аң?
- Тышқанның әрекеті саған ұнады ма? Неліктен?
- Егер сен тышқанның орнында болсаң, не істер едің?
Түйінді ой
Айтқан сөзге берік болып, берген уәдені орындау керек. Қиын сәтте кішкентайдың да көмегі үлкен нәтиже береді.
X. Бағалау
Ақтөбеге жеттік. Билеттердің орнына балаларға қуанышты хабарлама таратылады.
Нәтиже
Тапсырмаларды орындау арқылы сапар сәтті аяқталды.