Жеуге жарамды саңырауқұлақтар

Ашық сабақ жоспары (6-сынып)

Сабақтың тақырыбы

Саңырауқұлақтардың көптүрлілігі (слайдтармен)

Сабақтың түрі

Аралас сабақ

Көрнекі құралдар

6-сынып оқулығы, плакаттар, суреттер, интерактивті тақта, компьютер, A3 және A4 қағаздары

Пәнаралық байланыс

География

Сабақтың мақсаты

Білімділік

Табиғат құбылыстарын түсіндіру арқылы саңырауқұлақтардың түрлері туралы білімдерін кеңейту және жүйелеу.

Дамытушылық

Топтық жұмыс арқылы жеуге жарамды, жарамсыз және улы саңырауқұлақтар, сондай-ақ паразит саңырауқұлақтар туралы ұғымдарын дамыту; алған білімдерін қолдану дағдыларын жетілдіру.

Тәрбиелік

Табиғатты аялауға, жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу және пәнге қызығушылықты арттыру.

Сабақтың құрылымы

  1. I

    Ұйымдастыру кезеңі

    Сыныптың назарын сабаққа аудару, топқа бөлу.

  2. II

    Үй тапсырмасын тексеру

    «Кім тапқыр?» ойыны арқылы қайталау.

  3. III

    Жаңа тақырыпты меңгеру

    Саңырауқұлақтардың көптүрлілігі: жеуге жарамды, улы, паразит түрлері.

  4. IV

    Тәжірибелік және топтық жұмыс

    Мәтінмен жұмыс, зертханалық жұмыс, сәйкестендіру тапсырмасы.

  5. V

    Қорытындылау және бағалау

    Сұрақ-жауап арқылы бекіту, рефлексия, үй тапсырмасы.

Кіріспе

Мұғалім сабақтың басында табиғатқа сүйіспеншілікті оятатын өлең жолдарымен оқушылардың назарын шоғырландырады. Негізгі ой: табиғатты аялау — болашаққа жауапкершілікпен қарау.

Табиғаттың арайлансын ажары,

Болмаса екен тартар оның азабы.

Табиғатқа тазалықты тарту ет,

Тарқамасын аң мен құстың базары.

Үй тапсырмасын тексеру: «Кім тапқыр?»

Оқушылар зең саңырауқұлақтары туралы өткен тақырыпты сұрақтар арқылы еске түсіреді.

  • 1) Тағамдарды бүлдіретін қандай зең саңырауқұлақтары бар?

  • 2) Зең саңырауқұлақтарының қандай түрлері бар? Айырмашылығы неде?

  • 3) Мукордың пенициллден айырмашылығы қандай?

  • 4) Зең саңырауқұлақтарының табиғатта және шаруашылықта маңызы қандай?

  • 5) Зең саңырауқұлақтарынан қалай сақтануға болады?

  • 6) 1929 жылы табиғи пенициллинді бөліп алған ғалым кім?

Жаңа тақырып: саңырауқұлақтардың көптүрлілігі

Жеуге жарамды саңырауқұлақтар

Жеуге жарамды саңырауқұлақтардың құрамында нәруыз, май, минералды заттар, дәрумендер және микроэлементтер мол. Жалпы алғанда, жеуге жарамды саңырауқұлақтардың 300-ге жуық түрі белгілі.

Қозықұйрық (шампиньон)

Қарашірігі мол, ылғалды топырақта өседі. Орманда, шалғында, бақша өсімдіктерінің арасында кездеседі. Түрлері: кәдімгі, шалғындық, орман қозықұйрығы.

Қалпағы
үсті ақ, асты қатпарлы, қызғылт
Өлшемі
қалпақша ~15 см, діңгек ~10 см
Құрамы
нәруыз 20–30%, Fe, Ca, Zn, I, K, P

Ақ саңырауқұлақ

Қайың, емен, шырша, қарағай және басқа ағаштардың астында өседі. Өскен орнына қарай түсі құбылады. Қайың маңындағы түрінің қалпағы ақшыл-сұрғылт, асты ақ, хош иісті.

Діңгек
~10 см
Қалпақша
~20 см

Қайың саңырауқұлағы

Қайыңды орманда топырақ жылылығы 10–16°C болғанда, ылғалдылық 53–98% деңгейіне жеткенде дамиды. Қайың тамырымен селбесіп микориза түзеді, ағашқа пайда келтіреді.

Өлшемі
діңгек 4–15 см, қалпақша 5–15 см
Ескерту
10 күн ішінде жиналмаса, жеуге жарамсыздануы мүмкін

Күзгі түбіртек (осенний опенок)

Өте тез өседі. Түбіртегінде ақ түсті жарғақты белдеушесі (сақинасы) болады. Қуаттылығы кейбір көкөністерден жоғары, айранның қуаттылығына пара-пар деп бағаланады.

Су
Нәруыз
Крахмал/қант
Май
Тұз
Жасунық
91,4%
2,6%
3,8%
0,4%
0,8%
0,9%

Улы (жеуге жарамсыз) саңырауқұлақтар

Улы саңырауқұлақтарға шыбынжұт (мухомор), боз арамқұлақ (бледная поганка), жалған түбіртек (ложный опенок), жалған түлкіжем (ложная лисичка) және басқа түрлер жатады.

Шыбынжұт (мухомор)

Түрлері: қызыл, сұрғылт-қоңыр, порфир, ақ қалпақшалы сасық, бозғылт-сары және т.б. Құрамында шыбынды өлтіретін улы зат — мускарин алкалоиды бар.

  • Көбіне шырша, қарағай, балқарағай ормандарында және қайыңды ашық алаңдарда өседі.
  • Қызыл шыбынжұттың қалпағы күңгірт-қызыл, ақ сүйел тәрізді дақтары болады (жуылып кетуі мүмкін).
  • Уы тез әсер етеді: тыныс алу нашарлап, сіңір тартылуы, есінен тану байқалуы мүмкін.

Бұрын кейбір халықтық тәжірибеде қолданылғанымен, қазіргі кезде медицинада препараттар әзірлеуге шикізат ретінде қарастырылады.

Боз арамқұлақ (бледная поганка)

Қалпағы ақ, сарғыш, жасылдау немесе сұрғылт-ақшыл болуы мүмкін; үстінде мақта тәрізді қабыршақты ақ жарғақтары болады. Діңгегінде жарғақты белдеуше (сақина) кездеседі, түп жағын қалта тәрізді жамылғы қаптайды.

  • Көбіне жалпақжапырақты және қылқанжапырақты орман шеттерінде өседі.
  • Құрамындағы фаллоидин алкалоидының әсерінен аса улы түрлер қатарына жатады.

Паразит саңырауқұлақтар

Паразит саңырауқұлақтар тірі ағзалардың денесінде өсіп-жетіліп, тірі жасушалардың ағзалық заттарымен қоректенеді. Олар адамға және шаруашылыққа елеулі зиян келтіруі мүмкін.

Мысал: ақұнтақсаңырауқұлақ

Жазда өсімдік жапырақтарының бетінде аппақ ұн себілгендей қабат пайда болады. Бұл — ақұнтақсаңырауқұлақтың жіпшумақтары. Олар жіпшелерін жапыраққа және сабаққа жіберіп, жасуша қоректік заттарын сіңіреді.

Негізгі анықтама

Тірі ағзаның денесінде өсіп, тірі жасушалардың ағзалық заттарымен қоректенетін саңырауқұлақтар паразит саңырауқұлақтар деп аталады.

Қалпақшалы саңырауқұлақтың құрылысы

Қалпақшалы саңырауқұлақтың негізгі бөліктері төмендегідей аталады.

1) Қалпақша

Саңырауқұлақтың үстіңгі бөлігі.

2) Қалпақша асты

Қатпарлы/түтікшелі қабат, көбіне спора түзілумен байланысты.

3) Белдеуше (сақина)

Кейбір түрлерде діңгекте болады.

4) Түбіртек

Діңгек бөлігі.

5) Түбіртек жіпшесі

Жіпшумақпен байланысатын жіңішке жіпшелер.

6) Жіпшумақ

Топырақ ішінде таралатын негізгі вегетативті бөлік.

7) Жіпше

Жіпшумақты құрайтын құрылымдық бірлік.

Саңырауқұлақтардың түрлері

  • Жеуге жарамды саңырауқұлақтар

    Тағамға қолдануға болатын түрлер.

  • Улы саңырауқұлақтар

    Ағзаға қауіпті, уландыратын түрлер.

  • Паразит саңырауқұлақтар

    Тірі ағза есебінен қоректенетін түрлер.

Қауіпсіздік: саңырауқұлақ теру ережелері

Негізгі талап

Саңырауқұлақ тергенде жеуге жарамды түрін улы түрінен анық ажырата білу қажет.

Дұрыс жинау тәсілі

Топырақ ішінде көзге көрінбей жататын жіпшумақты зақымдап алмау үшін саңырауқұлақты түбінен жұлып алмай, түбірінің түбін пышақпен абайлап қиып алған дұрыс.

Мағынаны тану: мәтінмен жұмыс (Кубизм әдісі)

Оқушылар мәтінмен қосымша танысып, түсінгендерін постерге түсіріп, топ алдында қорғайды.

Сипатта
Баянда
Салыстыр
Зертте
Қорытындыла

Зертханалық жұмыс №14

Тақырыбы

Қалпақшалы саңырауқұлақтың сыртқы құрылысын анықтау

Топтық жұмыс: сәйкестендіру

Терминдер мен анықтамаларды сәйкестендіріңіздер.

Термин
Анықтама
1) Симбиоз
Екі ағзаның пайдалы селбесуі
2) Микориза
Саңырауқұлақтардың ағаш тамырымен селбесуі
3) Спорангий
Спора түзілетін орын
4) Микология
Саңырауқұлақтарды зерттейтін ғылым
5) Фотосинтез
Хлоропластары болмағандықтан саңырауқұлақтарда жүрмейді

Қорытындылау: «Мен саған, сен маған»

Топтар бір-біріне сұрақ қойып, жауап береді. Сабақ соңында білім сұрақтар арқылы бекітіледі.

Бекіту сұрақтары (1–7)

  1. 1. Саңырауқұлақтарды зерттейтін ғылым: микология.
  2. 2. Саңырауқұлақ жасушасында жиналатын қор заты: гликоген.
  3. 3. Талшығы бар спора: зооспора.
  4. 4. Спора түзілетін орын: спорангий.
  5. 5. Нан ашытуда пайдаланылатын ашытқы саңырауқұлағы қантты ыдыратады.
  6. 6. Көгілдір зең саңырауқұлағы: пеницилл.
  7. 7. Лимон қышқылы алынатын саңырауқұлақ: аспергил.

Бекіту сұрақтары (8–14)

  1. 8. Қалпақшалы саңырауқұлақтың жемісті денесі: қалпақша және түбіртек.
  2. 9. Саңырауқұлақтың өсімдікпен селбесуі: микориза.
  3. 10. Қызыл түсті улы қалпақшалы саңырауқұлақ: шыбынжұт.
  4. 11. Топырақ ішінде көрінбей жататын бөлігі: жіпшумақ (жіпшелер).
  5. 12. Қайыңқұлақ саңырауқұлағы: улы емес.
  6. 13. Бидай масағын зақымдайтын паразит саңырауқұлақ: қаракүйе.
  7. 14. Жүгері собығында кездесетін паразит саңырауқұлақ: қаракүйе.

Бағалау

Сабаққа белсенді қатысқан және сұрақтарға жауап берген оқушылар бағаланады.

Үй тапсырмасы

  • Мәтінді оқу.
  • Суреттермен жұмыс жасау.
  • Өткен сабақты қайталап келу.