Сұңқар және Тұлпар тобы болып
Сабақ туралы
Сабақтың тақырыбы
Заттың санын цифрмен сәйкестендіру
Білім беру саласы
Таным
Мақсаты
Заттардың санын цифрмен сәйкестендіруге және сандарды ажырата білуге үйрету. Математикалық жұмбақтарды шешуге, логикалық ойындарда ойланып нақты жауап беруге дағдыландыру. Тіл байлығын, есте сақтау қабілетін дамыту.
Әдіс-тәсілдер
- Сұрақ-жауап
- Көрсету
- Түсіндіру
- Әңгімелесу
- Ойындар
Көрнекіліктер
- Сандар
- Суреттер
- Сандық көрсеткіштер
Сабақтың барысы
1) Мотивациялық кезең
Тәрбиешінің әрекеті
Жылулық шеңберіне тұрғызып, балаларды бір-біріне жақсы тілектер айтуға ынталандырады.
Балалардың әрекеті
Шаттық шеңберінде тұрып, бір-біріне көңіл күй сыйлайды.
Шеңбердегі тілектер
Аспанымыз ашық болсын,
Жеріміз гүлдей берсін.
Біздің балабақшамыз
Әрқашанда жайнай берсін.
Қолды көкке созайық,
Азайталық, қосайық.
Сан есептің сарайын
Қане, бірге ашайық.
2) Тақырыппен таныстыру және сұрақтар
Тәрбиеші бүгінгі оқу іс-әрекетінің тақырыбын хабарлайды: заттың санын цифрмен сәйкестендіру. Балаларға сандық көрсеткіштер (цифрлар) таратылады және заттардың санын сол цифрлар арқылы көрсету тапсырмасы беріледі.
Қайталау сұрақтары
- Жыл мезгілдері нешеу?
- Бір аптада неше күн бар?
Ойын
«Көршісін тап» ойыны ойнатылады (санның алдындағы және кейінгі көршісін табу).
3) Ғажайып сәт
Есік қағылып, Білім шәкірті келеді:
— Сәлеметсіздер ме, балалар!
— Сендердің білімдеріңді тексеру үшін мені Білім сарайынан ұстаздар жіберді. Тапсырмаларды қалай орындайтындарыңды бақылап отырамын.
Топқа бөлу
Балалар екі топқа бөлінеді: «Сұңқар» және «Тұлпар».
Топ басшылары
«Сұңқар» тобының басшысы — Бекдәулет.
«Тұлпар» тобының басшысы — Азамат.
Бағалау
Сабақ жарыс түрінде өтеді. Сабақ соңында жұлдызшасы көп топ жеңіске жетеді.
Тапсырмалар
1-тапсырма: Тура және кері санау
Балалар 1-ден 10-ға дейін тура және кері санайды (санамақ арқылы).
2-тапсырма: Суретпен жұмыс
- Сурет бойынша вагондарды сандық ретімен санап, тақтаға іледі.
- Торғайлардың санын сандық көрсеткіштермен (цифрлармен) көрсетеді.
3-тапсырма: Логикалық есептер
3 қоянның құлағы нешеу?
2 сиырдың мүйізі нешеу?
Күнсәулеттің әжесі базардан дәптер, қайшы, қалам, өшіргіш, сызғыш, желім әкелді. Барлығы неше зат әкелді?
4-тапсырма: Суретке қарап санын айту
Балалар суреттегі заттардың санын анықтап, сәйкес цифрды көрсетеді.
Сандар туралы тақпақтар (1–10)
Балалар сандарға арналған жаттаған тақпақтарын «Білгішбек ағайға» айтып береді.
1 саны (Мерей)
Мені келсе білгің,
Мен таяқша бірмін.
Барлық санға жол бастап,
Ең басында тұрмын.
2 саны (Нұрай)
Бірден кейін тұрамын,
Бірден кейін тұрағым.
Бірді бірге қосқанда,
Мен шығамын, шырағым.
3 саны (Айбедел)
Екіден соң әрқашан,
Үш саны мен тұрамын.
Орныма барамын,
Екі айшық саламын.
4 саны (Айдар)
Үш қызықты таяғым,
Оқушылар қояды.
Төрт дегенің баяғы,
Төрт түліктің аяғы.
5 саны (Сұлтан)
Төрттен кейін бесті
Білу оңай десті.
Санаса қолдың саусағын,
Оңай табасың десті.
6 саны (Алтынай)
Мен өзімді қатарға
Бестен кейін қоямын.
Басым бір боп басталып,
Нөлмен бітер аяғым.
7 саны (Саяжан)
Қара мына қызықты,
Кесуді кім ұмытты?
Жеті болам бір тартсаң,
Бел ортамнан сызықты.
8 саны (Гүлбағым)
Менің атым сегіз,
Жетіден соң деңіз.
Жазылған қос дөңгелек —
Мен шығамын сегіз.
9 саны (Ақерке)
Сегізден соң — тоғыз,
Алтыны төбесінен тұрғыз,
Сонда болам тоғыз.
0 саны (Айгерім)
Әліппеде «О»-ға ұқсаймын,
Санда нөлге ұқсаймын.
Жеке тұрсам мәнім жоқ,
Бір орынды ұстаймын.
Сергіту сәті
Оң аяқта 5 башпай,
Сол аяқта 5 башпай.
5-ті 5-ке қосқанда,
Болып шықты 10 башпай.
Ойын: «Төлдердің анасын тап»
Тақтаға 4–5 бала шығып, төлдерді олардың аналарына сәйкестендіріп іледі.
Қорытынды
Білгішбек: «Балалар өте білімді, алғыр екен. 10 санына қатысты тақпақтарды өте жақсы айттыңдар. Енді мені басқа балабақшада балалар күтіп отыр. Сау болыңдар!»