Қарсылықты салалас
Сабақ туралы мәлімет
Пән
Қазақ тілі
Сынып
8-сынып
Сабақтың тақырыбы
Қарсылықты салалас
Сабақтың мақсаты
Білімділік
Қарсылықты салалас туралы теориялық білімді практикада қолдану; ауызша және жазбаша талдау жұмыстарын жүргізу арқылы білімді бекіту.
Дамытушылық
Ойлау қабілетін және қиялды дамыту; ой қорытып, нақты шешім жасауға үйрету; өзіне деген сенімділікті арттыру.
Тәрбиелік
Патриоттық сезімді ояту, Отанын қорғайтын азамат тәрбиелеу.
Сабақтың типі
Аралас
Сабақтың түрі
Саяхат сабақ
Әдіс-тәсілдер
- Түсіндіру
- Сұрақ-жауап
- Семантикалық карта
- Сәйкестендіру тесті
- Топтастыру
- Синкуэйн әдісі
- Қарлы кесек әдісі
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру
- Оқушылармен амандасу.
- Түгендеу.
- Сабаққа назарларын аудару.
II. Үй тапсырмасын тексеру
Тақырып: Себеп–салдар салалас
104-жаттығу. Сәйкестендіру тесті.
Сәйкестендіру тесті (жұмыс үлгісі)
Бастау сөйлемдер
- Тереңге балық уылдырық шаша алмайды, ...
- Сасық күзен, тышқан, жылан сияқты жәндіктер оқпанды жерден інді көп қазады, ...
- Есенқұл жауап қатқанша болған жоқ, ...
- Кей металдар табиғатта өте аз, ...
Жалғастыру нұсқалары
- неге десең, онда уылдырық оралатын не балдыр, не шөп, не қамыс жоқ.
- неге десең, ондай жердің асты ылғалсыз, құрғақ болады.
- жаңағы жүк машинаға да жеттік.
- және таза түрінде кездесуі сирек.
Ескерту: Сөйлемдердің логикалық сәйкестігін анықтап, себеп–салдар қатынасын түсіндіріңдер.
III. Сабақты актуалдандыру
Әдіс: «Қарлы кесек»
- Құрмалас сөйлем дегеніміз не?
- Құрмалас сөйлемнің түрлері қандай?
- Салалас құрмалас дегеніміз не?
- Салалас құрмалас мағынасына қарай неше түрге бөлінеді?
- Ыңғайлас салалас қалай жасалады?
- Себеп–салдар салалас дегеніміз не?
IV. Жаңа сабақ: Қарсылықты салалас
Оқу стратегиясы
Тақтаға мысалдар жазылады. Оқушылар мысалдарды оқып, талдап, ережені өздері шығарады. Мұғалімнің рөлі — бағыт-бағдар беру.
Негізгі идея
Қарсылықты салаласта құрамындағы жай сөйлемдердің біріндегі іс-оқиға екіншісіндегі іс-оқиғаға қарама-қарсы мәнде болады.
Мысалдар
- Күн сайын бір жаңалық болады, алайда бұл жаңалық ананы бұрынғыдай мазасыздандырмайды. (Ғ. С.)
- Бұл ел Мұхитты бұрын да қадірлеуші еді ғой, дегенмен онысы мұндай дәрежеде емес-ті. (Ғ. С.)
- Елемес бір нәрсе айтайын деп еді, — Шымырбек үндемей қалды. (С. Е.)
- Бұл әлі құлама кәрі кісі емес еді, алайда қайғы-қасірет жаншып барады.
- Бас болмақ оңай, — бастамақ қиын. (мақал)
Түрлері
- Жалғаулықты қарсылықты салалас
- Жалғаулықсыз қарсылықты салалас
Байланысу жолы
Қарсылық мәнді жалғаулық шылаулар арқылы және интонация арқылы байланысады.
Тапсырмалар
1) 106-жаттығу
Берілген жай сөйлемдерге өз ойларыңнан қарама-қарсы мәнді жай сөйлем ойлап қосып, қарсылықты салалас құраңдар.
- Жел саябырлаған сияқты, ...
- Теңіз тынышталды, ...
- Тау астындағы көлдің үңгірі жолдан алыс емес екен, ...
- Бұрын бай еді, ...
- Көп балалы үйдің шаң-шұңы көп болушы еді, ...
- Жаз ортасы болып қалды, ...
2) 107-жаттығу
Қарсылықты салаластың түрін анықтап, тыныс белгілерінің қойылу себебін түсіндіріңдер.
- Оларда пасықтық бар, — адамдық жоқ; қараңғы жауыздық бар, — жарқын жүз жоқ.
- Мен түріктің падишасы Афрасиабтың өзінің қымбат нәрселерін — алтын-күмістерін — Хорезм өлкесіндегі Кердеріден жоғары бір жерге көмгендігі туралы көне деректі парсы тілінен оқып білдім, бірақ II Хұсрауға дейін оны ешкім білмеген.
- Жанқия апай сені елжіретіп сүймейді де, өтінбейді де, алайда шыж-быж етіп ұрыспайды да...
- Ұлболсын жауап беруден, сөйлесуден тартынбайды, — неге екені белгісіз, қаймығады.
- Мектеп бітіруімізге бірталай уақыт бар, сонда да әрқайсымыздың неге икем екеніміз байқалып қалған-ды.
Алғырлар елі: деңгейлік тапсырмалар
I деңгей
Семантикалық карта
II деңгей
108-жаттығу
III деңгей
Аяқталмаған сөйлемдер
1) Сөйлемдерді үш топқа бөліңдер
Төмендегі сөйлемдерді үш түрге бөліп жазыңдар: ыңғайлас салалас, себеп–салдар салалас, қарсылықты салалас.
Ыңғайлас салалас
Топтастыруға арналған
Себеп–салдар салалас
Топтастыруға арналған
Қарсылықты салалас
Топтастыруға арналған
- Жел саябырлаған сияқты, — екпіні әлі қатты.
- Ол жылдам жазып отыр, себебі бұл бұрыннан-ақ көкейінде сайрап жүр еді.
- Қаныш Баянауыл әндерін көп біледі және өзі жақсы орындайды.
- Еңбек қылмай тапқан мал дәулет болмас: қардың суы секілді тез суалар.
- Мұраттың балалық шағы елде болып жатқан үлкен өзгерістермен тұтас болды, сондықтан ол тез есейді.
- Олардың бәрін үйіне апарды да, торға қамап қойды.
- Мезгіл кешкіріп кетті, амалсыз қонуға тура келді.
- Әлгі түсімді қайта-қайта көргім келгендей көзімді жұмып едім, — ұйқым келмеді.
2) 108-жаттығу (жіктеу)
Қайсысы ыңғайлас, қайсысы себеп–салдар, қайсысы қарсылықты салалас екенін анықтаңдар.
- Мұғалімнің жұмысында қиындықтар өте көп және мұғалімнің жауапкершілігі де өте зор.
- Адамдарға мұғалімнің еткен әсері мәңгі қалып қояды, сондықтан да мұғалім өзін-өзі бақылай жүруге тиіс.
- Түсінен шошынып, дүниенің төрт бұрышын тегіс кезіп шығады, бірақ қайда барса да көретіні — қазып жатқан көр болады.
- Құдайдың қаһарынан жалбарынып құтылуға болады, — халықтың қарғысынан ешқашан да құтылуға болмайды.
Тренинг: «Жұлдызды жаңбыр»
Берілген тіркестерді (қажет болса, 2 рет қайталап) пайдаланып, қарсылықты салалас сөйлемдер құраңдар.
- Кенеттен жел тұрды.
- Жел қатты тұрды.
- Жаңбыр сіркіреді.
- Жаңбыр қатты сіркіреді.
- Жаңбыр басылды.
- Күн шайдай ашылды. (2 рет)
Аяқталмаған сөйлемдер
Төмендегі сөйлемдерді қарсылық мәнін сақтай отырып аяқтаңдар.
- Мен де алға қарайтынмын, бірақ ...
- Осы кеште өте ұзақ отырдым, дегенмен ...
- Әлгі түсімді қайта-қайта көргім келгендей көзімді жұмып едім, — ...
- Жатақхананы ол оңай тапты, алайда ...
Ғажайыптар елі: жалғаулықтарды ажырату
Себеп–салдар мәнді
сол, сонша, сол себепті
Қарсылық мәнді
бірақ, дегенмен
Ыңғайлас мәнді
да, де, әрі, және
Қарсылық мәнді
алайда, әйтсе де, сонда да
Елбасы жолдауынан үзінді (оқылым)
Мемлекет басшысы сіздердің оқуларыңыз бен өсіп-өнулеріңіз үшін барлық жағдайды жасады. Әлемдік деңгейдегі университеттер мен зияткерлік мектептер ашты, «Болашақ» бағдарламасын құрды. Қазір мемлекеттік жастар саясатының жаңа тұжырымдамасы әзірленуде. Мемлекет сіздердің алдарыңыздан жаңа мүмкіндіктер ашылуы үшін барлығын жасауда.
Естеріңізде болсын: сіздердің табыстарыңыз — ата-аналарыңыздың табысы, туғандарыңыз бен туыстарыңыздың табысы, отбасыңыздың табысы, барлық отандастарыңыздың табысы, біздің Отанымыздың табысы.
Сұрақ
Біздің осындай дәрежеге жетіп отырғанымыз ненің арқасы?
Жауапқа бағыт
Тәуелсіздіктің арқасы. Ендеше, «Тәуелсіздік» тақырыбында бес жолды өлең (синквейн) құрастырамыз.
Бес жолды өлең
Тақырып: Тәуелсіздік
Оқушылар өз нұсқаларын құрастырып, сыныпта оқып береді.
Сабақты бекіту
- Қарсылықты салалас дегеніміз не?
- Қандай жалғаулықтар арқылы жасалады?
- Жалғаулықты және жалғаулықсыз түрлерінің айырмашылығы қандай?
- Тыныс белгілері қалай қойылады?
Бағалау
Оқушылардың жауаптары мен тапсырмаларды орындау сапасына қарай қалыптастырушы бағалау жүргізіледі.
Үй тапсырмасы
109-жаттығу.