Біздер қандай балалармыз
Мақсаты
Білімділік
Балалардың коммуникативтік дағдыларын қалыптастыру; жақсы және жаман әдет-қылықтарды ажырата білуге үйрету.
Дамытушылық
Сөздік қорын молайту, логикалық ойлауын, байқағыштығын, сезіну қабілеттерін дамыту; салт-дәстүрге қызығушылығын арттыру.
Тәрбиелік
Адамгершілікке, кішіпейілділікке, ұқыптылыққа баулу.
Көрнекіліктер
- Суреттер
- Шаңырақ
- Дидактикалық ойын: «Отбасы»
- Сыйлықтар
Әдіс-тәсілдер
- Әңгімелеу
- Ойын ойнату
- Тапсырма орындау
- Көрсету
Оқу іс-әрекетінің барысы
1) Мотивациялық-қозғаушы кезең
Қарым-қатынас, әдепТәрбиеші: «Сәлем — сөздің анасы, адамгершіліктің әрі әдептіліктің баспалдағы. Алдымен бір-бірімізбен амандасып, жақсы тілектерімізді білдірейік».
Жақсы лебіздер
- «Қайырлы күн!»
- «Әрқашан күн сөнбесін!»
- «Деніміз сау болсын!»
- «Бәріміз дос болайық!»
Бірлік пен тыныштық тілегі
- «Тату болайық!»
- «Әлемде тыныштық болсын!»
- «Аспанымыз ашық болсын!»
2) Іздену-ұйымдастыру кезеңі
Сұрақ-жауапТәрбиеші: «Ендеше, балалар, киіз үйге кіріп отырайық».
Сұрақ: «Бұл не?»
Жауап: «Шаңырақ».
Ғажайып сәт: Тазша баланың келуі
Тазша бала: «Сәлеметсіздер ме, балалар! Мен — Тазша баламын. Қазір көктем мезгілі. Көктемнің алғашқы гүлі — бәйшешек теруге шыққанда бірнеше сурет тауып алдым. Бірақ олардың мағынасын түсінбедім. Сендерден көмек сұраймын».
Тәрбиеші: «Балалар, Тазша балаға көмектесеміз бе?»
Балалар: «Иә, көмектесеміз!»
Суреттермен жұмыс және әңгімелеу
Жыл мезгілі
Тәрбиеші: «Жылдың қай мезгілі?» — Балалар: «Көктем».
«Көктемде қандай өзгерістер болады?» — «Қар ериді, күн жылынады, құстар жылы жақтан ұшып келеді».
Жақсы мен жаманды ажырату
- «Бала не істеп жатыр?»
- «Құстың ұясын бұзуға бола ма?»
- «Бұл — жақсы бала ма, жаман бала ма?»
- «Келесі суретте бала не істеп жатыр? Ол қандай бала?»
Қорытынды: Балалар әрекеттерді талқылай отырып, жақсылық пен жамандықтың айырмасын түсіндіреді.
Тақпақтар (әдеп туралы)
I
Алдын үлкен кісінің,
Кесіп өтпей көлденең,
Жөніменен кішілік,
Әдеппенен қол берем.
II
Атам маған өмірде
«Әдепті жан бол» деген.
Ата сөзі санамда,
Жасы үлкенге жол берем.
III
«Сәлеметсіз бе, ағай!» деп,
«Сәлеметсіз бе, апай!» деп,
Ұл-қыз сәлем береміз,
Өнегелі өренбіз.
IV
Бақшамызға барғанда,
Жолыққан бар жандарға,
Ертемен ақ пейілмен
«Қайырлы таң!» деймін мен.
V
Дастарханның басында
Әдептен біз озбаймыз,
Үлкендердің қасында
Қолды бұрын созбаймыз.
VI
Нанды үгітпе, қадірле,
Қабығымен бәрін же.
Саусағыңды сорғыштап,
Салдыр-салақ болмағын.
Сергіту сәті (саусақ жаттығуы)
Бас бармағым — ата, үйдің данасы.
Балапан үйрек — әке, үйдің панасы.
Ортан үйрек — әже, үйдің анасы.
Шылдыр шүмек — шеше, шаңырақтың ажары.
Кішкентай саусақ — бала, бәрінің баласы.
Балалар саусақтарын қимылдатып, қимыл-қозғалыс арқылы сергиді.
Ғажайып сәт: Әженің келуі
Тәрбиеші: «Балалар, бүгін Мейрамбектің туған күніне әжесі келіп жатыр екен».
Осы кезде әженің қолындағы сөмкесі түсіп қалады.
Тәрбиеші: «Әже қиналып қалды, не істейміз?»
Балалар: «Әжеге көмектесеміз: сөмкесін көтеріп, орнынан тұрғызамыз, төрге шығарамыз».
Әже: «Рахмет, балалар!»
Мақал-мәтелдер
- Биік төбеге шықсаң, көзің ашылады. Жаманмен сөйлессең, көңілің ашылады.
- Жақсының жүрген жері — базар, жаманның жүрген жері — азар.
- Отанды сүю — отбасынан басталады.
- Әдепті бала ата-анасын мақтатар, әдепсіз бала ата-анасын қақсатар.
- Адамның ұяты — бетінде, адамгершілігі — ниетінде.
- Адам туа жаман болмайды, жүре жаман болады.
Ойын: «Жақсы — жаман»
Ереже
Тәрбиеші жақсы іс айтса — балалар қол шапалақтайды. Жаман іс айтса — аяқтарын тыпырлатады.
Талқыланатын жағдаяттар
- «Бір бала құстың ұясын бұзып жатыр — ол қандай бала?»
- «Үлкен кісіге орын берген бала — қандай бала?»
- «Атасына терек егіп көмектескен бала — қандай бала?»
- «Жерге құлап қалған балапанды ұясына салған бала — қандай бала?»
Екі тілде қайталау (сөздік жұмысы)
Қазақша
Сәлеметсіз бе?
Таңертең балабақшаға келгенде айтамыз.
Орысша
Здравствуйте
Сәлемдесу үлгісі.
Сөздер
Жақсы — хорошо
Жаман — плохо
Қорытынды көрініс
Тазша бала: «Сендер өте тәртіпті екенсіңдер. Мен де сендердей болғым келеді. Көп-көп рақмет! Сендерден көп нәрсе үйрендім. Әкелген сыйлығымды апайларыңа табыс етейін. Сау болыңдар, балалар!»
Сұрақ-жауап
- «Бүгін біз не туралы әңгімелестік?»
- «Біз қандай балалармыз?»
- «Бізге қонаққа кім келді?»
- «Біз кімнің әжесіне көмектестік?»
Ән: «Болайықшы осындай»
Жақсы бала — еңбекшіл,
Ер азамат болады.
Қиындықты жеңсе кім,
Құшағы гүлге толады.
Еңбекшіл осындай,
Болайықшы, досым-ай.
Таза бала — мұнтаздай,
Сүйсінеді қараған.
Ұқыпты деп бұл қандай,
Жақсы көрер бар адам.
Балалар сұрақтарға жауап беріп, ән айтып, көңіл-күйлері көтеріңкі күйде сабақты аяқтайды.