Мұхтардың әкесі кім

Сабақ туралы жалпы мәлімет

Сабақтың тақырыбы

Тахауи Ахтанов — «Күй аңызы»

Сыныбы

8 «А»

Көрнекілік

  • Т. Ахтанов портреті
  • «6 ойлау шляпасы» (6 түсті қалпақ)
  • Кроссворд
  • Буклет

Сабақтың мақсаты

1) Талдау және салыстыру

Көркем шығарманың мазмұны мен тақырыбын жан-жақты талдап, түсіндіру; басқа ақын-жазушылардың шығармаларымен салыстыру.

2) Тәрбиелік бағыт

Оқушы бойында адамгершілік сезім мен гуманистік идеяны қалыптастыру; туған жерге, төл әдебиетке сүйіспеншілігін арттыру.

3) Дамытушылық бағыт

Шығармашылық ойлау қабілетін және көркем сөйлеу тілін дамыту; шығармаға талдау жасата отырып, пікірін дәлелдеп айтуға үйрету.

Сабақтың әдіс-тәсілдері

Ой шақыру Топтастыру Ассоциация Еркін ойлау Эдвард де Боно: «6 ойлау шляпасы»

Сабақтың барысы

Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқушылармен амандасу, түгендеу.
  • Үй тапсырмасын тексеру.
  • Оқушыларды 6 топқа бөліп, топ бойынша отырғызу.

Үй тапсырмасын сұрау: «6 ойлау шляпасы»

Ақ қалпақ — ақпарат және факті

Шығарма қай жылы жазылған? Авторы кім? Шығармада көтерілген мәселе қандай?

Қызыл қалпақ — сезім және әсер

Кейіпкерлерге мінездеме беру, әсерін айту.

Сары қалпақ — жағымды тұстар

Бақтығұлдың жеткен жетістіктерін талдау.

Қара қалпақ — сын және қауіп

Жағымсыз кейіпкерлер, олардың әрекеті және тигізген зияны.

Жасыл қалпақ — шығармашылық идея

«Келешектен хат»: Тұрар Рысқұловқа хат жазу.

Көк қалпақ — қорытынды және жүйелеу

Жалпы жоспар құру, негізгі ойды жинақтау.

Жаңа сабаққа кіріспе: сөзжұмбақ

Оқушылар жаңа тақырыпқа көшпес бұрын сөзжұмбақ шешеді. Сұрақтар:

  1. 1) Мұхтардың рухани қазынасы, өмірдегі және өнердегі ұстазы кім?
  2. 2) Мұхтардың әкесі кім?
  3. 3) 1928 жылы Мұхтар Әуезов қай қаланың университетін тәмамдады?
  4. 4) «Қараш–Қараш оқиғасы» шығармасының жазылуына негіз болған мемлекет қайраткері кім?
  5. 5) Үзіндідегі Сәттің інісінің аты кім?
  6. 6) Сәлмен байдың ауылы, елі қалай аталады?
  7. 7) Романнан кіші, әңгімеден үлкен прозалық жанр қалай аталады?

Жауаптары

1. Абай

2. Омархан

3. Петербор

4. Тұрар

5. Сәлмен

6. Қозыбақ

7. Повесть

Ассоциация

Тахауи Ахтанов туралы қысқаша мәлімет тыңдалады. Оқушылар автор тұлғасына байланысты ассоциациялар құрып, негізгі ұғымдарды топтастырады.

Мұғалім түсіндірмесі

«Күй аңызы» шығармасының мазмұны қысқаша баяндалады. Оқиға желісі, тақырыптық өзек және негізгі идея алдын ала белгіленеді.

Топтық жұмыс

Оқушылар тапсырмаларды топпен орындайды. Әр топ өз жұмысын қорғайды, дәлел келтіреді және көркемдік детальдарға сүйенеді.

1-топ

Екі жолаушының портретін жасау.

2-топ

Күй туралы және күйші туралы ой-толғау.

3-топ

Ботасы өлген аруана бейнесін талдау.

4-топ

Жаңылдың портретін жасау.

5-топ

Екі күйшінің өнерін салыстыру.

6-топ

«Нар идірген күйінің» туу тарихын ашу.

Еркін ойлау: пікір және дәлел

Пікір 1

«Жамал дұрыс жасады» — өз ұстанымыңызды дәлелдеңіз.

Дәлелге бағыт: «Тең теңімен...»

Пікір 2

«Жамал дұрыс жасамады» — қарсы уәж келтіріңіз.

Дәлелге бағыт: «Өнерді орға жығу»

Бағалау

Оқушылардың топтық жұмысы, ой қорытуы, дәлел келтіруі және көркем мәтінмен жұмыс істеу дағдысы негізінде бағаланады.

Үй тапсырмасы

  • Т. Ахтановтың «Күй аңызы» шығармасын мазмұндау.
  • Шығарма бойынша жоспар құру.