Білім тексеруге арналған Цифрлы диктант - цифрлы диктант түрінде жекелеме оқушылардан сұраққа жауап алу
Сабақтың тақырыбы
Бумалар мен белгішелерді құру. Атын өзгерту. Объектілерді көшірмелеу, орнын ауыстыру және жою. Нысандарды өшіру, өшірілген файлдар мен бумаларды қалпына келтіру.
Сабақтың мақсаты
- Білімділік: бумалар мен белгішелерді құру, нысандарды өшіру, өшірілген файлдар мен бумаларды қалпына келтіру тәсілдерін үйрету.
- Дамытушылық: компьютерде өз бетінше практикалық жұмыс орындау дағдысын дамыту, логикалық ойлауды арттыру, компьютерді қолдану іскерлігін жетілдіру.
- Тәрбиелік: тапқырлыққа, ізденімпаздыққа, шығармашылыққа баулу; ойын нақты әрі тиянақты жеткізуін дамыту; еңбекке тәрбиелеу; пәнге қызығушылығын арттыру.
Көрнекіліктер
- Интерактивті тақта
- Компьютер
- Презентация
- Сызбалар
- Бағалау парағы
Пәнаралық байланыс
- Ағылшын тілі
- Орыс тілі
Сабақ жоспары
- I Ұйымдастырушылық: сыныппен сәлемдесу, сабаққа дайындығын тексеру.
- II Үй тапсырмасы (білімді өзектендіру): «Миға шабуыл» — ауызша фронталды сұрақтар.
- III Білім тексеру: «Цифрлы диктант» — жеке оқушылардың жауаптарын бағалау.
- IV Теориялық бөлім
- V Практикалық жұмыс
- VI Сергіту сәті
- VII Өз біліміңді тексер: тест тапсырмалары.
- VIII Қорытындылау
- IX Үй тапсырмасы
Сабақтың жүру барысы
1) Ұйымдастыру кезеңі
Сәлеметсіздер ме, балалар! Отырыңдар. Біз қазір операциялық жүйелер бөлімін оқып жатырмыз. Бүгін бұрынғы білімімізді қысқаша қайталап алайық.
2) Үй тапсырмасы: «Миға шабуыл»
Ауызша фронталды сұрақтар:
- Компьютердің программалық жасақтамасы (ПЖ) қалай бөлінеді?
- Жүйелік программалардың ішінде негізгісі қайсы?
- Операциялық жүйе (ОЖ) не үшін қажет?
- Қандай ОЖ түрлерін білесіңдер?
- Ағылшын тілінен аударғанда Windows сөзі нені білдіреді?
- Файл дегеніміз не? Файл атауын кесте бойынша айтып беріңдер.
Білімді тексеру: «Цифрлы диктант»
Мен сөйлемдерді оқимын: егер тұжырым ақиқат болса — 1, жалған болса — 0 жазасыңдар.
- Тапсырмалар тақтасындағы Бастау батырмасын басқанда бас мәзір ашылады.
- Alt + F4 пернелер комбинациясын басқанда компьютер қайта жүктеледі.
- Жұмыс үстелінде компьютерге орнатылған барлық программалар орналасады.
- Уақытша жабылған терезенің белгісі тапсырмалар тақтасында көрсетіліп тұрады.
- Мәзір қатарының командалары барлық терезеде бірдей болады.
- Офистік бағдарламалар жүйелік ПЖ-ға жатады.
- Адам мен компьютер арасындағы өзара әрекеттесу интерфейс деп аталады.
- Тышқанның оң жақ батырмасын бассақ, жанама мәзір пайда болады.
Дұрыс жауап
10010011
Өзін-өзі бағалау
- 0–1 қате — «5»
- 2–3 қате — «4»
- 4–5 қате — «3»
- 6+ қате — «2»
Жауап парақтарыңды бір-біріңмен ауыстырып, тақтадағы дұрыс жауаппен тексеріңдер.
Жаңа сабақ: түсіндіру және зерттеу сұрақтары
Оқушылардың зерттеу жұмысын ұйымдастырамыз. Кейбір оқушылар бумалар мен белгішелерді құруды, атын өзгертуді, объектілерді көшіруді, орнын ауыстыруды және жоюды білуі мүмкін. Сондықтан проблемалық сұрақтар арқылы тақырыпты нақтылаймыз.
Проблемалық сұрақтар
- Нысандарды қалай көшіреміз?
- Нысандарды қалай жылжытамыз?
- Бірнеше нысанды бірден көшіре аламыз ба?
- Бумалар не үшін қажет?
Оқулықпен жұмыс
- Алмасу буфері және нысандарды жүйелі түрде көшіру/жылжыту ұғымдары.
- Көшіру, қою, қиып алу командаларына арналған пернелер комбинацияларын жазып алу.
- Оқулық: 95-бет.
Практикалық жұмыс: компьютерде орындау
Тапсырма: бума құру және файлмен жұмыс істеу.
- Жұмыс үстелінде «7 сынып» атты бума құр.
- «Мои документы» бумасынан «Жады» файлын ашып, сызбаны толтыр да, сақта.
- «Жады» файлын «7 сынып» бумасына орналастыр.
Сергіту сәті
-
Көзге жаттығу
Көзді демалтып, қарау бағытын баяу өзгерту арқылы қысқа жаттығулар орындау.
-
Үш тілде сөйлейміз
Жұмыс үстелі — desktop
Бастау — start
Себет — basket
Терезе — window
Бума — folder
Жою — delete
Қою — insert
Көшіру — copy
Өз біліміңді тексер
Оқушыларға тест сұрақтары беріледі. Мақсат — бумалар, файлдар, көшіру/жылжыту/жою командалары және қалпына келтіру әрекеттерін дұрыс қолдана алу деңгейін анықтау.
Сабақты қорытындылау
- Интерактивті тапсырмалар орындау.
- Рефлексия: оқушылардың бүгінгі сабақ туралы пікірін білу (смайлик арқылы).
Үйге тапсырма
Оқуға: 3 және 5-тақырып.
Үй тапсырмасы: файл кеңейтімін анықтау
Сендер ойын жазылған CD-диск сатып алдыңдар. Диск мазмұнында төмендегідей файл атаулары нөмірленіп берілген:
- ИГРА.avi
- ИГРА.txt
- ИГРА.wav
- ИГРА.bmp
- ИГРА.com
Сұрақтар
- Ойынның нұсқаулығын (инструкциясын) оқу үшін қай файлды ашасың?
- Ойынға қосылған музыканы ғана тыңдау үшін қай файлды ашасың?
- Демонстрациялық роликті көру үшін қай файлды ашар едің?
- Ойын программасын іске қосу үшін қай файлды ашасың?
- Ойынның барлық файлдарымен таныстыңдар ма?
- .bmp кеңейтімі бар файлда не болуы мүмкін?
- Ол файлға қандай дұрыс ат беруге болады?
- Файл кеңейтімі бізге нені білдіреді?
Назар аударатын негізгі ұғымдар
- Көшіру — файлдың/буманың екінші данасын жасау.
- Жылжыту — нысанды басқа орынға көшіру және бастапқы орнынан алып тастау.
- Жою — нысанды өшіру (қалпына келтіру мүмкіндігіне назар аудару).
- Кеңейтім — файлдың түрін (мәтін, дыбыс, бейне, сурет, бағдарлама) көрсетеді.