Алтын сақа ертегісінің кейіпкерлері

СҚО, Жамбыл ауданы, Железное селосы

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі: Маканова Айнұр Асанқызы

Сабақтың тақырыбы

Қазақ халқының ауыз әдебиеті (қайталау)

Сабақтың мақсаты

1) Білімділік

Оқушылардың ертегілер туралы түсінігін кеңейту және есте сақтауына ықпал ету. Халық ауыз әдебиетінің түрлерін қайталап, еске түсіру.

2) Дамытушылық

Ертегіні оқи отырып, мазмұны мен мәнін түсінуге бағыттау; оқушылардың ойлау қабілетін, сөйлеу мәдениетін және сөздік қорын дамыту.

3) Тәрбиелік

Қазақ ертегілеріне қызығушылықты арттыру; қиындықты ақылмен, тапқырлықпен және біліммен жеңуге тәрбиелеу.

Сабақтың барысы

1) Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқушылармен амандасу, түгендеу.
  • Кезекшімен сөйлесу: «Кім кезекші? Сабақта кім жоқ?»
  • Күнтізбелік сұрақтар: «Бүгін мамырдың нешесі? Жылдың қай мезгілі? Аптаның қай күні?»

2) Өткенді қайталау

Сөйлесу: «Әдебиет» сөзін қалай түсінесіңдер? Әдебиет — араб сөзі, аударғанда «үлгілі сөз» деген мағынаны білдіреді.

Сұрақ-жауап

  • Бүгінгі сабақтың тақырыбы: Қазақ халқының ауыз әдебиеті (қайталау).
  • Қазақ халқының ауыз әдебиеті туралы не білесіңдер?
  • Неге «ауыз әдебиеті» деп аталады деп ойлайсыңдар?
  • Ауыз әдебиеті қалай тараған?
  • Қазақ халық ауыз әдебиеті ғылымда фольклор деп аталады. «Фольклор» — ағылшын тілінен енген сөз, мағынасы — «халық шығармасы».

Ауыз әдебиетінің түрлері (слайд)

Айтыс Мақал-мәтелдер Жұмбақтар Жаңылтпаштар Ертегілер Тұрмыс-салт жырлары Эпостық жырлар Лиро-эпостық жырлар

Орыс тіліне аудару (слайд)

Ертегілер

сказки

Мақал-мәтелдер

пословицы, поговорки

Лиро-эпостық жырлар

лиро-эпические песни

Тұрмыс-салт жырлары

обрядово-бытовые песни

Айтыс

песни-состязания

Жұмбақтар

загадки

Эпостық жырлар

эпические песни

Жаңылтпаштар

скороговорки

Қайталау тапсырмалары

1) Мақал-мәтелдер

Суреттердің орнына сөздерді қойып, мақалдарды хормен айту. Кейін мақалдардың тақырыбын анықтау.

  • Өмір — үлкен мектеп.
  • Тіл — көңілдің кілті.
  • Ұстаздан оқушы озар.
  • Мектеп — кеме, білім — теңіз.
  • Көз — көңілдің айнасы.
  • Кітап — алтын қазына.
  • Ми ойлағанды тіл бітіреді.
  • Піл көтермегенді тіл көтереді.
  • Туған жердің күні де ыстық, түні де ыстық.
  • Туған жерге туыңды тік.
  • Отан — оттан да ыстық.

2) Жұмбақтар (слайд)

  1. Үй үстінде ұсақ тас.

    Жауабы: жұлдыз

  2. Күндіз жоқ, түнде бар.

    Жауабы: үкі

  3. Бірі үлкен, бірі кіші, туысқан бірге бес кісі.

    Жауабы: саусақ

  4. Кішкентай ғана бойы бар, айналдырып киген тоны бар.

    Жауабы: қой

  5. Қанаты жоқ — ұшады, аяғы жоқ — қашады.

    Жауабы: жел

3) Жаңылтпаштар

Тұз — мұздай, мұз — тұздай.

Шеше кеше неше кесе сындырды?

4) Ертегілер

Ертегілер неше топқа бөлінеді? Хайуанаттар туралы, қиял-ғажайып және тұрмыс-салт ертегілері.

Ребус тапсырмасы: 3 ребусты шешу (ертегілер: «Алтын сақа», «Алдар көсе», «Мақта қыз бен мысық»).

«Алтын сақа» бойынша сұрақтар

  • Бай жылқысын суға неге кіргізе алмайды?
  • Бай судағы өкпені құрықпен түрткенде не болады? (Өкпе батып кетіп, кейін жалмауыз кемпір болып шығады.)
  • «Кәріліктен отырсам тұра алмаймын, тұрсам отыра алмаймын» — кімнің сөзі? (Жалмауыз кемпір.)
  • Жалмауыз кемпірдің қанша тісі болды? (6)
  • Ертегідегі кейіпкерлерді атаңдар: бай, бала, жалмауыз кемпір, түлкілер, қарлығаш, иттер, ат, қарға, үйректер.
  • Балаға көмекті кімдер көрсетті? (Қарлығаш, иттер.)

Көрініс: «Алтын сақа» ертегісінен үзінді көрсету.

«Алдар көсе» бойынша сұрақтар

  • Бай Алдарға неше қой берді? (10)
  • Тышқанның інінде қанша тары болды? (Бір табақ.)
  • Алдар көсеге байдың әйелі неше қой берді? (1)
  • Алдар көсе не тауып алды? (Қу жауырын.)
  • Сюжеттік тапсырма: Алдар көсенің «түнде қойын ұстап алып, жеп қоюы» туралы үзіндіні талқылау.
  • «Сиыр: “Қарным ашып тұр, маған тары әкеліп берші!”» — қай ертегіге тән екені туралы пікір айту.

Көрініс: «Алдар көсе» ертегісін сахналау.

5) Ақын-жазушылар: өмір сүрген жылдары

Ыбырай Алтынсарин

1841–1889

Жамбыл Жабаев

1846–1945

Шоқан Уәлиханов

1835–1865

Абай Құнанбаев

1845–1904

Абайдың өлеңі: «Көзімнің қарасы».

6) Сабақтың қорытындысы: тест тапсырмасы

  1. 1. Ауыз әдебиетінің ғылыми атауы:

    A) сөз    Ә) фольклор    Б) ертегі

  2. 2. Ауыз әдебиетінің түрлері:

    A) әңгіме, өлең, роман    Ә) шығарма, мазмұндама, хат жазу    Б) мақал, жұмбақ, жаңылтпаш

  3. 3. Ертегінің неше саласы бар?

    A) 3    Ә) 2    Б) 5

  4. 4. «Алтын сақа» ертегісінің кейіпкерлері:

    A) қой, түлкі    Ә) жалмауыз кемпір мен бала    Б) сиыр мен мысық

  5. 5. «Алтын сақа» ертегісінде балаға кім көмектесті?

    A) иттер    Ә) үйректер    Б) қарғалар

  6. 6. «Тіл тас жарады, тас жармаса, бас жарады» — бұл не?

    A) жұмбақ    Ә) мақал    Б) жаңылтпаш

  7. 7. «Ақ киімді, денелі, ақ сақалды» — кімнің өлеңі?

    A) Ы. Алтынсарин    Ә) А. Құнанбаев    Б) Ж. Жабаев

  8. 8. 100 жасаған ақын:

    A) А. Байтұрсынов    Ә) Ш. Уәлиханов    Б) Ж. Жабаев

  9. 9. «Алтын сақа» ертегісінде бала жұрттан нені іздейді?

    A) жебесін    Ә) сақасын    Б) асық

  10. 10. Мақта қыз ненің құйрығын кесіп алды?

    A) ешкінің    Ә) мысықтың    Б) тышқанның

7) Үй тапсырмасы

Таңдаған ертегі бойынша сурет салып келу.