Балалармен бірге мнемоника арқылы өлеңді оқимыз
Білім беру саласы және ұйымдастырылған оқу қызметі
Негізгі мәлімет
- Білім беру саласы
- Коммуникация
- Оқу қызметі
- Көркем әдебиет
- Тақырыбы
- Астана (жаттау). Ермек Өтетілеуұлы
Мақсаты
- Астана қаласы туралы түсінікті кеңейту, өлең мазмұнын түсініп тыңдауға үйрету.
- Есте сақтау мен ойлау қабілетін жетілдіру, сөздік қорын дамыту.
- Мнемоника арқылы өлеңді қайталау дағдысын нығайту.
- Астанаға сүйіспеншілікпен қарауға тәрбиелеу.
Тілдік және әдістемелік компоненттер
Билингвалды компонент
қала Астана — город Астана
саяхат — путешествие
Сөздік жұмысы
- Шарықтайды — жоғары көтеріледі, өрлейді.
- Асқақ ән — салтанатты, биік рухты ән.
Технологиялық қамтамасыз ету
- суреттер
- хрестоматия
- мнемоника
- проектор
- билет
- руль
- автобус
Дидактикалық ойын
Атауы: «Қуыршақ тыңдайды»
Өлеңді қуыршаққа айтып, сөйлеу дағдыларын жетілдіруге бағытталған.
Сабақ барысы
Мотивациялық-қозғаушылық кезең
Шаттық шеңбері:
Қайырлы таң, Алтын Күн!
Қайырлы таң, Көк аспан!
Қайырлы таң, Жер Ана!
Қайырлы таң, достарым!
Қайырлы таң, апайым!
Қайырлы таң, қонақтар!
Ұйымдастырушылық-ізденістік кезең
Кіріспе әңгіме (сұрақтар)
- —Балалар, сендер Астана қаласына барғыларың келе ме?
- —Қандай көлікпен барғыларың келеді?
- —Жолға шығу үшін бізге не керек?
Тосын сәт
- —Балалар, біз Астана қаласына саяхатқа келдік.
- —Сендер не көріп тұрсыңдар?
- —Қазақстанның тұңғыш Президенті кім?
- —Астана туралы тақпақты білгілерің келе ме?
- —Ендеше, бүгін ақын Ермек Өтетілеуұлының «Астана» тақпағын жаттаймыз.
1) Өлеңді мәнерлеп оқу
Болашаққа бастаған.
Шарықтайды асқақ ән.
Елордасы Отанның —
Мақтанышым — Астанам.
2) Мнемоника арқылы оқу
Өлең жолдарын мнемоникалық белгілермен сәйкестендіріп, мәтінді түсініп айтуға дағдыландырамыз.
Сөздік бекіту
шарықтайды, асқақ ән
Билингвалды қайталау
қала Астана — город Астана; саяхат — путешествие
3) Сұрақ-жауап
- —Өлеңде не туралы айтылды?
- —Астана қандай қала?
- —Астананың несімен мақтанамыз?
Сергіту сәті
Отанымның тірегі,
Астананың жүрегі,
Мақтан етем өзіңді,
Бәйтерегі киелі.
4) Бірге қайталау (мнемоника арқылы)
Балалар өлеңді мнемоникаға сүйене отырып хормен және кезектесіп қайталайды.
5) Дидактикалық ойын: «Қуыршақ тыңдайды»
Мақсаты
- Балаларды қуыршаққа тақпақты айтып беруге үйрету.
- Ойлау қабілетін дамыту.
- Сөйлеу тілін жетілдіру, сөздік қорын байыту.
- Жалпы ой-өрісін кеңейту.
Өткізу тәсілі
Әр бала қуыршаққа өлеңді жеке айтып береді. Тәрбиеші дыбыстау, ырғақ және мәнерлеуге бағыттап, қолдау көрсетеді.
Жеке жұмыс
Әр баладан өлеңді жеке айтқызу арқылы жаттау деңгейін бекіту және тілдік дағдыларын бақылау.
Қорытынды
Сабақ барысында балалар Астана туралы өлеңді тыңдап, мәнерлеп айтуға талпынады, жаңа сөздердің мағынасын меңгереді және билингвалды сөз тіркестерін қайталайды.
Автор: Ермек Өтетілеуұлы. «Астана» өлеңі (жаттау).