Жаман сөзінің антонимі

Ойынның форматы

«Мемлекеттік тіл – менің тілім» — слайд арқылы өтетін интеллектуалды ойын (орыс мектептері үшін).

Мақсаты

  • Мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту.
  • Мемлекеттік тілдің мәртебесі мен маңызын кеңінен насихаттау.
  • Өзге ұлт өкілдері жастарының қазақ тілін білу деңгейін көтеру.
  • Қазақ тілін оқып-үйренуге деген ықылас пен қызығушылықты арттыру.

Ойын барысы

Жүргізушінің кіріспе сөзі

Қайырлы күн, қадірменді ойыншылар, жанкүйерлер және ұстаздар! Бүгінгі «Мемлекеттік тіл – менің тілім» атты интеллектуалды ойынымызға қош келдіңіздер!

Мемлекеттік тіл — тек қарым-қатынас құралы ғана емес, түрлі ұлт өкілдерін жақындастыратын, табыстыратын ерекше құрал. Сондықтан мемлекеттік тіл халықтарды біріктіреді.

Эпиграф

«Мемлекеттік тіл — бұл Отан бастау алатын Ту, Елтаңба, Әнұран секілді рәміздердің бірі және ол елдің барша азаматтарын біріктіруі тиіс».

— Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев

Әділқазылар және командаларды таныстыру

Ойынды бастамас бұрын, әділ бағасын беретін әділқазылар алқасымен танысамыз. Одан кейін әр топ басшысы командасының атауын айтып, ойыншыларын таныстырады.

Ойын шарты

Ойын 5 турдан тұрады.

1-тур: «Бәйге»

  • Әр командаға 10 сұрақ оқылады.
  • Дұрыс жауап — 1 балл.
  • Уақыт шектеулі, жауап тез берілуі керек.
  • Кез келген қатысушы жауап бере алады.
  • Максимум — 10 балл.

2-тур: «Полиглот»

  • Тапсырма экранда көрсетіледі.
  • Бөлектелген сөздерді алдымен қазақшаға, кейін ағылшыншаға аудару керек.
  • Жауаптар параққа жазылады.
  • Екі тілге дұрыс аударса — 10 балл, бір тілге — 5 балл.

3-тур: «Дода»

  • Командалар таңдаған ұпайға сәйкес сұрақ қойылады.
  • Бір команда жауап бере алмаса, екінші командаға жауап беруге мүмкіндік беріледі.

4-тур: «Қызықты диалог»

  • Ұсынылған үш әріптің біреуі таңдалады.
  • Жауаптардың бәрі тек сол әріптен басталуы тиіс.
  • Әр дұрыс жауап — 1 балл.

5-тур: «Пойми меня»

  • Командалар таңдаған конверттерде сөздер беріледі: әр командаға — 2 сөз.
  • Команда сөзді өз жанкүйерлеріне мағынасы арқылы түсіндіреді: ым-ишара, мимика қолдануға болады, бірақ қағаздағы сөзді атауға болмайды.
  • Көрермендер сөзді дәл тапса — 5 балл.
  • Уақыт ескеріледі. Максимум — 10 балл.

Егер сұрақтарыңыз болмаса, ойынды бастаймыз. Үш командаға да сәттілік тілейміз!

I кезең: «Бәйге»

1-топтың сұрақтары

  1. 1. Екі сағатта неше минут бар?
  2. 2. Қазақстан Республикасының Президенті кім?
  3. 3. «Жаман» сөзінің антонимі қандай?
  4. 4. 16 желтоқсан қандай мереке?
  5. 5. Қазақ тілінде жалғаудың қанша түрі бар?
  6. 6. Тудың авторы кім?
  7. 7. «Оқушы» сөзінің аудармасы қандай?
  8. 8. «Ақ киімді, денелі, ақ сақалды» өлеңінің авторы кім?
  9. 9. Киіз үйдің төбесі қалай аталады?
  10. 10. Бастауыш пен баяндауыш — сөйлемнің қандай мүшелері?