Мұғалімнің көмегімен заттың атын сынын ауызша тілде қолдану
Сабақ туралы қысқаша мәлімет
Пән / бөлім
Көлік түрлері (1-сынып)
Мектеп
Долинск НОББМ
Мұғалім: Ихсанова Гулмира
Қатысу
Қатысқан оқушылар саны: —
Қатыспаған оқушылар саны: —
Пәнаралық байланыс
- Орыс тілі
- Бейнелеу өнері
- Ағылшын тілі
Оқу мақсаттары
Сабақтың негізгі өзегі — тыңдалым мен айтылымды дамыту, қарапайым сұрақ құрастыру, сипаттау сөздерін қолдану және «ө» дыбысын тану мен дұрыс айту.
Коммуникативтік дағдылар
- Сұхбаттасының не туралы айтқанын түсіну және тілдік нормаларды сақтай отырып, түрлі тәсілмен жауап беру.
- Мұғалімнің көмегімен мәтін немесе иллюстрация бойынша қарапайым сұрақтар қою: кім? не? қандай? қанша?
Сөздік және дыбыстық дағдылар
- Суреттегі заттардың сынын білдіретін сөздерді жазу.
- Мұғалімнің көмегімен заттың атауы мен сынын ауызша тілде қолдану.
- Әріп пен дыбысты ажырату, төл дыбыстарды дұрыс айту.
Сабақ мақсаттары (деңгейлік)
Барлығы
- Сабақта үйренген көлік түрлерін атай алады және түсін сипаттай алады.
- «ө» дыбысын таниды, дұрыс дыбыстайды және жаза алады.
- «ө» дыбысы кездесетін сөздерді атай алады.
Көбі
- Тақырып бойынша белсенді лексиканы еркін қолданады.
- Түстерді ажыратады және тақырып аясында өзара тілдесе алады.
Кейбірі
- Қосымша көлік түрлерін атайды.
- «ө» дыбысы бар сөздер қатарын толықтыра алады.
Сабақтың барысы
Басы: психологиялық дайындық
Оқушылар «ертеңгілік шеңберде» мұғаліммен бірге өлеңді қайталап, қимылмен орындайды.
Орнымыздан тұрамыз, (орындарынан тұрады)
Қанатымызды жаямыз, (екі қолын екі жаққа созады)
Ұшақ болып ұшамыз. (ұшу қимылын жасайды)
Суда жүйткіп жүземіз. (қолдарын қосып, ирек сызық сызады)
Одан кейін мұғалім сабақтың тақырыбы мен мақсаттарын таныстырады.
Ортасы: көлік атаулары және әрекеттер
Суретпен жұмыс
Тақтаға көліктердің суреттері ілінеді. Оқушылар үлгі бойынша сөйлем құрайды:
Мынау — автобус.
1-тапсырма: «Сәйкесін тап» ойыны
Мұғалім әр көліктің не істейтінін айтады, оқушылар қимылды білдіретін сөздермен сәйкестендіреді: ұшақ ұшады, машина жүреді, т.б.
Презентациядағы суреттерге сәйкес әрекет сөздерін оқып, дұрыс жауапты анықтайды.
Сергіту сәті
Оқушылар бейнематериалдағы қимылдарды қайталайды.
Пантомима
Алғашқы әрекеттерді мұғалімнің нұсқауымен орындайды. Кейін көлік атаулары мен әрекеттерді оқушылар өздері ұсынады: бір оқушы айтады, қалғандары қимылмен көрсетеді.
- Кеме жүзеді. (қолмен ирек сызық жасау)
- Жеңіл көлік жүреді. (қол мен иықты қимылдату)
- Тікұшақ ұшады. (екі қолды екі жаққа созу)
«Мен білемін» (ақпаратты анықтау)
Оқушылар сөйлемдерді оқып, дұрыс ақпаратты таңдайды. Дұрыстығын бір-бірін бағалау арқылы тексереді.
- Қайық және кеме суда (жүреді / жүзеді / ұшады).
- Ұшақ, зымыран әуеде (жүреді / жүзеді / ұшады).
- Жеңіл көлік пен жүк көлігі жолда (жүреді / жүзеді / ұшады).
2-тапсырма: түстер
Мұғалім суреттері бар кестені таратады. Оқушылар суреттерді бояп, қандай түспен бояғанын айтады.
3-тапсырма: жұптық диалог
1-оқушы:
Сен не саласың?
2-оқушы:
Мен ұшақ саламын.
1-оқушы:
Ұшақ қандай түсті?
2-оқушы:
Ұшақ көк түсті.
1-оқушы:
Ұшақ не істейді?
2-оқушы:
Ұшақ ұшады.
Дыбыс пен әріп: «Ө»
Бүгін біз «ө» дыбысын үйренеміз. Ө — дауысты, жіңішке дыбыс. Буындап айту: мо — мө.
«Ө» дыбысы дауысты болғандықтан, оқулықта қызыл түспен белгіленеді.
Мысал сөздер
- Өрік — (не?)
- Көк — (қандай?)
Дәптермен жұмыс
Оқушылар «ө» әрпін жазып жаттығады және «ө» дыбысы бар сөздермен жұмыс жасайды.
Соңы: рефлексия және кері байланыс
Қызыл
Түсінбедім.
Сары
Сұрақтарым бар.
Жасыл
Толық түсіндім.
Қорытынды бағалау (толтыруға арналған)
Ең жақсы өткен екі әрекет:
1) —
2) —
Қандай әрекет жақсы өтуге ықпал етер еді?
—