Құрылымы күрделі теңдеулер

Қостанай облысы, Әулиекөл ауданы

№2 Аманқарағай орта мектебі

Бастауыш сынып мұғалімі: Туребекова Л. М.

Пән

Математика, 3-сынып

Сабақ тақырыбы

Құрылымы күрделі теңдеулер

Сабақтың мақсаты

  • Құрылымы күрделі теңдеулерді шешу алгоритмін меңгеру, теңдеуді құру және шығару тәсілдерін қолдану.
  • Есепті түрлендіруге және салыстыруға машықтандыру.

Міндеттері

  • Оқушыларды тапсырмаларды өз бетінше орындауға үйрету.
  • Пәнге деген қызығушылығын ояту.

Оқу нәтижесі

Оқушы теңдеу — белгісіз саны бар теңдік екенін, ал белгісіз санның мәні теңдеудің түбірі (яғни шешуі) екенін түсінеді және қолданады.

Сабақ барысы

Ұйымдастыру кезеңі

  • Сыныпта жағымды көңіл күй қалыптастыру.
  • Үй тапсырмасын тексеру: «Аквариум» әдісі.
  • Сұрақ-жауап арқылы өткен материалды қайталау.

Қызығушылықты ояту: «Кім шапшаң?»

Оқушыларға ауызша есептеу ұсынылады:

Е

48 + 9

Ң

164 − 8

Д

100 − 25

Т

160 + 30

У

70 + 60

Жаңа сабақ: теңдеу және оны шешу

Теңдеу деген не?

Белгісіз саны бар теңдік теңдеу деп аталады. Теңдеудегі белгісіз сан әдетте латын әріптерімен (мысалы, x) белгіленеді.

Теңдеуді шешу нені білдіреді?

Теңдеуді шешу — теңдеуді дұрыс сандық теңдікке айналдыратындай белгісіз санның мәнін табу.

Салыстыруға арналған мысалдар

Мысал 1

26 − x = 13

Мысал 2

x · 2 = 8 · 10

Жай теңдеу тек бір арифметикалық амал арқылы шешіледі. Теңдеулер жай және күрделі болады.

Күрделі теңдеуді шешу алгоритмі (мысал: x · 2 = 8 · 10)

  1. 1 Теңдеудің сол жағын көшіреміз.
  2. 2 Оң жағын жеңілдетеміз (амалды орындаймыз).
  3. 3 x-тің мәнін (түбірін) табамыз.
  4. 4 Нәтижені тексереміз.

№1: Жұптық жұмыс

Оқушылар тапсырманы жұппен орындайды, кейін бір-бірінің жұмысын тексеріп, талдайды.

Сергіту сәті

Қысқа қозғалыс жаттығулары және назарды қайта шоғырландыруға арналған әрекеттер.

Математикалық өлең-есептер

Төмендегі өлең-есептер арқылы оқушылар жылдам ойлауын және амалдарды қолдануын жаттықтырады.

1-есеп

Көлден ұшты 50 қаз, Қайтып қонды 20 қаз. Қонбады оның нешеуі? Қане, кім тез шешеді?

2-есеп

Аулада 60 үйрек, Қорада 20 үйрек. 10 үйрек тығылды, 10 үйрек жығылды, Қалғаны неше үйрек?

3-есеп

100 асықтың 30-ын Досым сұрап алады. Айтшы сонда нешеуі Өз қолымда қалады?

Толық нұсқасын жүктеу