Сахна мәдениетіне тәрбиелеу

Кіріспе сөз

Бүгін біздің мектепте дүбірлі той. Ден қойып тыңдаңыздар, көңілді қой! Жырдан шашу шашылсын, ән төгілсін — қош келдіңіздер, көрермен, сергісін бой.

Құрметті ата-аналар, ұстаздар және оқушылар! Бүгін мектебімізде үлкен мереке — баршаңызға таныс «Айгөлек» ән байқауы өтеді.

Мақсаты

  • Бастауыш сынып оқушылары арасынан өнерлі оқушылардың талантын тамашалау және көпшілікке таныту.
  • Өнерге сүйіспеншілікті арттыру, сахна мәдениетіне тәрбиелеу.
  • Болашақ өнер жұлдыздарын дайындап, үздіктерді қалалық, облыстық, республикалық сахналарға бағыттау.

Бүгін сахнаға алғаш рет шығатын оқушыларымыз да бар — баршасына сәттілік тілейміз!

Байқау номинациялары

I

1–2 сыныптар

II

3–4 сыныптар

Жүргізушілер

Байқаудың жүргізушілері — 4-сынып оқушылары Нағметуллаева Толқын және Төлепбергенов Мадияр.

Жүргізушілер сөзі

Қызыққа толы көктемнің сан қырларын ашайық. Көктем мерекесін думандатып бастайық!

Ал, оқушылар мен ұстаздар, ортаға назар салайық. Сайыскерлер шығатын сәтте қол соғып қарсы алайық!

Концерттік бағдарлама

Қанеки, бәріміз ду қол шапалақпен өнерпаздарымызды ортаға шақырайық!

Жүргізушілердің бастауымен барлық сайыскерлер «Айгөлек» әнін орындайды.

Әділқазылар алқасы

Әділқазы алқасына сәлем! Әділдікке бас иеді күллі әлем. Жүйрік озар сайыстарда неше бір — сарапқа сал, әділдікпен шеше біл!

  • Жақауова Зада — мектебіміздің музыка пәні мұғалімі.
  • Байбарақова Нағия — қалалық музыка бірлестігінің жетекшісі.
  • Емешова Айман — мектебіміздің тәрбие ісі меңгерушісі.

Бағдарламаның реті

Байқауымызды бастаймыз!

Ортаға 1-сынып оқушысы Серікова Аруай. Орындайтын әні: «Сәби тілегі».

1-сынып оқушысы Абдраманов Нұрасыл. Орындайтын әні: «Болашағы елімнің».

1-сынып оқушысы Өтегенова Малика. Орындайтын әні: «Әдемі».

1-сынып оқушысы Темірова Ақнұр. Орындайтын әні: «Көктем».

1-сынып оқушысы Нәбиева Айдана. Орындайтын әні: «Қарлығаш».

1-сынып оқушысы Кулекешова Наргиз. Орындайтын әні: «Апа, туған күніңмен».

2-сынып оқушысы Отанбаева Анель. Орындайтын әні: «Ән салам».

2 «Ә» сынып оқушысы Шари Алина. Орындайтын әні: «Жау, жау жаңбыр».

2-сынып оқушысы Есенбаев Ахметәлі. Орындайтын әні: «Достарым».

2-сынып оқушысы Қаратаева Нұрай. Орындайтын әні: «Менің өлкем».

II номинация (3–4 сыныптар)

Байқауымызды әрі қарай 3–4 сынып оқушылары жалғастырады.

3 «А» сынып оқушысы Асанов Фархад. Орындайтын әні: «Әкетайым».

3-сынып оқушысы Құрмашева Бота. Орындайтын әні: «Аналар күні».

3 «Ә» сынып оқушысы Жанұзақов Бейбарыс. Орындайтын әні: «Достарым».

3 «Б» сынып оқушылары Үсенова Элеонора және Байділда Дильназ. Орындайтын әні: «Ән шашу».

Іс-шара туралы мәлімет

Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Байқоңыр қаласы, №273 орта мектеп.

Сценарий авторы: Жасанбаева Кадиша Махмудқызы.