Аустралия материгін құрастыру

Маңғыстау облысы • Бейнеу ауданы

“Абай атындағы орта мектебі” ММ, география пәнінің мұғалімі: Спанова Маржан.

Сынып: 7 • Тақырып: Аустралияның географиялық орны және жер бедері.

Сабақтың мақсаты

Білімділік

Оқушыларға Аустралия материгінің географиялық орны мен табиғи ерекшеліктері туралы білім беру.

Тәрбиелік

Оқушыларды өз бетінше оқуға, ізденіске тәрбиелеу.

Дамытушылық

Білімге құштарлығын, дүниетанымын және жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыра отырып, жеке тұлғаны дамыту.

Сабақтың типі

Аралас сабақ.

Әдіс-тәсілдер

  • Саяхат сабақ (кедергілер арқылы)
  • Үш аялдама
  • «Кім жылдам?»
  • «Жеті жұмбақ»
  • «Ең, ең, ең…» ойыны
  • Сәйкестендіру, тест

Құрал-жабдық

  • Дүниежүзінің физикалық картасы
  • Интерактивті тақта
  • Карточкалар

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқушылармен амандасу.
  • Оқушы назарын сабаққа аудару.

II. Үй тапсырмасын сұрау

Саяхат сабақ: Африкадан Аустралияға дейінгі жол

1-кедергі

  • А) «Африка» атауы қайдан шыққан? (африги тайпасынан)
  • Б) Африканың шеткі нүктелері: Эль-Абъяд, Ине, Альмади, Рас-Хафун
  • В) Биосфераның «Алтын қорына» енген нысандар: Сахара, Мадагаскар

2-кедергі

  • А) Африканың жалпы ауданы: 30,3 млн км²
  • Б) Мадагаскар аралының ауданы: 590 мың км²

3-кедергі

  • А) Африканы зерттеген саяхатшылар: Д. Ливингстон, В. Юнкер
  • Б) Африканы кесіп өтетін климаттық белдеулер: экваторлық, субэкваторлық, тропиктік, субтропиктік
  • В) Африканың өзендері: Ніл, Конго, Замбези

III. Жаңа сабақ

«Үш аялдама» әдісі

Негізгі сұрақ: Ең кіші материк қалай аталады?

1-аялдама

Географиялық орны

Аустралияның географиялық орны мен шеткі нүктелерін анықтау, картадан көрсету.

2-аялдама

Зерттелу тарихы

Аустралияны зерттеген саяхатшылар және олардың ашқан жаңалықтары туралы талқылау.

3-аялдама

Жер бедері және қазбалар

Жер бедерінің ерекшеліктерін сипаттау және пайдалы қазбаларға шолу жасау.

Сергіту сәті: «Кім жылдам?»

Географиялық нысанның атауы айтылады, оқушылар оның қандай нысан екенін анықтайды.

Сахара — шөл

АҚШ — мемлекет

Гималай — тау

Танганьика — көл

Амазонка — өзен

Альмади — мүйіс

Отты Жер — арал

Игуасу — сарқырама

Мыс — металл

Гвинея — шығанақ

Скандинавия — түбек

Мадагаскар — арал

Гольфстрим — ағыс

Антарктида — материк

Гибралтар — бұғаз

Суэц — канал

Орисаба — жанартау

Сомали — түбек

Лондон — қала

Аконкагуа — шың

«Ең, ең, ең…» ойыны

  • Ең биік шың: Джомолунгма
  • Ең үлкен түбек: Арабия
  • Ең кіші материк: Аустралия
  • Ең халық көп материк: Еуразия
  • Ең терең шұңғыма: Мариана
  • Ең үлкен көл: Каспий
  • Ең ұзын өзен: Ніл
  • Ең биік сарқырама: Анхель
  • Ең суыққа төзімді құс: пингвин
  • Ең кішкентай мұхит: Солтүстік Мұзды мұхит
  • Ең үлкен ойпат: Амазонка ойпаты
  • Ең терең көл: Байкал
  • Ең ірі дүние бөлігі: Азия
  • Ең үлкен арал: Гренландия
  • Ең үлкен бұғаз: Дрейк
  • Ең ұзын тау: Анд
  • Ең үлкен шөл: Сахара
  • Ең биік ағаш: секвойя
  • Ең кішкентай мемлекет: Ватикан
  • Ең суы мол өзен: Амазонка

Келесі кезең: «Жеті жұмбақ»

Пәнаралық байланыс

  1. Қаласы бар, үйі жоқ. Орманы бар, бөрі жоқ. Өзені бар, суы жоқ. Тауы бар да, тасы жоқ. Ойлаңдаршы, балалар, оның қиыны жоқ.

    Жауабы: географиялық карта

  2. Жан-жағы су болып жатыр, ортасы ну болып жатыр.

    Жауабы: арал

  3. Теңіз, тауларды, халықты ойлап тап — көтерген алыпты.

    Жауабы: жер

  4. Жиналған жастық сөгілді, аппақ мамық төгілді.

    Жауабы: қар

  5. Азықсыз, көліксіз, сусынсыз, серіксіз әлемді шарлайсыз — жиһанкез болып сіз.

    Жауабы: глобус

  6. Аралдай сауыры, мұхиттың алыбы.

    Жауабы: кит

  7. Мөлдір әрі түссіз, өзі табиғи отын.

    Жауабы: газ

IV. Сабақты бекіту

Фотогалерея және мозаика құрастыру

Топтық жұмыс: құрастырған нысан бойынша толық мазмұндап айту.

  • 1-топ: Аустралия материгін құрастыру.
  • 2-топ: Ең көп тараған пайдалы қазбаларды құрастыру.
  • 3-топ: Саяхатшы Тасманның суретін құрастыру.

Тест

Бүгінгі сабақ бойынша не білдік, не үйрендік? (Әр оқушыға тест тапсырмасы беріледі.)

V. Бағалау

Оқушылардың жауаптары мен топтық жұмыс нәтижелері бойынша бағалау жүргізіледі.

VI. Үйге тапсырма

Аустралия материгі тақырыбын оқып, мазмұндау.