Ұйғыр биі

Сабақтың тақырыбы

Біздің Отанымыз – Қазақстан

Сабақтың мақсаты

  1. Оқушыларға халқымыздың тарихын танытып, ата-бабамыз қаншама қиыншылықты еңсеріп бізге жеткізген асыл мұрамыздың — тіліміздің және жеріміздің — қадір-қасиетін түсінуге, зерделеуге үйрету.
  2. Отанға деген сүйіспеншілікті арттыру, тіл мәдениетін қалыптастыру және дамыту.
  3. Отансүйгіштік пен патриоттық тәрбие беру.

Көрнекіліктер

  • Суреттер
  • Интерактивті тақта
  • Слайдтар

Сабақтың құрылымы

  1. Ұйымдастыру
  2. Кіріспе бөлім
  3. Негізгі бөлім
  4. Қорытынды

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру

Оқушылардың назарын сабаққа аудару, тәртіп пен жұмыс ырғағын қалыптастыру.

II. Кіріспе бөлім

Мұғалімнің кіріспе сөзі

Бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбы — «Біздің Отанымыз – Қазақстан!» Бұл сабақта біз ата-бабамыздан қалған ұлы мұраларды қадірлеу, туған жерді сүю және ортақ құндылықтарды құрметтеу туралы ой қозғаймыз.

III. Негізгі бөлім

Жүргізушілердің сөзі

1-жүргізуші

Армысыздар, құрметті ұстаздар, ата-аналар, оқушылар!
Қандай ғажап, ажарлы да көркем — Қазақстан, арайлы туған өлкем!
Тереземіз тең бүгін басқа елдермен,
Өсе берсін ұл-қызың жайып өркен.
Бүгінгі «Біздің Отанымыз – Қазақстан!» атты тәрбие сағатымызды бастауға рұқсат етіңіздер.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны орындалады.

2-жүргізуші

Елім менің! Ол өз үйіңнің табалдырығынан басталады. Содан кейін шетсіз-шексіз қияға өрлей береді. Жұпар жусанның иісі, кеудеңе құйылған мөлдір ауа, жотаға өрлеген жалғыз аяқ жолдар — мұның бәрі туған елдің бір бөлшегі.

1-жүргізуші

Біздің атамекеніміз — қазақ даласы. Бұл бабаларымыз ұрпағына қалдырып кеткен асыл мұра.

2-жүргізуші

Құрметті көрермендер! Қазақстан мемлекеті туралы бейнесюжетке назар аударайық.

Интерактивті тақтадан бейнесюжет көрсетіледі.

Оқушылардың өлеңдері

1-оқушы

Қазақ елі – қашаннан да жыр елі, Тарихында тұлғалар көп киелі. Қазақстан аясында ежелден Бірнеше ұлт бірге өмір сүреді.

2-оқушы

Бір-бірімен тату-тәтті тұрады, Бәрінің де Қазақстан — тұрағы. Туған жерге тебіренген сәттерде, Ағылады өлең-жырдың бұлағы.

3-оқушы

Енді бүгін қарасам, Айналам бақыт кең жатыр. Бірімен-бірі туысқан, Қол ұстасқан ел жатыр. Қырғыз, қазақ, өзбектер, Моңғол, ұйғыр, дүнгендер, Армян, тәжік, грузин, Орыс пенен украин — Терезесі тең жатыр. Алатау, Кавказ ұласып, Баурайы бұйрат кең жатыр. Бақыттың әні асқақтап, Құлаққа даусы кеп жатыр.

Әр ұлт өкілдері өз тілінде «Отан», «достық», «бейбітшілік» сөздерін айтып, тақпақ оқып, би билеп өнерлерін көрсетеді.

Ұлттар достығы: тілектер, тақпақтар және билер

Қазақ

Мен қазақпын — мың өліп, мың тірілген, Жөргегімде таныстым мұң тіліммен. Жылағанда жүрегім күн тұтылып, Қуанғанда күлкімнен түн түрілген. Республика! Ерікті ел — Қазақстан, Келді ақыры көп күткен жаз алыстан. Келді алыстан аңсатып, армандатып, Торды бұзған мен де бір мәз арыстан.

Қазақ биі орындалады.

Орыс

Неткен байтақ қазақ жері — кең еді, Жетпес оған еш ақынның теңеуі. Кең пейілдік, дарқандыққа жасымнан Баурап еді баласындай мені елі.

Орыс биі орындалады.

Тәжік

Отан деген — атамекен, Отан деген — туған жер. Отан — ана, Отан — үлкен, Қазақстан — туған ел!

Эстон

Көк туды асқақ көтерген, Елді мақтан етем мен! Терезесі тең алыс-жақын шетелмен.

Грузин

Кішіпейіл, қарапайым қазағым, Атақ-даңқың аударса әлем назарын. Қуанышың ортақ маған, ер елім, Сенсің байтақ, сенсің бақыт — базарым.

Грузин биі орындалады.

Молдавия

Қазақстан — Гүлстан, Ғажапстан, Күнстан. Жеттім мен де мұратыма аңсаған. Қарыздармын, бас иемін мен саған.

Литва

Дүрілдетіп өңірді, Дүрілдесіп дүлділі, Қазақ деген елімнің Құтты болсын бұл күні!

Қырғыз

Желбіреп көкке байрағы, Артта қап тартқан азабың. Аман бол, ауыл-аймағым, Айбарың ассын, қазағым!

Өзбек

Бір-бірімен тату-тәтті тұрады, Бәрінің де Қазақстан — тұрағы. Туған жерге тебіренген сәттерде, Ағылады өлең-жырдың бұлағы.

Өзбек биі орындалады.

Латыш

Осындай дархан жүректі, кең жазира көңілді, ақынжанды халықтың отандасы болғаныма қуанамын әрі мақтанамын.

Әзербайжан

Іші — алтын, сырты — нұр, Бұзылмаған шырқы бір. Ұлы достық мекені — Қазақстан жұрты бұл!

Ұйғыр

Шыным осы, сырым осы, ағайын, Жоқ теңеуді қайдан іздеп табайын. Ұйғыр-қазақ — үлкен үйі сен болсаң, Мен-ақ сенің кіші отауың болайын.

Ұйғыр биі орындалады.

Белорус

Асқар тауым — Қазақстан, Әсем әнім — Астанам. Қазақстан — Отаным деп Әрқашан да мақтанам.

Армян

Жақсылыққа, бақытқа Талпынған әр уақытта. Бала біткен дос, бауыр — Болмасын еш тосқауыл. Ақпыз, қара, сарымыз — Ағайынбыз бәріміз.

Бірлік, тәуелсіздік және тіл туралы ой

3-оқушы

Ашық болсын күніміз, Жарқырасын нұрымыз. Бай тұлғалы өңірде Айтылсын жыр-әніміз.

Хор: «Жаса, Қазақстан!»

4-оқушы

Тәуелсіздік — тірлігімнің айғағы, Татулығым — бірлігімнің айғағы. Сөгілмесе еліміздің іргесі, Әлі де бар ұрпағымның арманы.

5-оқушы

Бейбіт өмір тілеймін халқыма, Туған тілім шұбарланбай, жарқыра! Тарихымда таланттылар көбейсін, Бас иемін ата-баба рухына!

Көрініс.

Хормен: Біз — бейбіт өмірде Қазақ мемлекетін гүлдендіретін, мақсат-мұраты бір ұрпақпыз!

6-оқушы

Мен оның түнін сүйем, күнін сүйем, Ағынды өзен, асқар тау, гүлін сүйем. Мен оның қасиетті тілін сүйем, Мен оның құдіретті үнін сүйем. Отан, Отан — бәрінен биік екен, Мен оны мәңгілікке сүйіп өтем!

7-оқушы

Ең бірінші бақытым — халқым менің, Соған берем ойымның алтын кенін. Ол бар болса мен бармын, қор болмаймын, Қымбатырақ алтыннан нарқым менің.

8-оқушы

Ал екінші бақытым — тілім менің, Тас жүректі тіліммен тілімдедім. Кей-кейде дүниеден түңілсем де, Қасиетті тілімнен түңілмедім.

7-оқушы

Бақытым бар үшінші — Отан деген, Кім мықты десе біреу — Отан дер ем. Оты сөнген жалғанда жан барсың ба? Ойланбай-ақ кел дағы от ал менен.

Хор: «Отаным — Қазақстан»

Қорытындыға ұласар сөз

1-жүргізуші

Есігі ашық, төрі кең, Жылап өттік өткен өмір өрінен. Жетер енді, желпінейік, қарайық, Мына өмірге егемендік көзімен.

2-жүргізуші

Армандарды жақындатып тым алыс, Біздің жаққа жеткен екен жылы ағыс. Егеменді ел бақыты, ертеңі — О, халайық! Құтты болсын қуаныш!

1-жүргізуші

Азат өлкем күндей күліп шығыстан, Асыл елім жан-жүректі ұғысқан. Ата-бабам аңсап өткен бақытым, Айналайын, Қазақстан — Гүлстан!

Хор: «Атамекен» әні орындалады.

IV. Қорытынды

Сабақ соңында оқушылар Отанға деген сүйіспеншіліктің мәнін, татулық пен бірліктің құндылығын, ана тілдің қадірін өлең мен ән арқылы жүрекке түйеді.