Анам - менің жүрегім

Анам — менің жүрегім!

Біз ғана емес, қадір тұтқан бабалар — аналардан туған небір даналар. Ана деген тіршіліктің тірегі. Армысыздар, қасиетті аналар!

Қымбатты балалар, сүйікті апалар, құрметті әріптестер! Бүгін көктемнің алғашқы мерекесі күні әсем залға 8 наурыз — Аналар мерекесін тойлауға жиналып отырмыз. Мерекелеріңіз құтты болсын!

Жүргізушінің өлеңі

Бала, бала, бала деп,

Түнде шошып оянған.

Түн ұйқысын төрт бөліп,

Түнде бесік таянған.

Қаймақты сүттей қалқытқан,

Суық болса жөргегі —

Қорғасындай балқытқан.

Айналасына ас қойып,

Өзенді көлдей шалқытқан.

Қолын қатты тигізбей,

Иісін жұпар аңқытқан…

Бұл кім?

Балалар: Ана, ана, ана!

Құрметті аналар, қадамдарыңызға гүл бітсін! Сіздерге арналған мерекемізді бастаймыз.

Ән: «Ақ мамам»

8 наурызға арналған жыр-лебіз

Бүгін наурыздың 8-і — сұлулықтың нышаны. Әдемі сөз — адамның анаға айтар ең ізгі лебізі.

Тақпақтар

Айдын

Той пердесін ашайық,

Тойға шашу шашайық.

Аналарды құрметтеп,

Ән маржанын ашайық.

Айзере

Ана дейміз біріміз де аңқылдап,

Ана дейді жас сәби де жарқылдап.

Ана деген — бәйтерегі өмірдің,

Ана деген — алтын қазық, алтын бақ.

Нұрайым

Анам менің — сүйіктім,

Тек өзіңе табынам.

Қасымда жүрсең — биікпін,

Алыстасаң — сағынам.

Дария

Анаң болса қасыңда —

Басқа бақыт не керек?

Аналардың жүрегі

Мейірімді ғой керемет.

Жүректен шыққан сөз

Солидат

Мен анамды сүйемін,

Құшағына енемін.

Мәпелеген анамды

Қуантсам деп келемін.

Диана

Мәпелейді, әлдилейді, бағады,

«Құлыным» деп құшағына алады.

Өзгеге де, өзіне де жауапты —

Барлығына қалай уақыт табады?!

Қасымхан

Мерекесі бүгін алтын анамның,

Сыйлайыншы гүлін жарқын даламның.

Күлімдеген көзі — күннің нұрындай,

«Ұлым» деген сөзі — ақын жырындай.

Кәусар

Айналайын анашым,

Аялайсың бағасын.

Сен үшін балалармен

Ән шырқайық бәріміз!

Аяулым (ағылшынша жолдар)

That is mine.

I agree she is fine.

You love your mother,

And I love mine.

Би: «Чарли»

Әжелерге құрмет

Бүгінгі мереке күні әжелерімізді де мерекелерімен құттықтаймыз. «Қариясы бар үйдің қазынасы бар» деп бекер айтылмаған. Келесі құттықтауларымыз сіздерге арналады, құрметті әжелер!

Тақпақтар

Ерасыл

Мені жақсы көреді,

Күндей күліп жүреді.

Көп ертегі біледі,

Маған айтып береді.

Мансұр

Аналарды сүйеміз,

Сөзін ойға түйеміз.

Әжені де ардақтап,

Әдеппен бас иеміз.

Аяулым

Менің әжем мейірбан,

Мені жақсы көреді.

Қажетіне жарасам,

Жас балаша күледі.

Бақдәулет

Әже деген көп шығар,

Әжемдей адам жоқ шығар.

Мейірімді бұл кісі,

Қандай ғажап күлкісі.

Көрініс және көркем сөз

Көрініс: «Әжелер»

Айша

Анам менің — аялаған ақ гүлім,

Анам менің — бақытым мен шаттығым.

«Анашым» деп балаң жырын арнаған,

Неге ғана естімеген тәтті үнін?

Анам менің — өмірдегі тірегім,

Анам менің — кеудемдегі жүрегім.

Егер менің қасымда сен болмасаң,

Бұл өмірде қалай ғана жүремін?

Автор туралы

Атырау қаласы, Бірлік ауылы, №33 «Көркемай» балабақшасының тәрбиешісі — Бозжанова Ақгүл Серікқызы.

Материал: «Анам — менің жүрегім!»

Ананың мейірімі — ұрпаққа қуат, отбасыға береке. Бүгінгі мереке — алғыс айтудың, құрмет көрсетудің, жүректегі жылы сөзді жеткізудің ең жарасымды сәті.