Мәтінде аталған көлдерді кескін картаға түсіру
Сабақтың тақырыбы
Көлдер
Сабақтың мақсаты
Оқушыларға көл туралы және оның пайда болуы жайлы түсінік қалыптастыру.
Сабақтың міндеттері
- Көл туралы түсінік беру, оның маңызы мен түрлері жөнінде білімін кеңейту.
- Жер бетіндегі суларды, соның ішінде көлдерді қорғауға және Отанға, табиғатқа сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
- Жаңа ақпарат арқылы географиялық ойлау қабілетін дамыту және географиялық нысандарды картадан табу дағдысын қалыптастыру.
Сабақтың түрі
Жаңа сабақты меңгерту.
Сабақтың әдісі
Баяндау, топпен жұмыс.
Көрнекілігі
Дүние жүзі және Қазақстанның физикалық картасы, атлас, кескін карталар, интерактивті тақта.
Сабақ барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
- Оқушыларды топқа бөлу.
II. Үй тапсырмасын сұрау
Географиялық диктант (слайд 1)
А. Сөйлемді аяқта
- Өзеннің құяр жері оның …
- Аңғардың өзен тасығанда су басатын бөлігі …
- Негізгі өзенге жолда қосылатын өзендер …
- Өзен барлық салаларымен бірігіп … құрайды.
- Өзенге және оның салаларына су ағып келетін жердің бәрі …
Ә. Географиялық шынжыр
- 6) 1054
- 7) 120
Б. Бұл не?
- 8) Су тасуы — …
- 9) Тасқын — …
- 10) Өзеннің режимі — …
Өзара тексеру
Жауаптары — слайд №2
- 1.
- Саға.
- 2.
- Жайылма.
- 3.
- Сала.
- 4.
- Өзен жүйесі.
- 5.
- Өзен алабы.
- 6.
- Анхель сарқырамасы.
- 7.
- Виктория сарқырамасы.
- 8.
- Жыл сайын белгілі бір маусымда қайталанып отыратын өзендегі су мөлшерінің едәуір көбеюі.
- 9.
- Өзендегі су деңгейінің кенет көтерілуі.
- 10.
- Өзен суы мөлшерінің жыл ішінде өзгеру ерекшелігі.
III. Жаңа сабақ
Қызығушылықты ояту (слайд №3)
Армысың, сәлем бердім, ана Балқаш.
Өзіңсің нәр сыйлаған санаға алғаш.
Суың бал, пана болған барша жанға,
Толқындап жатырсың ба, дара Балқаш.
Тақырып пен мақсат
Жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсаты таныстырылады.
Ой қозғау (слайд №4)
- Балалар, көлді кім көрді?
- Ендеше көзімізді бір сәтке жұмып, көлді көз алдымызға елестетейік.
- Енді көзімізді ашып, елестеткенімізді айтып берейік.
- Сонымен, көл дегеніміз не?
Анықтама (слайд №5)
Жер бетінде суға толған табиғи ойыстарды көл деп атаймыз. Көлдің теңізден айырмашылығы — мұхиттың бөлігі болып табылмайды, ал өзеннен айырмашылығы — суы арна арқылы ағып өтпейді.
Негізгі деректер (слайд №6)
Ең ірі көл
Жер шарындағы ең ірі көл — Каспий. Ол солтүстіктен оңтүстікке қарай шамамен 1000 км созылады. Ең терең жері — 1025 м.
Талқылау сұрақтары:
- Каспийдің қай бөлігі Қазақстан аумағына кіреді?
- Каспий туралы тағы не білесіңдер?
Ең терең көл
Дүние жүзіндегі ең терең көл — Байкал. Ең терең жері — 1620 м.
Көл қазаншұңқырларының пайда болуы
Көл қазаншұңқырларының қалай пайда болатыны презентация арқылы түсіндіріледі (№8–13 слайдтар).
Сергіту сәті
«Әлемнің ең ғажайып көлдері» тақырыбындағы презентация қарастырылады (№14–18 слайдтар).
Мағынаны ажырату: топпен жұмыс (№19 слайд)
Картамен жұмыс
Картадан көлдерді дұрыс көрсете білу.
№1 тапсырма
Мәтінде аталған көлдерді картадан табу.
№2 тапсырма
Жоспар бойынша қалаған бір көлге сипаттама беру және оны қорғау жолдарын ұсыну.
Оқулық және кескін картамен жұмыс
№3 тапсырма
Мәтіннен ағынды көл, ағынсыз көл, тұнба көл анықтамаларын тауып, мысалдар келтіру.
№4 тапсырма
Мәтінде аталған көлдерді кескін картаға түсіру.
Рефлексия
Сабақ бойынша кері байланыс ұйымдастырылады.
Үйге тапсырма
- Өтілген тақырыпты оқу.
- «Әлемнің таңғажайып көлдері» туралы қысқаша хабарлама дайындау.
Бағалау
Оқушылардың жұмысы критерийлер бойынша бағаланады.